Бақылау сұрақтары.
1. Жұмыс технологиясының жетіспеушілігіне байланысты электр тогымен зақымдану қауіптілігінің себептері?
2. Жұмыстың қиын жағдайына байланысты электр тогымен зақымдану қаупінің себептері?
3. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жетіспеушілігіне байланысты электр тогымен зақымдану қаупінің себептері?
3 дәріс. Электр тогымен адамның зақымдану дәрежесіне әсер ететін факторлар
Жоспар:
1) Ток күші.
2) Адам денесінің кедергісі.
3) Токтың әсер ету ұзақтығы.
4) Электр тогының тегі және жиілігі.
5) Адамның физиологиялық жағдайы.
6) Адам денесі арқылы токтың жолы.
7) Сыртқы ортаның жағдайы. Электр тогымен адамдардың зақымдану қаупінің дәрежесі бойынша бөлмелердің өндірістік жіктелімі.
8) Оқшауланған және жерленген бейтарапты желілерде ток жүретін бөліктерге жанасудың қауіптілігі. Кернеу қадамының қауіптілігі.
1 Ток күші
Адам денесі арқылы өтетін электр тогы организмнің жалпы тітіркенуін тудырады, оның түрі Ток күшіне тәуелді. Сәйкес тітіркенуді тудыратын токтың өте аз мәні бастапқы деп аталады (3.1 кестені қара). Адам 0,6 ... 1,5 мА деңгейде 50 … 60 Гц жиіліктегі ауыспалы токтың әсерін сезе бастайды, бұл – сезілетін бастапқы ток, ол кезде қол саусақтарының жеңіл дірілі байқалады. Бастапқы жібермейтін ток қолдың бұлшық еттерінің тырысып қысқаруының пайда болуымен сипатталады, онда сым қысулы, адам өзін-өзі басқару қабілеттілігінен айрылады және өз бетімен босай алмайды. Бастапқы фибрилляциялық ток кезінде жүректің фибрилляциясы басталады-ретсіз, бейберекет, жүрек бұлшық еттерінің талшықтарының қысқаруы байқалады. Жүректің біртұтастай қысқаруы тоқтап «насос» тәрізді қан айдау қызметі қабілетін жоғалтады, қан айналу тоқтап жүрек әлсірейді де тоқтайды.
5 А көп ток, әдетте фибрилляция тудырмайды, жүрек дереу токтап, дем алу да тоқтайды.
3.1 кесте - Токтың бастапқы мәні
Бастапқы ток
|
Ток күші, мА.
|
50 … 60 Гц жиіліктегі ауыспалы
|
Тұрақты
|
Сізілетін
Жібермейтін
Фибрилляциялық
|
0,6 … 1,5
10 … 15
80 … 100
|
5 …7
50 … 80
100 …300
|
Достарыңызбен бөлісу: |