Бақылау сұрақтары.
1. Электр жарақаты деген не?
2. Аз, нақты көрсетілген ... В - тан көп кернеу?
3. Электр қауіпсіздігі бойынша белгілер мен плакаттар неше топқа
бөлінеді?
2 дәріс. Адам ағзасына токтың әсері
Жоспар:
1) Электр тогымен соғудың пайда болу жағдайлары.
2) Электр тогымен соғудың пайда болуының себеп-салдарларының
байланысы.
3) Қауіпсіздік түрі бойынша электр жарақатының таралуын талдау.
4) Электр жарақатының негізгі себептері.
5) Электр тогымен адамды соғудың ерекшеліктері.
6) Электр тогының адамға әсер ету түрлері.
1 Электр тогымен соғудың пайда болу жағдайлары
Электр жарақаттары адам денесінен электр тогы өткен кезде немесе электр тогының доғасына түскенде пайда болады.
Іс жүзінде электр жарақатының пайда болу жағдайы – кернеудегі ток жүретін бөліктерге (жалаңаш сымдарға, шам патрондарының қысқышына және т.б.) жанасу; оқшаулағыштары жыртылғанда кернеуде болған электр жүйелерінің құрастырмалық бөліктеріне және электр жабдықтарына жанасу (мысалы, корпусқа түйіскен электр қозғалтқыштың корпусына жанасқанда және т.б.); жерге түйіскен орынға жақын болу (мысалы, жерге құлап түскен немесе жерге жанасатын үзілген сымға жақын болу); кездейсоқ кернеуде болған металл бұйымдарға жанасу (мысалы, кернеу пайда болған ваннаға немесе ғимараттың сулы қабырғасына) болып табылады.
2 Электр тогымен соғудың пайда болуының себеп - салдарларының байланысы
Электр тогымен зақымдану бір қатар оқиғалар бірге болған кезде мүмкін, соның ішінде қауіп көзінің пайда болуы, қызмет көрсететін қызметкерлердің осы көздің әсер аймағында болуы. Қызмет көрсететін жұмыскерлердің қауіп көзінің аймағында болуы кездейсоқтық немесе негізсіз тәуекелдік немесе абайсыздағы қателік болуы мүмкін.
Электр жарақаттарын ескерту үшін электр тогымен зақымдану қаупінің пайда болу себеп-салдарларын анықтау маңызды. Электр жарақатының пайда болуына тікелей немесе жанама әсер ететін келесі факторлардың төрт тобын айқын көрсетуге болады:
- электр қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нұсқауларды бұзу;
- қиын (ауыр) жұмыс жағдайлары;
- жұмыстардың технологиясы мен ұйымдастырудың жеткіліксіздігі (бұзылуы);
- қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық құралдардың және құрастырмалық шешімдердің жеткіліксіздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |