3 Қауіпсіздік түрі бойынша электр жарақатының таралуын талдау
Өндірісте электр тогымен зақымдану себебі бойынша өндірістік жарақат жарақаттар түрлерінің ішінен алдыңғы орындардың бірін алады және жылжымалы құрамдардың адамдарды басуымен парапар.
Адамның электр тогымен зақымдануы электр доғасынан және басқа бірқатар қауіптерден болуы мүмкін.
2.1– кестеде қауіптілік түрі бойынша теміржол көлігінің жұмыскерлерінің электр жарақатымен зақымдануын талдау нәтижесі келтірілген.
2.1 кесте – Қауіптілік түрі бойынша 1000 В дейінгі электр жарақатын бөлу
Р.б.
№
|
Қауіптілік түрі
|
Электр жарақаттарының үлесі, %
|
1
|
Ток жүретін бөліктерге адамның тікелей жанасуы
|
70,3
|
2
|
Метал заттар арқылы ток жүретін бөліктерге жанасу
|
18,8
|
3
|
Электр доғасымен зақымдану
|
5,7
|
4
|
Жұмыс істеушілерге кернеудің берілуі
|
2,7
|
5
|
Қауіптің басқа түрлері (с.і.жерге тогысқан орынға жақын болу)
|
2,5
|
Барлығы
|
100
|
4 Электр жарақатының негізгі себептері
Электр жарақатын талдау нәтижесінде оның негізгі себептері болып табылатындар:
-электр қауіпсіздігі ережесінен жұмыскерлердің мәліметсіздігі;
- ЕҚЕ, ТПЕ, ТҚЕ ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын орындауда тұрақты бақылаудың жоқтығы;
- байқаусызда жанасудан электр қондырғылардың ток жүретін бөліктерінің қанағаттанарлықсыз қоршалуы;
- қауіпсіздік ережелерін сақтамай кернеудің астында жұмыс істеу;
- қауіпсіздік ережелерін сақтамай кернеуде болатын жоғарыдағы сымдарға жақын жүк көтеретін және құрылыс машиналарының жұмыс істеуі;
- электр жабдықтарының корпустарын сенімді жерлендірудің жоқтығы;
- жұмысты орындаудың қолайлы жағдайын жасауда бақылаудың жоқтығы;
- жұмыс орнындағы қанағаттанарлықсыз және дер кезіндегі емес нұсқау;
- 18 жастан кіші тұлғаны электр қондырғыларда жұмыс істеуге рұқсат ету;
- дәрігерлік қарама - қайшылық;
- еңбек тәртібін бұзу;
- электр шаруашылығына және т.б. жауапты тұлғаның жоқтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |