2.3 Пластикалар арқылы банктік жүйедегі есеп айырысу мәселесінің дамуы
Елде төлем карталарының банкаралық жүйесін еңгізу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шаралар қолданып жатыр. Осы мақсатпен 2000 жылы Ұлттық Банк «Процессингтік рталық » ЖАҚ бекітті. Оның акционарлері Ұлттық Банк және 10 коммерциялық банктер болып табылады. Олардың әрқайсысы 10 млн. теңге еңгізуге міндетті болды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жүйесіндегі әлемдегі ең қуатты болып табылатын Base -241 Tandem, MSPOpen Way модуліне 138 млн. теңге сомасында төледі.Бұл жүйені әлемдегі еқ ірі банктер және банкаралық процессингтік орталықтар қолданады. « Процессингтік орталық » ЖАҚ акционерлері техникалық және тарифтік саясатты анықтайды, сол арқылы карталық жабдықты сатып алуға, қызмет етуіне және бағдарламалық қамтамасыз етуге кететін шығындарды азайтады. Процессингтік орталықтың иеленушілер бөлігі келесі түрде бөлінеді: Ұлттық Банк – 68%, «Қазақстан Халық Банкі »АҚ - 19% және басқа банктер – 13%.
Осылайша біріңғай процессингтік орталық 728 млн.теңге көлеміндегі активтерді иеленеді, бұл техникалық және тәжірибелік база бірінші тәжірибелік қадамдарға жеткілікті. Елдегі пластикалық карталарды қолдану арқылы қолма-қолсыз төлемдер жүйесін жетілдіру мақсатында 2002 жылдың 2-маусымында №713-қаулыны «Микропроцессорлық төлем карталарын қолдану арқылы ұлттық банкаралық жүйені дамыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының үкіметі бекітті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының негізгі бағдарламасында 2003-2011 жылдар аралығында оны еңгізуге ерекще көңіл бөлді. Бұл жүйе пластикалық карталар арқылы еңбекақыны, зейнетақыны және басқа да жал төлемдері, тауар және қызмет үшін әртүрлі төлемдер, кеден және салық органдарының жинау төлемдерін оптимизациялау, медициналық қызметтерінің есептері сияқтытапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. [18,19]
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүйені еңгізуді қарастырады.Жүйе келесі мақсатта құрылады:
Халықтағы қолма-қол ақша массасын қолма-қолсыз айналымға еңгізу;
Халыққа қызмет көрсету бойынша, сауда қызметтік кәсіпорындарға қызмет көрсету бойынша, біріңғай төлем кеңістігін құру;
Ақша ағымына мемлекеттік бақылауды нығайту;
Көлеңкелі қолма-қол ақша айналымын төмендету және жанама салықтар бойынша жинауды қамтамасыз ету;
Әртүрлі төлем жүйесіндегі ақпараттық технологияларды еңгізуді қамтамасыз ету.
Жүйенің негізгі қатысушылары банктер, сауда және қызмет орындары, төлем карталарын ұстаушылар болып табылады.
Қазақстанда қолма-қолсыз есеп айырысу нысаны жақында жақсы дами бастады. Бұл жаңа істің алғашқысы болып ТМД елдерінде алғашқыларының бірі Республикамызда бірінші өз пластикалық карталарын шығарған “Әлем Банк” табылады. Нәтижесінде банктің барлығына белгілі қиындықтарға байланысты бұл жоба әрі қарай өз дамуын таппады және бұл банктік қызметтің саласы біраз уақыт Қазақстан банктерін қызықтырмады. Ал қазіргі уақытта банктер бұл салада көптеген толық қызметтер түрін ұсынады.
Пластикалық карталардың дамуында Қазақстанның екі ірі банкі қызығушылық туғызып отыр: “Қазақстан Халық Банкі” АҚ және “Казкоммерцбанк” АҚ.
Бүгінгі таңда платикалық карталарды ұстаушылардың негізгі массасы Алматы қаласында болып отыр, себебі мұнда ірі капитал қалыптасқан.
Картаны иеленушілер санының күрт өсуіне Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің қаулысы мүмкіндік туғызды. Осы қаулыға сәйкес мемлекеттік бюджет балансында орналасқан (Министрліктерге, бір орынға қарайтын мекемелер, мемлекеттік жоғары оқу орындарына) барлық мекемелерге “Қазақстан Халық Банкі” АҚ-ның ALTYN төлем жүйесі арқылы қызмет көрсетуге көшуге ұсынылды. Пластикалық карталарға көшуде мемлекеттік жоғарғы оқу орындар алғашқылардың бірі болды. Студенттер банктердегі арнайы шоттарда өз степендияларын ала бастады. Пластикалық карталарды беру және дайындаумен байланысты бұл шоттарды ашу үшін төлемдер мен шығындар Қазақстан Республикасының Министрлігіне тапсырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстандықтардың өмірлеріне нарықтық төлем құралдарын еңгізу туралы өтініштер айтылды. Студенттерде осы жаңа еңгізілген нарыққа оң қатынас қалыптасты және барлық адамдар да бұл карталарды алу тілегін тудыру үшін жасалған.
ISIC (International Student Identity Card) – бұл студенттердің халықаралық идентификациялы картасы. ISIC 1968 жылы барлық саяхаттанушы студенттерге көмек ретінде құрылды. ISIC студенттің дәрежесін растаушы, барлық әлемде танылған жалғыз карта болып табылады. Оның халықаралық қолдаудың маңызды символы ЮНЕСКО-мен танылған және дәләлденген карта. 30 млннан жоғары студенттер ISIC ұстаушылары болды және бүгін 96 елдегі 2,5 млн. студент көліктерде, әртүрлі мәдени, спорттық, көңіл көтеру мекемелерінде жеңілдіктерді қолданады. Дүние жүзінде ISIC картасы бойынша 17 мыңнан жоғары жеңілдіктер есептеледі және оның саны күннен-күнге өсуде. [18,19]
1997 жылы Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен “Жібек жолы ұйымы” ЖШҚ ISIC Ассосиациясының шығару кеңсесі атағын иеленді және Қазақстанның студент жастары арасында берілген картаны таратуға эксклюзивті құқығын алды. Дүние жүзінде Қазақстан Республикасы ISIC картасы таралатын 96- ел болып табылады.
2000 жылы “Қазақстан Халық Банкі” АҚ, “Жібек жолы ұйымы” ЖШҚ және ISIC ассосиациясы Cirrus/Maestro – ISIC біріккен ко-брендингтік картаны шығару туралы үш жақты келісім шартқа қол қойды. Мұндай жобалар тек Чехияда және Эстонияда бар. Банк-эмитент “өзінің” ұстаушысына қолма - қол ақшаны беру кезіндегі есеп айырысу сызбасын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |