Юнион Кард
0,25%
Банк-эмитент
Қолма-қол
ақшаны
беру бекеті
Қолма-қол = 100% 100% + комиссиондық б.-э.
Картаны
ұстаушы
2-ші сурет
Банк – эмитент “өзінің” карта ұстаушысына қолма-қол ақшаны беру кезіндегі есеп айырысу нысаны.
“Қазақстан Халық Банкі” АҚ Cirrus/Maestro – ISIC картасын шығаратын әлемдегі үшінші банк.
Cirrus/Maestro – ISIC картасының артықшылықтары:
Cirrus/Maestro – ISIC картасы төлем карта болып табылады. Бұл картамен степендияны алу үшін және тауар мен қызметтерді төлеу үшін қолдана аласыз (дүниедегі 13 млн. сауда және қызмет кәсіпорындарында), сонымен қатар кол-қол ақшаны ке-келген уақытта алуға болады: Cirrus/Maestro логлтипі бар банкоматтарда немесе банк филиалдарында алуға болады (әлем бойынша 307 мың банкоматтардан);
Cirrus/Maestro – ISIC картасын студенттік билет ретінде қолдануға болады;
ISIC логотипі бар барлық жерде тауарлар мен қызметтерге дисконтты жеңілдіктерді алуға болады. Қазақстанда ISIC карта бойынша жеңілдіктерді ұсынатын 50-ден астам кәсіпорын бар. Оларға медициналық орталықтар, боулингтік орталықтар, кафелер, түнгі клубтар және авиакомпаниялар жатады.
ISIC таралған кез-келген елде көмек желісімен (Help Line) байланысып, құқықтық және медициналық көмек алуға болады. Көмек желісі тәулік бойынша жұмыс істейді және операторлар 4 тілде (ағылшын, неміс, француз, испан) жауап бере алады.
ISIC Connet арнайы жүйе желісі студенттерге телефон қоңырауларын 137 елден 85 пайыз жеңілдіктермен төмен тариф бойынша, сонымен қатар телефакс, дауыстық пошта жәшігін және ақысыз электрондық поштаны қолдануға мүмкіндік береді.
Cirrus/Maestro – ISIC картасының мерзімі әдеттегі төлем картасына қарағанда 16 айды құрайды (ағымдағы жылдың қыркүйегінен келесі жылдың желтоқсанына дейін). Қызмет ету мерзімі картаның оң жағында көрсетіледі (айы және жылы).
Картшот клиент қалауы бойынша АҚШ долларында немесе теңгеде жүргізіледі. Карта бойынша тауарлар мен қызметтерді төлегенде және қолма-қол ақшаны алғанда операциялар сомасы картшот валютасына Euro pay/ Master Card немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйесінің бағамы бойынша конверттеледі. Картшот бойынша қосымша карта рәсімделмейді.
Эквайринг (Acquiring) – төлем карта көмегімен жасалатын операциялар бойынша сауда және қызмет кәсіпорныдарымен есеп айырысуымен жүзеге асыруын қосатын қызмет.
Көптеген банк клиенттері үшін төлем карталар күнделікті өмірдің айырылмайтын бір бөлігі болып табылады. Төлем карталардың ұстаушылар саны күннен күнге өсуде – бүгін 800 мыңнан астам адам есептеліп отыр. Төлем карта ұстаушылардың көбі сауда және қызмет кәсіпорындарының белсенді клиенттері болып табылады, ал әлуетті клиенттер клиенттер барлық 800 мыңы біздің азаматтар болып табылады. Қазір төлем картаның мүмкіндіктерін толық қолдану тенденциясы қарастырылып отыр – банкоматтан және кассадан қолма-қол ақшаны алумен қатар, сауда және қызмет кез-келген кәсіпорындарында карта көмегімен тауарға немесе көрсетілген қызметке төлеуге болады.
Біздің Республикамыздағы шетел қонақтарында төлем карталардың көптеген түрлерін барлық картаны қызмет көрсетуге қабылдайтын мүмкіндігі бар сауда және қызмет кәсіпорындарында қолданады.
Қазіргі уақытта сауда және қызмет 700 кәсіпорынға жуық “Қазақстан Халық Банкінің” ААҚ қызмет көрсету желісіне кіреді: VISA, Euro Card/Master Card, Diners Club, JCB, ALTYN төлем картасын төлеуге қабылдайды және бұл желі жыл сайын толықтырылып отыр.
Карта бойынша қызмет көрсету кәсіпорынға қосымша пайда әкеледі:
Тауар және қызмет орындау көлемі жоғарылайды (кәсііпорын тәжірибесі 7-20% жоғарылағандығын көрсетіп отыр);
Бұл қызмет сауда кәсіпорындарын қымбат сатып алуды жүзеге асыратын қалталы клиенттер қызықтырады, себебі олар кәсіпорын мәртебесін жоғарылатады. [20]
Қазақстан Республикасында көптеген банктер төлем карталарын шығарады, ол карта ұстаушылар өсіміне әсер етеді. Төем карталарын қолданатын клиенттер саны үздіксіз өсіп келеді, сондықтан карта көмегімен сатып алынатын тауар мен қызмет саны жоғарылауда. Қолма-қол ақшамен жұмыс бойынша шығында азайып жатыр. “Қазақстан Халық Банкі” АҚ картаны төлемге қабылдайтын тауар мен қызмет кәсіпорынның тегін жарнамасын жүзеге асырады (БАҚ арқылы банк клиенттері үшін парақтар, буклеттер).
Карталармен жиі сауда, туризм, көлік кәсіпорындар және банктер жұмыс істейді.
Сауда. Супермаркеттер, азық-түлік және аспаздық дүкендер, киім және аяқ киім дүкендері, парфюм, тұрмыстық, аудио және видео техника, жиһаз салоны, әшекей дүкендері, автосалонда, құрылыс және шаруашылық тауарлары, сату көрмелері.
Туризм. Мейрамханалар, барлар, кафелер, клубтар, ойынханалар, конақ үйлер, санаториялар, демалыс үйлері, туристік және авиаагенттіктері.
Қызметтер. Авто жуу, байланыс қызметтері, медициналық мекемелер, сән салондары, сақтандыру қызметтері, фото қызметтері.
Көлік.Билет кассалары.
Банктер.Карта бойынша қолма-қол ақшаларды береді.
Карта көмегімен тауар және қызмет сату келесідей жүргізіледі:
Клиент төлем үшін өз картасын ұсынады.
Сауда немесе қызмет кәсіпорынның кассирі карта бойынша операцияларды жүргізу үшін банктің рұқсатын сұрайды.
Банк клиент карт шотындағы берілген соманың бар болуын тексереді және оперцияны жүргізуге келісім береді.
Рұқсат алғаннан кейін кассир операцияны рәсімдейді және клиентке тауар береді.
Банк ақшаны клиент карт шотынан кәсіпорын шотына аударады.
Сатып алушы карт шотындағы ақшаны растау барлық іс-әрекет Банкке сұраныс жіберуден рұқсат келісіміне және чекті қағаз бетіне шығаруға дейін 20-дан 40 секундқа дейінгі уақытты алады.Сатып алушыға тауарды беру ғана қалады.
Кәсіпорын қалауы бойынша банк механикалық импринтерлер (бұл жағдайда банк операцияларды телефон бойынша жүргізуге рұқсат береді) немесе электронды POS-терминалдар операцияларды жүргізуге рұқсат, мұнда тек телефон желісі қажет.
Құрылғылар кәсіпорынға Банк және кәсіпорын арасындағы келісімшарт мерзіміне тегін қолдануға беріледі немесе кәсіпорын меншігіне беріледі.
Банк өз қаражатына сауда және қызмет кәсіпорындарын жарнамалық және шығын материталымен (жабыстырма, слиптер, есеп беру нысандары, нұсқаулар) қамтамасыз етеді, карта ұстаушыларға қызмет көрсету бойынша қызметкерлерді оқытады.
Банк кәсіпорынның қызметкерлері ауысқан кезде оқытуды жүргізеді немесе кәсіпорынның қолайлы уақытында басшылардың өтінішімен оқыту жүргізілетіні туралы айта кеткен жөн. Кез келген уақытта банк төлем картамен қызмет көрсетуге келісімшарты бар барлық кәсіпорындарға телефон бойынша кеңестер береді, ал жұмыс уақытында кәсіпорынның сауда және қызмет орындарына қызметкерлерді жібереді.
Барлық кәсіпорындарға жүргізілген операциялар бойынша хабарламалар олардың қалауы бойынша – күнде, жұма сайын немесе ай сайын беріліді.
Банкоматтарды қролдану (немесе Automatic Teller Machine, АТМ) банктер клиентке өз шотымен оған қолайлы уақытта және кез келген жерде қолданудың бірінші мүмкіндігі болды. Қазір «банк-клиент» жүйесі белсенді дамып келе жатыр.
Жалпы жағдайда банкомат келесі типтік қаржылық операцияларды жүзеге асыратын құрылғыларды ұсынады:
Кез келген шоттан (ағымдағы, жедел және несие картасы бойынша қосымша шоттар) қолма қол ақшаны беру;
Ағымдағы, жедел және тағы басқа шоттарға салымдарды қабылдау;
Ағымдағы шоттан жедел шотқа және керісінше жедел шоттан ағымдағы шотқа ақша аударымдары;
Төлемдер: ағымдағы немесе жедел шоттардан шығару, салынған төлемдер;
Банкоматтарды қолдану көптеген инвестицияларды талап етеді, сондықтан оны тек ірі банктер қолданады. Бір банкоматқа қолданылатын пластикалық карталардың санын банкоматтарды қолданудың тиімді бағасының көрсеткішті болып табылады. Англияда және АҚШ – тағы белгілі банкоматтар үшін бұл көрсеткіш 2-4 мың карта банкоматты құрайды. Сонымен қатар әр бір банкомат орташа алғанда жұмысына 1000 рет немесе күніне 150 рет қолданылады. Көп жағдайда көшеде тұрған банкоматтар (67%) қолайлы болып келеді, ал 24% жағдайда банкоматтар банк мекемелерінде орналастырылады.
Әдетте банкоматтар келесілерден тұрады:
Арнайы компьютер;
Монитор немесе арнайы табло
Перне тақтамасы (сандық және құрылымдық);
Жүргізілген операциялар туралы квитанцияны беру үшін арнайы «тар» принтерден;
Әр түрлі наминалдағы ақша бірлігінің қоймасы және берілген картамен шоттың дұрыстығын тексеретін арнайы механизмдер;
Сонымен қатар, компьютерлік желіге жалғау үшін, барлық блоктар мен телекоммуникациялық құрылғыларды басқару үшін арнайы құрал қажет.
Банкоматтардың жұмыс істеу режимі. [20]
Банкоматтар екі режимде жұмыс істей алады: off line және on line. Оff line режимінде жұмыс істегенде банкоматтар нақты уақыт режимінде орталықтандырылған банктік жүйемен байланысты емес және олар тәуелсіз түрде жұмыс істейді (кейінде қалдырылған режимі орындалады). Осы режимде жұмыс істейтін банкоматтар жүргізілген операциялар бойынша ақпараттарды өз жадысында және пластикалық картаның арнайы магниттік жолағына бекітеді (жазады). Оff line режиміндегі жұмыс істейтің банкоматпен банктің арнайы қызметкер кассирі жұмыс істейді. Ол банкоматты қолма-қол ақшамен толтырады, сонымен қатар банкомат жадысы мерзімі өткен төлемдер, шоттар, жоғалған карталар және тағы басқалар туралы мәліметтер еңгізеді. Қазіргі заманға сай жүйелерде мұндай ақпараттар банкоматтың арнайы байланыс сиянысында банктың орталықтанған мәліметтер базасымен байланысты коммутириялануы немесе бөлінуі бойынша банкоматқа белгілі бір уақытта салынады.
Банкоматтың келесі жұмыс істеу режимі - on line. Бұл жағдайда банкоматтар банктік жүйемен әр түрлі хаттама қолдану арқылы арнайы бөлінген телефон желісі бойынша тікелей байланысты (жиі Х.25 пакетті мәліметтерді беру хаттама қолданылады). Егер банкомат осы режимде жұмыс істесе, онда ол клиентке шоттың ағымдағы жағдайы туралы анықтама бере алады. Берілген режимде банкоматтарды қолдану сенімді телекоммуникациялық ортаны және БЖ маңызды есептейтің ресурстардың болуын талап етеді. Бұл жағдайда БЖ on line режимінде банкомат желісімен жұмыс істейтін мүмкіндікті қарастырылуы тиіс.
Банкомат желісінің құрылу тәсілдері.
Банкоматтарды қолданғанда телекоммуникациялық орталарды ұйымдастырудың 2 нұсқаны біреуін таңтау қажет:
Меншікті банкоматтар желісін қолдану.
Бірнеше банкоматтармен қолданылатын істегі желі эксплуатациясының бөліктік бастамасына қатысу.
Банк меншікті желілерді қолданған кезде осы желіні және ұсынылатын қызметтерді толық бақылайды. Мұндағы жетіспеушілік, желіні құруға және эксплуатациялауға кететін шығындар болып табылады. Банкоматтарды қолдану арқылы телекоммуникациялық ортаны құру тәжірибесі банктерге жалпы банкоматтар желісін құру және жұмыс істеп тұрған желілерді біріктіру қолайлы екендігін көрсетеді. Оның нәтижесі несие карталарын стандарттау болып табылады, Бұдан банкте, клиентте өз мақсаттарына жетеді.
Internet және «банк-клиент» жүйелер сияқты банкпен байланысатын аластатылған құралдардың дамуына қарамастан, банкоматтар бұл салада маңызды рөль атқарады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жиырма екінші деңгейлі банкке және « Қазпошта » АҚ-на төлем карталарын шығаруға лицензия берді, оның ішінде он бес банк нақты төлем карталарын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер локалды жүйенің келесі төлем карталарын шығарады: Altin Card- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ; Smart Alem Card- «Тұран Әлем Банкі» АҚ; Каспийский – «Каспийский Банкі» АҚ; Қазақстан Сити Банкінің локалды картасы – «Қазақстан Сити Банкі»; Цесна Банктің локалды картасы-«Цесна Банк» АҚ және Kaz Card- «Қазпошта» АҚ.Сонымен қатар Қазақстан банктері халықаралық жүйелердің төлем карталарын шығарады. Оларға: VISA International, Euro Pay International, American Express International және Diners Club International.
Төлем карталар нарығының негізгі көрсеткіштерін қарастырайық:
6-кесте
Төлем карталар нарығының негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
01.05.12
|
01.05.13
|
Айналымдағы карталар көлемі (мың бірл.),соның ішінде:
|
2624,9
|
3541,8
|
-локалды жүйелер
|
329,4
|
411,2
|
-халықаралық жүйелер, соның ішінде:
|
2295,6
|
3130,6
|
VISA International
|
1845,8
|
2493,2
|
Europay International
|
449,4
|
636,9
|
Картаны ұстаушылар саны (1000 адам), соның ішінде:
|
2511,5
|
3369,9
|
-локалды жүйелер
|
319,5
|
378,5
|
-халықаралық жүйелер, соның ішінде:
|
2192,0
|
2991,5
|
VISA International
|
1748,0
|
2367,5
|
Europay International
|
443,7
|
623,7
|
Қолданылған карталар саны (мың бірл.), соның ішінде:
|
1252,3
|
260,9
|
-локалды жүйелер
|
133,1
|
165,4
|
-халықаралық жүйелер, соның ішінде:
|
1119,2
|
1895,5
|
VISA International
|
895,9
|
1526,0
|
Europay International
|
223,2
|
369,3
|
POS- терминалдар саны (дана), соның ішінде:
|
4629
|
8271
|
Сауда кәсіпорындарында
|
2999
|
6387
|
Банктерде
|
1630
|
1884
|
Импринтерлер саны (дана), соның ішінде:
|
1450
|
1413
|
Сауда кәсіпорындарында
|
716
|
712
|
Банктерде
|
734
|
701
|
Банкоматтар саны (дана)
|
1330
|
1849
|
Сауда кәсіпорындарының көлемі (бірл.)
|
2116
|
4093
|
Карт-шоттағы орташа айлық қалдықтары (млн.тг.)
|
38551,9
|
48009,2
|
*Дерек көзі: Аль Пари, № 3-4, 2011 жыл
Берілген мәліметтер бойынша 2013 жылдың 1-ші мамырында жағдайда банктер 3,54 млн. төлем карталарын шығарған, ал ұстаушылар саны – 3,37 млн.адамды құрап тұр.Халықаралық төлем карталары ең кен таралған карталар болып табылады. Ол 88,4 пайызды құрайды, локалдық жүйенің карталары – 11,6 пайызды құрайды. 2013 жылдың 1-ші мамырында бұл қатынас 87,5 пайызды және 12,5 пайызды сәйкесінше құрады.
Банкоматтарды ең алғаш бірнеше коммерциялық банктер 1997 жылы енгізген еді. Бүгінгі таңда көптеген коммерциялық банктердің меншікті банкоматтары бар. 2013 жылдың мамырында Қазақстанда 1849 банкомат қызмет етті, өткен жылмен салыстырғанды ол 39 пайызға өсті.2011 жылдың мамырынан 8271 POS-терминал қызмет етті.
Қазақстан аумағы бойынша төлем карталарын қолдану динамикасын қарастырайық:
7-кесте
Қазақстан аумағы бойынша төлем карталарын қолдану динамикасы
Көрсеткіштер
|
01.05.13
|
Айналымдағы төлем карталарының саны (мың бірл.)
|
Карталар ұстаушылар саны (мың адам)
|
Қолданылған төлем карталар саны (мың бірл.)
|
Барлығы, соның ішінде:
|
3535,6
|
3352,5
|
2057,9
|
Ақмола обл.
|
122,6
|
117,8
|
81,6
|
Ақтөбе обл.
|
211,6
|
206,5
|
120,4
|
Алматы обл.
|
102,6
|
97,7
|
62,2
|
Атырау обл.
|
172,3
|
163,6
|
95,9
|
Шығыс-Қазақстан обл.
|
310,4
|
296,9
|
205,9
|
Жамбыл обл.
|
171,1
|
166,8
|
108,4
|
Батыс – Қазақстан обл.
|
114,1
|
108,8
|
64,9
|
Қарағанды обл.
|
472,7
|
450,7
|
229,8
|
Қостанай обл.
|
118,8
|
113,7
|
76,2
|
Қызылорда обл.
|
110,0
|
106,9
|
67,0
|
Маңғыстау обл.
|
181,9
|
160,7
|
104,5
|
Павлодар обл.
|
233,3
|
223,9
|
148,3
|
Солтүстік-Қазақстан обл.
|
92,9
|
89,0
|
69,5
|
Оңтүстік-Қазақстан обл.
|
211,0
|
202,0
|
104,0
|
Алматы қ.
|
662,3
|
613,2
|
385,3
|
Астана қ.
|
247,9
|
234,1
|
143,9
|
*Дерек көзі: Аль Пари, № 3-4, 2013 жыл
Бұл кестеден ел бойынша төлем карталардың дамуы біркелкі еместігін көруге болады. Төлем карталардың көбі Алматы қаласында шығарылған -662,3 мың бірлік, екінші орынды Қарағанды облысы – 472,7 мың бірлікті, ал үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысы – 310,4 мың бірлікті иеленіп отыр. Төлем карталарды ең аз шығарған аймақ Солтүстік Қазақстан Облысы- 92,9 мың бірлік болып отыр. Яғни, Алматы қаласында шығарылатын карталар көлемінің 14 пайызын құрайды.
Төлем карталарының қызмет етуін техникалық қамтамасыз етуін талдайық:
8-кесте
Төлем карталарының қызмет етуін техникалық қамтамасыз ету
Көрсеткіштер
|
01.05.13
|
POS-терминалдар саны (дана)
|
Импринтерлер саны (дана)
|
Банкоматтар саны (дана)
|
Сауда кәсіпорындарының саны (бірл.)
|
Барлығы, соның ішінде:
|
8271
|
1413
|
1849
|
4093
|
Ақмола обл.
|
274
|
25
|
52
|
149
|
Ақтөбе обл.
|
384
|
25
|
93
|
232
|
Алматы обл.
|
112
|
6
|
48
|
31
|
Атырау обл.
|
338
|
63
|
115
|
153
|
Шығыс-Қазақстан обл.
|
671
|
111
|
154
|
344
|
Жамбыл обл.
|
193
|
29
|
68
|
88
|
Батыс – Қазақстан обл.
|
274
|
31
|
71
|
114
|
Қарағанды обл.
|
747
|
95
|
219
|
354
|
Қостанай обл.
|
293
|
32
|
74
|
127
|
Қызылорда обл.
|
108
|
15
|
42
|
71
|
Маңғыстау обл.
|
279
|
40
|
119
|
172
|
Павлодар обл.
|
375
|
17
|
105
|
159
|
Солтүстік-Қазақстан обл.
|
205
|
5
|
50
|
100
|
Оңтүстік-Қазақстан обл.
|
372
|
63
|
99
|
161
|
Алматы қ.
|
2743
|
729
|
384
|
1320
|
Астана қ.
|
903
|
127
|
156
|
518
|
*Дерек көзі: Аль Пари, № 3-4, 2013 жыл
Мұнда карталарды шығаруға және қолдануға көптеген факторлар әсер етеді, солардың қатарына аумақты техникалық қамтамасыз ету жатады. POS-терминалдардың (2743), банкоматтардың (384) және жабдықталған сауда кәсіпорындарының (1320) көп бөлігі Алматы қаласында орналасқан. Сондықтан картаны ұстаушылар (613,2 мың адам) және қолданушылардың (385,3 мың бірл.) негізгі бөлігі осы жерде. Екінші орында Астана қаласы, ал Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облыстары техникалық жабдықтау бойынша бірдей жағдайда деуге болады.
Төлем карталарын қолдану арқылы транзакциялар көрсеткіштерін қарастырайық:
Төлем карталарын қолдану арқылы транзакциялар көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Сәуір
|
Қолма-қолсыз төлемдер
|
Қолма-қол ақшаны беру операциялары
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |