5 Дабыл түстері және электр қауіпсіздігі белгілері
Дабылды жарықпен немесе дыбыспен орындайды. Сигнализацию выполняют световой или звуковой. Жарық дабылы үшін МЕСТ 12.2.007.0-75 сәйкес түстер пайдаланылады.
Қызыл – тыйым салатын және авариялық дабылдар үшін, сонымен бірге артық күшті, дұрыс емес іс-әрекетті, қауіпті, берілген бөліктің электр қондырғыларына және т. б. қауіпті кернеу берілгені туралы ескерту үшін.
Сары – көңілді аудару үшін (шекті мәнге жеткені, автоматты жұмысқа ауысу және т.б.туралы).
Жасыл – қауіпсіздік дабылы үшін (дұрыс жұмыс режімі, істі бастауға рұқсат, электр қондырғының кернеуін алу туралы және т.б.).
Ақ – ажыратқыштың қосулы жағдайын белгілеу үшін.
Көк – арнайы жағдайларда, басқа түстер қолдануға мүмкін болмаған жағдайда.
Дабыл шамдары және басқа да жарық дабылды аппраттар белгілер немесе дабылдардың мағынасын көрсететін жазулар болуы керек (мысалы, «ҚОСУЛЫ», «АЖЫРАТУЛЫ»).
Қоңырау немесе шырыл және қызыл шам әдетте электр қондырғыларда қауіпті кернеудің пайда болуы туралы ескертеді.
Сонымен бірге сымдардың оқшаулағыштарының айрықша бояуы қолданылады.
Қара (күңгірт қоңыр)- күштік тізбектер.
Қызыл (қызғылт – сары, қызғылт) – басқару, дабыл, жергілікті жарықтандыру, ауыспалы ток тізбектері.
Жасыл-сары (жасыл) – жерлендіру тізбегі.
Электр қондырғыларды қосуды орындайтын басқару органдары (қара, сұр немесе ақ түс). Бұл кезде электр қондырғылардың басқару органдарында жазу болуы керек (қосу, ажырату, тежеу және т.б.).
Электр жарақатынан сақтандыру үшін қауіпсіздік белгілерін, сонымен бірге ескертетін плакаттарын қолданады.
Сипаттамасы бойынша плакаттар тұрақты және алып жүретін болуы мүмкін.
Тұрақты плакаттар жұқа маталардан жасалады.
Алып жүретін, әдетте құрылыс жұмыстарын жүргізгенде пайдаланылатын плакаттарды оқшаулағыш немесе нашар өткізгіш материалдардан (пластикалық материалдар, фанера, қалың картон және т.б.).
Плакаттардың негізгі мәнісі:
- кернеуде болатын бөліктерге жақындаған кезде қауіпті ескерту;
- жұмыс үшін бөлінген жерге кернеу беруі мүмкін аспаптармен жұмыс істеуге тыйым салу;
- жұмыс істейтін жерді көрсету;
- қауіпсіздік шараларын қолданғаны туралы ескерту.
«Электр қондырғылардағы пайдаланылатын қорғаныс құралдарын қолдану және сынау ережелеріне» сәйкес белгілер мен плакаттар төрт топқа бөлінеді: алдын-ала сақтандыратын белгілер мен плакаттар, сонымен бірге тыйым салатын, рұқсат ететін және құлағдар ететін плакаттар. Электр қондырғылар үшін қауіпсіздік плакаттары мен белгілері 1-суретте келтірілген.
Плакаттар мен жазулар - кернеуде болатын ток жүретін бөліктерге абайсызда жанасуды ескерту ғана емес, қызметкердің қате іс - әрекетінің алдын алу, жұмысқа дайындалған орындарды жұмыс істеушілерге көрсету, қондырғының кернеудегі берілген бөлігін қосуға қолданылған қауіпсіздік шаралары мен тыйым салу үшін де ең бір керекті құрал.
Дабыл түстерін және электр қауіпсіздігі белгілерін пайдалану мен олардың талаптарын орындау көліктегі және құрылыстағы электр жарақаттарын азайтуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |