"электрондық ақшалар"


ҚАРЖЫЛЫҚ НАРЫҚТАҒЫ ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТАЛАР НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ



бет2/18
Дата24.02.2022
өлшемі1.18 Mb.
#455738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Қазақстан Республикасындағы пластикалық карталардың нарығы

1 ҚАРЖЫЛЫҚ НАРЫҚТАҒЫ ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТАЛАР НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ



    1. Пластикалық карталардың төлем құралы ретінде даму тарихы

Төлем карталарының шығу тарихы ерте заманнан басталады. Карта жүйелердің дамуы туралы XX ғасырдан бастап айтуға болады. Алғашқы карталар - тұрақты клиенттердің карталарын – дүкендер 1914 жылы бере бастады. Қазіргі үлгідегі карта 1928 жылы Farrington Manufacturing компаниясының металликалық тік бұрышты пластинкаларының шығуынан бастап шықты. Қазіргі уақытқа дейін карталық салада тиімді қолданылатын банктік есептердің жүйесі алғаш рет 1946 жылы Нью-Йоркте құрылды. Банк клиенттері Нью-Йорк дүкендеріне бір тиынсыз келіп, көптеген тауарлар алып кететін. Сатып алған тауарлар орнына клиент қолхат беріп отырды, ол банкке жіберілді, содан кейін клиенттің жеке шотынан алынып дүкен шығындары ақшалай төленді. Мұндай қызметке Штаттардың кейбір ауқатты азаматтары қол жеткізді.
Несиелік карта идеясын алғашқы болып Эдуард Беллами (Edward Bellamy) “2000-1887 өткен шаққа көзқарас” (Looking Backwards: 2000-1887) кітабында ұсынды, ал несиелік карталарды практикалық енгізудің алғашқы әрекеттері АҚШ - та 1920 жылдары жасалды. Картондық карталар ұзақ мерзімді болған жоқ, сондықтан он жыл өткеннен кейін алғашқы металликалық карталар пайда бола бастады, одан кейін өрнек салынған пластикалық карталар пайда болды. Олардың қызметтерін символдардың өрнектерін қолдану арқылы және картадағы ақпаратты алдында шығарылған чектерге ауыстыру арқылы жартылай автоматтауға болды.
Карталық жүйелердің дамуындағы кезекті, негізгі маңызды серпіліс Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Ұлы депрессияны жеңген Біріккен штаттар өздерінің экономикалық потенциалдарын белсенді көтере бастады. Автомобиль индрустриясын дамыту американдықтардың өмірлерін қала орталықтарынан қала маңына көшіру арқылы өзгертті. Одан кейін авиатасулардың күрт өсуі байқалды. Саяхатшылар теміржол, көл және өзен көліктеріне қарағанда ұшақтарға көбірек міне бастады. Осы күнге дейін американдықтар дүниедегі ең жанданған елдердің бірі болып табылады. Жандану банктік секторда да байқалды. Бұл жандануға Bank of America қатысты. [1,2]
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында банкте карталарды шығару бойынша жоспарлар жасалды. Western Union, General Petroleum, Mobil, Shell бағдарламаларының жетістіктерінен кейін Ұлы депрессия мұндай бағдарламаларды тоқтатты. Енді, ел алдында жарқын болашақ ашылған кезде көптеген компаниялар бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды шешті.
Бір күні нью-йорктік бизнесмен Фрэнк МакНамара өзінің әріптестерімен бірге манхэттен мейрамханасында кешкі асты ішіп отырды. Шотты төлеу уақыты келген кезде мистер Фрэнктің өзімен бірге ақшасы болмағаны, басқа пиджагының қалтасында қалып қойғаны анықталды. Оған өзінің әйеліне телефон соғуға тура келді, әйелі ресторанға келіп, ақшаны алып келді. Жағдай түзетілді, бірақ Фрэнк Мак Намараның беделі түсті. Басқа ешкімнің мұндай жағдайға түсіп қалмауы үшін ол барлық күшін салды және 1950 жылы Америкадағы барлар мен мейрамханаларда шоттарды төлеуге арналған Digers Club картасын жасады. Бұл жүйе өте қарапайым болды: клиент сусын ішетін немесе тамақ ішетін барлық мекемелерге картасын көрсетеді және жұмсалған сомма оның шотына жазылады. Айдың аяғында карта иесі барлық шығындарын жабады. Бұл бағдарламаға автокөліктерді жалдау бойынша фирмалар, қонақ үйлер және басқа компаниялар да қосылды. Digers Club төлем картасы алғашқы төлем картасы болды. Бұл уақытқа дейін карталарды жеке компаниялар немесе жеке банктер шығарды, түрлі қажеттіліктер үшін бірыңғай төлем жүйесін құру идеясы пайда болған жоқ. Сегіз жылдан кейін American Express жүйесі іске қосылды. Ол Digers Club - тың жолын қуып төлем карталарының нарығында лидер болды.
Бір ерекшелікті байқау керек. Flatbush National Bank картасын санамағанда барлық жүйелер тауарлар мен қызметтерді жеңілдетуге арналды. Олар банктік жүйе болмады, өйткені не несие беруді, не процеттерді төлеуді болжамады. Жүйелер қолданушыға әмиянын жеңілдетуге арналды. Ал Flatbush National Bank каралары олар жайында айтатындай емес (олар Нью-Йорктің бірнеше кварталдарында әрекет етті), локалды кәсіпорындар болды.
Алғашқыда Bank of America төлем жүйелерінің басталған жарыстарына қатыспады. Банк басынан қиын кездерін өткізді және басшылық ақшаны жаңа құмарлықтарға жұмсамай, американдық түпкірлік үшін күрестің кезекті раундын жалғастырды. Банк барлық елде филиалдарын ашуды жалғастырды. Және бұл соңында маңызды рөл атқарды. [1,2]
Қазіргі несиелік картаға жақын картаны жасаудың алғашқы әрекеттері National Franklin Bank of long Island 1951 жылы жасалды. Шығарылған карталар қазіргіге ұқсас, олардың нөмірі және иесінің аты болды. Бұл клиенттерді авторландыруды өндіруге және жұмыста жасанды карталарды қолданбауға мүмкіндік берді. Барлық операциялар телефон бойынша іске асырылды және бірнеше минутты алды. Картаны қолдану үшін ешқандай ақы алынбады, банк транзакция бойынша пайыздарда ақы алды. Бұл ой көпшілікке сәтті болып көрінді, ал төрт жылдан өткеннен кейін жүздей банк мұндай бағдарламаларға қатысты.
1958 жылы American Expess фирмасы “байлар үшін карталар” несиелік картасын шығарды және сол жылы банк әлеміне енді. Бірінші эмитент BankAmericard карталарын шығара бастаған Сан-Францискодан Bank of America банкі болды. Алпысыншы жылдардың ортасына дейін BankAmericard жүйесі банк қызметінің бұл саласында монополист болды, келісімшарт негізінде өзінің қызметтерін ұсынды. Сондықтан АҚШ-тың барлық банктері жеке несиелік карталарын шығара бастады. Банктер нәтижесінде шығын шығарған жүз миллион долларға шығындалған нағыз хаос басталды. Бірақ бірте-бірте екі орталық қалыптасты: кең таралған атауы бар Visa жүйесіне ауысқан Bank of America жүйесі және MasterCard атауын алған банк бірлестігі. Хаосты жеңуде есептеу техникасының және бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің өсуі байқалды.
Алпысыншы жылдары магниттік жолағы бар пластикалық карталар пайда болды, мұндай карталардың қызмет көрсетуіне арналған инттеллектуалдық электрондық терминалдар құрылды. Одан кейін ақшалар мен тиындар беретін банкоматтар пайда болды. Бұл құрылғылардың ыңғайлылығы оларға клиенттер тартыла бастады, рельефті мөрсіз арнайы банктік картаның шығуына әкелді, мысалы Visa Electron банкоматтарда қызмет көрсетуге және Visa Plus сауда терминалдарында қызмет көрсетуге шығарылды.
Жетпісінші жылдары пластикалық картаның негізінде төлем жүйелері Еуропа одақтарында және Жапония елдерінде пайда болды, одан кейін бүкіл әлемге тарады, сексенінші жылдардың соңында Кеңес одағына да енді.
Географиялық экспансия технологияның дамуына байланысты. Сексенінші жылдары картада түрлі-түсті суреттер мен мәтіндер, сонымен қатар ақ-қара түсті суреттер басуға болатын құрылғы шығарылды, тоқсаныншы жылдары картада түрлі-түсті суреттер мен географиялық бейнелер салына бастады және қол мен саусақтың қолтаңбаларын анықтайтын сканерлер пайда болды. [1,2]
1974 жылы Франция журналисті Ролан Морено микросхемасы бар пластикалық картаның идеясын ұсынды және өз шығармасын насихаттау үшін Innovatron фирмасын құрды. Франция Үкіметінің қолдау көрсетуімен смарт-картаны шығару соңғы он жылдықта Францияның фирмаларында пайда болды.
Шығыс Америкада қасиеті бойынша уақытында бағаланбаған шығарма басқа елдерде де болды. Пластикалық карта базасында кез келген жүйенің негізгі қасиеті – оның қауіпсіздігі. Ал тпластикалық карталар арқылы төлеу күнделікті іске айналды. Visa және Mastercard ірі компанияларының магнитті несиелік және дебеттік карта үшін операцияның 6 % жалпы құнынан 5,5 құрайды. Мұндай шығындардың басты себебі қолдан жасалуына және картаны ұрлауға байланысты болды. Смарт-карта қаскүнемдердің жолында жеңілмейтін барьерді құрайды.. Сондықтан магнитті жолағы мен микросхемасы бар (CarteBleu ұлттық жүйесі) карталар Францияда бірнеше жыл шығарылады.
Орталық Еуропаның елдерінің ішінде алғашқы халықаралық картaлар 1991 жылы Венгрияда пайда болды. Бұл елдердің тұрғындары Europay International Visa International жүйелерінің карталарын алды.
Дипломдық жұмысымда қолданылған негізгі ұғымдар:
Авторизация – карта иесінің құқықтарын операция кезінде тауарлар мен қызметтердің төлемін жүзеге асыру рұқсаты. Автоматталған режимде авторизация мен чекті шығару POS-терминалды қолдану арқылы іске асады. Операцияны сәтті өткізгенде чек екі данада шығарылады (1-сі - қызмет көрсету пункті үшін, 2-сі – карта иесі үшін). Операцияны өткізуден бас тартқан жағдайда POS-терминалдың дисплейнде тиісті хабарландыру көрінеді және чек шығарылмайды.
Картаның күшін жою – картаны жарамсыз деп тану.
Банкомат – қолма-қол ақшаны беруге және қабылдауға арналған электрондық бағдарламалық-техникалық комплекс, банктік карталарды қолдану арқылы операциялар жүргізу, шот бойынша ақпарат беру, ақшасыз төлемдерді іске асыру және т.б.
Эмитент-банкі – картаны шығару құқығы бар және осы картаны шығарған банк.
Картаны оқшаулау – банктің картаның қызметін тоқтататын немесе қысқартатын шараларды қабылдауы.
Карт-шот – төлем карталарын қолдану арқылы жүзеге асырылған операциялар жасалатын ағымдағы шот.
Карталық операция – тауарлар мен қызметтерді төлеу, қолма-қол ақшаларды алу, валюта айырбастау, сондай-ақ Банк анықтайтын және Банк талаптары негізінде картаны пайдалану арқылы жасалатын басқа да операциялар.
ДСН-коды – Дербес сәйкестендірмелік нөмір, 4 жасырын сандық код, электрондық құрылғы арқылы операцияны өткізу кезінде карта иесін идентификациялау үшін қолданылады.
POS-терминал («POS» - ағылсынша қысқартылған сөз – «Point of sale» -сауда сервистік пункті) – авторизацияны автоматтандыру және операция бойынша төлем құжаттарын ресімдеу үшін авторизация мақсатында қолданылатын электрондық құрылғы.
Төлем карталарының жүйесі – төлем карталарының аталған жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес карта пайдалана отырып, бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттандырудың және ұйымдастыру-техникалық шаралардың жиынтығы.
Карта эмбоссирі – картаның бетіне идентификациялық жазулар салу.
Банктік карталардың эмиссиясы – банктік карталарды шығару, шоттарды ашу және клиенттерге есептік-кассалық қызмет көрсету бойынша қызмет.
Эмитент – екінші деңгейлі банк немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын, карта шығаруға құқығы бар ұйым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет