"электрондық ақшалар"


Пластикалық карталар арқылы жұмыс кезінде прогрессивті нысандар мен әдістерді еңгізу



бет15/18
Дата24.02.2022
өлшемі1.18 Mb.
#455738
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Қазақстан Республикасындағы пластикалық карталардың нарығы

3.2 Пластикалық карталар арқылы жұмыс кезінде прогрессивті нысандар мен әдістерді еңгізу
Internet желісі экспоненциялды түрде дамап келе жатыр. Дүниежүзілік өрмектің (World Wide Web WWW) пайда болуы мен таралуы бұл желінің дамуына түрткі болды. Ол Internet –ті бір киберкеңістікке айналдырды. Желі жалпыға бірдей массалық ақпараттық қызмет көрсету жүйесіне айналды.
Желімен интерактивтік сипатта араласу, әсіресе WWW жарнаманы орналастыру дәстүрлі түсімдердің ішінен тыс кіріс көзін кеңейтуге итермеледі.
Батыста дистанционды сауда қызметтері пайда болды. Мұнда ұсынылатың тауарлармен танысуға болады, олардың суреттерін компьютер экранына көріп, сайкес экран түрін толтырып тауарға тапсырыс беруге болады. Көп уақыт өтпесе де мұндай қызметерді тауарды дистанционды түрде төлеу құралдарымен толықтырды. Алғаш желіде әдеттегі пластикалық карталар арқылы, кейін Internet үшін арнайы өңделген есеп айырысу механизімдері еңгізілді.
Осы кезде іске банктер қосылды. Желі үшін электрондық есеп айырысу қауіпсіз құралдарды өңдеуге ақшалар құйылды, бұл жүргізуші компьютерлік ұйымдардың назарын аудартты. Батыстың кейбір банктері Internet –ке толық бағытталған есеп айырысу қызметтерін құра бастады. Тіпті бірнеше «вертуалды банктер» пайда болды, оларды қызмет ету негізінен Internet арқылы жүргізіледі.
Қазақстандағы жағдай нашар неуге болады. Internet арқылы электронды есеп айырысу жүйелері жоқ. Интерактивті қызметтер негізінен бағалы қағаздар нарығандағы кейбір операциялармен шектелген. Біздін банктер негізінен WWW – ды өзі туралы ақпарттарды орналастыру үшін қолданады. Бұған қарамастан, біздің банктар WWW – де бар (тіпті дүниежүзілік каталоктарға еңгізілген). Мұндай электронды есеп айырысуды алатын болсақ, бұл салада нормативтік – құқықтық базаны болмағандығына оның дамуы тежеліп тұр.
Internet – ті қолдану банкке беретін негізгі мүмкіндіктерге тоқталайық. Бұл жерде Internet желісі банк жұмысының, яғни клиентпен қарым қатынастан бастап басқа банктермен ақпарат алмасуға дейіңгі әртүрлі салаларында қолданылады:

  • Кез-келген қаржы ұйымы үшін Internet –тегі жұмысының алғашқы кезеңі әдетте жарнамалық және басқа да ақпараттарды жария ету үшін

World Wide Web – ті қолданады. Бүгін 300-ге жуық қаржылық ұйымдар WWW – ді жарнама құралы ретінде қолданады.

  • Екінші кезең – клиенттер банкке баөалық қол жеткізуді ұсыну.Клиенттер оларға қатысты қаржылық қатынастарды қарастыруға мүмкіндік алады, бірақ онымен ештеңе істей алмайды.

  • Үшінші кезең – клиентпен интерактивті қарым-қатынас. Осындай қарым-қатынасқа байланысты клиент қаржылық ақпараттарға қол жеткізумен қатар ақпараттарға түзетулер енгізіп, әр-түрлі есеп айырысуларды жүргізе алады. Internet базасында мұндай жүйелерді жүзеге асыру «Банк- клиент» сияқты арнайы жүйелердің орнын басуы мүмкін немесе оның қызметтерінің бір бөлігін өзіне алады.Батыста «виртуалды» банктер деп аталатын бірнеше мысалдары бар, олардың филиалдары болмаса да Internet арқылы барлық жұмыстарын жүргізеді.

  • Жұмыстың тағы бір бағыты ол - банк аралық ақпараттық жүйелерді құру.

Банк үшін әртүрлі қаржылық ақпараттарды алу мүмкіндігі маңызды болып табылады. Оған әртүрлі ақпараттар, яғни жарнама, жаңалықтар, ақпараттық архивтер жатады.
Internet нақты уақыттәртіптемесіндегі қаржылық ақпараттарды тарату ртасы сияқты тұтынушыға келесі артықшылықтарды береді:

  • Стандарттардың өңдемегендігі және анықтылығы. Қызметті құру үшін сенімді техникалық құралдардың бар болуы.

  • Байланыс каналдарының арзандылығы.

  • Қол жеткізушілік.

  • Қолданушының қосымша шығынсыз кез-келген нүктеден ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігі.

Сонымен қатар қаржылық ақпараттардың таралу ортасы ретінде Internet – ті кең қолданылуын шектейтін факторлар тізімі бар. Internet – ті қолданғанда пайда болатын мәселелерді және оларды шешу мүмкіндіктерін қарастырайық:

  • Электрондық төлемдер стандарттары және рұқсат етілмеген кірістен мәліметтерді қорғау стандарттарының анықсыздығы.(жақында қажетті стандарттарды бекітуді күтуге болады.)

  • Желіге салмақтың көп түсуі, өнімділік серверінің жоғарғы талаптарға қажеттілігі және мәліметтердің алмасуына байланысты арна байланыстарының өткізу қабілеттілігі .(бұл мәселе жалпы тағайындалған Internet арналары шекарасында белгіленген өткізу жасағын қолдану жолымен шешіледі)

  • Ақпараттарды стандартты кіру құралдарымен әр түрлі өңдеу мүмкіндіктерінің шектеулері.(бұл мәселелерді шешудің бірнеше мәселелері бар). Олардың біреуі дүние жүзінде кең таралған және Internet стандартын қолданатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді жазуларда және келесісі Sun Microsystems ұйымымен өңделген арнайы Internet ортасында қолдану үшін Java бағдарламалау тілін қолданумен байланысты.

Глобалды байланысты қолдану әсіресе Internet қаржылық ақпараттарды тарату каналы ретінде – тәуекел жағдай, мұндай жобаларды өңдегенде жаңа мәселелердің бірнеше қатары туады. Мысалы: бұрыннан қалған жүйелерге қалай кіруге болады және қауіпсісдік сұрақтарын қалай шешуге болады деген сияқты мәселелер кез келген жерде клиентке бір мәліметтер базасына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Банктің клиентке WWW – серверілген ұсынылатын негізгі мүмкіндіктер арасында ағымдағы шот туралы ақпараттарды алу туралы, депозиттермен және басқа да қызметтердің өзара қатынасы туралы ақпараттарды алу мүмкіндіктерді айта кеткен жөн. Ал ақша аударымдарының орындалуына қатысты айтсақ, біздің елде мұндай тапсырмаларды жүзеге асыру үшін уақыт қажет. Мұндай тапсырмаларды жүзеге асырған кезде қауіпсіздік сұрағы оңай емес, бірақ шетел банктерінің тәсілдемелері маңызды қызығушылықты туғызып отыр. [23]
Қазіргі уақытта Internet арқылы үйге көрсетілген банктік қызметтер виртуалды жеке желілерге (ВЖЖ) сүйенеді. ВЖЖ көмегі арқылы ұйымдар Internet – ті желі ретінде және бағдарламаны қарауды интерфейс ретінде қолданады.
ВЖЖ жабық шешімдер базаланатынына байланысты қорғанудың жоғарғы дәрежесіне ие, бірақ желі шегінде олардың өзара қатынасының мүмкіндіктері шектеулі. Web технологиясы бастапқыда ақпараттарды қорғау мақсаттарын да қбілетсіз болды. Сол уақытта қорғалған ортаға көшуде мәселені қиындата түсті.
Төлем қызметінің екінші тәсілінің қажетті даму шарты ашық желілерде электронды транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар серверді рұқсат етілмеген кірістен қорғау. Жақында Internet – те корпоративті желіні қорғау үшін Sun Microsystems компаниясының SKIP (Simplekey managmentgor Internet Protocol) және төлем операцияларын шифрлеу үшін VISA және Master Card компанияларының SET (Secure Electronic Transactions) сияқты өңделген стандарттары Internet арқылы төлемдерді сенімді және қауіпсіз жүзеге асыру үшін техникалық базаларды дайындайды.
Бүгін инженерлік қолдау тобымен Internet – тегі IPSec (Internet Protocol Secuirity) қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарына стандарттар ұсынылады.
Internet банк жұмысында қажетті әр түрлі қаржылық ақпараттардың бай көзі болып табылады. Internet – ті қаржылық ресурстарын келесі топтарға болуге болады:

  • Әр түрлі ұстамдар туралы ақпараттар.

  • Нарық тәртібіне әсер ететін соңғы жаңалықтар, сондықтан қаржылық институттарға қызығушылық туғызады.

  • Қаржылық, құқықтық және басқа ақпараттардың архивтері. Олар қаржылық анализ үшін қолданылуы мүмкін. Мысалы: сұрыптаулар, валюта бағамдары, ұйымның қызметі туралы ақпараттар, заңнамалар және тағы басқа.

  • Нақты уақыт тәртіпнемесін қарау үшін оперативті қаржылық ақпараттар. (әртүрлі қаржылық құралдар бойынша биржалық және биржалық емес сұрыптаулар). Осы топтардың әр қайсысын бөліп қарастырайық:

Internet арқылы ұйымдар, биржалар, брюкерлер келісімшарттар және тағы басқалар туралы ақпараттар алуға болады.Компаниялар туралы басқа маңызды ақпараттар көзі ұқсас қызметтерге арнайландырылған үкіметтік және комерциялық құрылымдар қызмет етеді.
Money & Business серверінің бөлімінде берілген ұйымының Fortune жарналы АҚШ алдағы ұйымы бойынша өзінің мәліметтер қол жеткізуге ұсынады.
Ұйымдар туралы ақпараттардың өте пайдалы көзі EDGAR (Electronic Data Gathering and Retrival) жобасы болып табылады. Американдық корпарациялардың ірі және орташа электрондық файлдары бар АҚШ – ң бағалы қағаздарының мәліметтер базасы комиссиялар.
Мұндай сервер ұйымының соңғы файлдарын ұсынумен қатар оларды өңдеп соңғы қолданушы үшін қажетті ақпараттарды алады. Кейбір қазақстандық қаржылық ұйымдардың клиенттерге және серіктесвтіктерге қызығушылық туғызатын ұйымдар туралы ақпараттар енгізілетін меншікті серверлері бар.
Жалпы алғанда, қаржы серверлері қызметтерінің түрлері келесі топтарға бөлуге болады:

  1. Әлемдік биржалардың және нарықтардың мәліметтері, ұлттық валюталардың сұрыптауларыжәне банк пайыздарының мөлшерлемелері. Мәліметтер бірнеше секундтан 15 минутқа дейіе кешігіп келеді.

  2. Кәсіби сарапшылардың басиапқы ақпараттарды өңдеу нәтижелері. Marcet Scope аналитикалық шолу, саладағы инвестициялардың және Zacks бөлек ұйымдарының тиімді талдаулары, S & P Stak Guide-тен ұйым туралы анықтамалық ақпарат, Vickers-ң сауда баяндамалары және тағы басқалары.

  3. Виртуалды қоржынды құру. Ол акцияны қолдану үшін қызықты виртуалды қоржынды құру. Қоржынмен опенрация жасағанда ақпаратты алу процессін жеделдетуге және автоматтандыруұа мүмкіндік береді. Виртуалды қоржын инвестордың нақты жіне мүмкін болатын акциясының жиынтығын көрсете алады. Келесі сатыда бұл жүйе нарықтаұы акцияларда болып жатқан өзгерістерді автоматты түрде бақылайтын және ол туралы иесіне хабарлап отырады.

  4. Қосымша қызметтер өзіне ірі ақпараттық агенттерден теметикалық жаналықтарды қосады. Мысалы: Reuters, Business Wire, PR Newswire және басқалары. Онда соңғы хабарламалардың тақырыптарын көруге болады және белгілі бір тақырып немесе компания бойынша барлық жаңалықтарды сұрауға болады. Жаңалықтар мен виртуалдық қоржынды біріктіру өте ыңғайлы. Бұл жағдайда виртуалды қоржындағы акциялар туралы айтылған барлық жаңалықтарды инвестор алады.

Арнайы қаржылық ақпарат қызмет көрсететін компанияларға Inter Quote, Quote Com, PC Quote және басқалары жатады.
Кейде интернеттің стандарттық құралдары, әсіресе WWW ақпараттық жүйе қызметінің жабдықтаушыларын қанағаттандырмайды. Мұндай жағдайда арнайы серверлік және клиенттік бағдарламалық қамтамасыз ету өңделеді. Олар ТСР/ІР және мәліметтерді берудің стандартты арналарын қолданады, бірақ меншікті қолданушылық интерфейсін ұсынады және аналитикалық құралдардың жиынтығын береді. (Reuters)
Жалпы коммерциялық қолдану үшін тегін ақпарат қолайлы емес, әсірісе қаржылық салада, себебі тұрақсыз негізінде және ақпараттық сенімді және тура болуына ешқандай кепілдіксіз ұсынылады. Әлемде кең таралған ақылық тәсілмен ақпараттарға қол жеткізу-жазылу болып табылады. Қолданушы абонентік ақны төлейді және нақты бір мерзімде белгілі бір ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады. Кейде қолданушы қажетті ақпараттарды алғаннан кейін төлемді орындау тиімді болып саналады.
Осылайша, интернет технологиясы арқылы қаржылық ақпараттарды алудың қуатты кәсіби құралдарының интеграциясы туралы айтуға болады.
Банктік саладағы жана технологиялардың артықшылықтарын алғашқы желілік банктің Security First Network Bank (SFNB) мысалынан көруге болады. Бұл банк құрылғанын шамалы уақыт өтсе де оның иелігінде барлық Құрама Штаттар бойынша 10000-нан астам клиентті құрайды. Банктің бір ғана филиалы бар, оның өзі киберкеңестіктегі құрылған банктердің қызметін реттеу үшін ешқандай қаулылары жоқ болғандықтан операцияларды қадағалау бойынша Комитет (АҚШ-ғы банк қызметін бақылайтын ұйым) бұйрығымен құрылған. Банк қызметін интернет қолданушылар үшін бағытталған, себебі оның саны 10 млн-нан астам адамды құрайды. [23]
Атлантадағы компанияның компьютерлік орталығында Unix-тен Hew lett-Pascard серверлері бар. (ақпараттық серверлер, қауіпсіздік серверлері және мәліметтер базасының серверлері). Компьютерлік орталықтың серверлері 10 Base-TCP\IP- желісімен біріктірілген. Компания желіні 1000 Мбит/с модернизациялауұа кірісті. Желіні қорұау үшін фильтірлеу маршрутизаторы арқылы 2 шығындық Т-1 арналары бойынша глобалдық желіге шығуға болады. Клиенттер банкке World Wide Web желісі арқылы хабарласа алады. (http://www. Sfnb.com).
Ал басқа мысалға-Sharles Schwab компаниясын келтіруге болады. 3,5 млн. клиент және 2 млрд. доллар активі бар-интернетті өз қарамағына алған ірі инвесторлық фирмалардың бірі.
Өткен жылдың мамыр айында Schwab клиенттер үшін Интернет арқылы WWW желісін ашты. Ақпараттарға қол жеткізудің басқа да әдістері бар: Street Smart деп аталатын жабық бағдарлама көмегімен АК базасындағы бөлімдер және брокерлік операциялар.
Бүгін АК арқылы жүргізілетін операциялардың көлемі компанияның келісім шарт жалпы көлемінің 15% құрайды. Сонымен қатар, Интернет қызметтері Schwab шотында 5000 доллардан артық ақшасы бар клиенттер үшін ұсынылады. Интернет арқылы жүзеге асырылатын қызметтердің төлемдері кәдімгі комиссиондық төлемдерден әлдеқайда төмен.
Smart City Box – қолма- қолсыз есеп айырысу жүйесін қарастырайық. Бұл жүйеде клиенттік төлем карталары ретінде PCOS смарт карталары қолданылады.(Payment Chip Operating System) Gem Plus ұйымының шығарылымы. Смарт карталар CMS – те шығарылады (электрондық арнайыландыру). Арнайыландыру кезінде картаға клиент шоты туралы аңпарат жазылады және басңа мәліметтер жазылады. Осы операциядан кейін смарт- карта иесіне қайтарылады.
Смарт картамен жасалатын алғашқы операция клиент өз ДСН- кодын таңдаған кезде басталады. Осыдан кейін клиенттің банктік шотынан картаға аударып, сауда орындарда сатып алуда жүзеге асыруға болады. Смарт карта жоғалған жағдайда айналымнан шығарылып, оның нөмірі жедел тізімге енгізіледі. «Жедел тізім» смарт картамен жұмыс істейтін әрбір құралда бар: BTT, POS. Есеп жедел тізімдегі нөмірі бар карта құралға салынған жағдайда – құрал смарт картаны жояды. Жойылған смарт карталар сату терминалдарында төлем жасау үшін қабылданбайды. Бұл карталар операционистердің банктік терминалдарында танылмайды.
Smart City Box – те клиенттік смарт карталардан басқа қызметтік смарт карталар қолданылады.
Транзакция карталары- сату терминалында жасалған сатып алу бойынша мәліметтерде банкке беру үшін арналған. «Жедел» тізім картасы (алынған карталардың тізімі) CMS- тен POS термин алға жедел тізімді аударуға арналған.
Кілттер картасы – құпия кодтардың картасы (кілттердің) – смарт- карталармен жұмыс істеуге қажетті құпия кодтар мен кілттерді POS және ВТТ құралдарына қауіпсіз енгізу үшін арналған.
Smart City Box жүйесіндегі әрбір смарт картада бір электрондық әмиян болады. Ол үшін параметрлер анықталады, оның бір бөлігі жүйені алғаш ретқұрғанда беріледі және ол бөлек карталар үшін өзгермейді. Параметрлердің келесі бөлігі әртүрлі клиенттер және смарт-карталар үшін ауысуы мүмкін. [24]
Әрбір смарт – карта үшін әмиян балансының максималды мәнін анықтауға болады. Смарт – картаны несиелендіру әмиянға максималды деп белгіленген сомадан асатын болса, банктік терминал смарт – картаның максималды балансынан асатын қатені береді.Смарт – картаның максималды балансы әрбір нақты карта үшін анықталуы мүмкін. Картаның басқа параметрі – несиелендірудің күндізгі шегі. Берілген параметрде клиент бір күн ішінде өз картасына аудара алатын максималды соманы анықтайды. Клиент белгілі- бір соманы өзінің смарт – картасына есептеген кезде карта осы сомаға күндізгі несиелендіру санаушының ағымдағы мәнін жоғарылатады. Егер берілген санаушының мәні күндізгі несиелендіру шегінен мәнінен асқан жағдайда, банктік терминал күндізгі несиелендіру шегінен асып кету қатесі туралы хабарлама береді және транзакциядан бас тартады.
Smart City Box жүйесінде картадан шығынның соммалық шегі қолданылады. Мұндағы сомаға шағын сатып алуда құпия кодты ұсынбай ақ жүзеге асыруға болады. Шығынның соммалық шегі енгізілген кезде сатып алуға кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Жүйеде эмитенттің толықтырушы қосымшалар үшін смарт – картадағы еркін файлдарды құруға болады. Ақпаратты оқу және жазу үшін файлдарға қол жеткізуді Smart City PIN pad API бағдарламасының интерфейсі арқылы жүзеге асыруға болады.
Клиенттердің смарт – карталарын графикалық арнайыландыру үшін Smart City Box жүйесінде Data Card Quick Works Image 3 карталарында түрлі түсті қағаз бетіне шығару жүйесі қолданылады. Ол тапсырыс берушінің тілегі бойынша беріледі. Әрбір картаға ISO стандартына сәйкес келетін нөмір енгізіледі, яғни иесінің аты-жөні, түрлі-түсті суреті, картаның қызмет ету мерзімі және тағы басқа қажетті ақпараттар жатады.
Картадағы қағаз бетіне шығару стансасы арнайы компьютерден, сандық бейнетаспадан немесе түсті сканерден, суретті өңдеу бейнелік төлем және картадағы қағаз бетіне шығару үшін қажетті принтерлерден тұрады. ODBC интерфейсі арқылы қағаз бетіне шығару жүйесі клиенттер туралы ақпараттарды алу үшін CMS мәліметтер базасына тікелей кіре алады. Карталарды шығару процесін жылдамдату үшін параллелді түрде бірнеше принтерлерді қосуға болады. Принтер аралас карталарды шығару үшін (микропроцессор және магниттік жолақ) пластикалық карталарды магниттік жолағы үшін кодталатын құралы мен қамтамасыз етілуі мүмкін. Кез-келген қаржылық жүйенің маңызды сипаттамасы оның қауәпсіздік жүйесі болып саналады. Смарт – карталар магниттік жолағы бар карталармен салыстырғанда жоғары қауіпсіздік дәрежесіне иеленеді. Магниттік жолағы бар карталардан мәліметтерді еркін түрде көшірілуі мүмкін. Смарт –сити жүйесінде карталар қауіпсіздік құрылымының негізгісі болып табылмайды. Жүйенің барлық картаны шығаруда транзакцияны жинауға дейіңгі және олардың түпнұсқа екендігін текскруге дейіңгі үдерісті енгізілген қорғаныс жүйесін иеленеді. Төменде жүйенің қауіпсіздігінің негізгі құраушылары көрсетілген: Gemplus фирмасының PCOS смарт –карталар қорғалған транзакцияны орындау үшін қаржылық салада қолдану мақсатында өңделген. [25,26,27,28,]
Несиелендіру, дебеттеу және электрондық қолтаңба функциялары картаның операциондық жүйесіне енгізілген. Жүйе он-лайн және офф-лайн режимінде таралатын ұрланған және жоғалған карталарды «жедел» тізіміне қолдау көрсетіледі. Карта дербес сәйкестендірілген нөмірмен (ДСН қорғалған).Оны карта ұстаушы таңдайды және смарт-карталармен жасалатын кез – келген операцияларды жүргізу үшін қажетті құпия кодтардың жиынтығын да клиент өзі таңдайды.
Жүйе функцияларына қол жеткізудің бөліну жүйесі және барлық маңызды функциялар бойынша бақылау жорналдарын жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет