осы сегiз түрлi проблема шеңберiнде жүргiзiлп отырғаны бүгінде толығымен айқындалып
отыр.
2. М.Әуезов танымындағы абайтанудың 8 бағыттары мен мазмұны
Алдымен қолға алған зерттеу нысанасының өзектi мәселесi:
2.1. Абайдың ғылыми өмiрбаянын табиғи қалпына келтiру арқылы ұлы туындысы
«Абай жолы» эпопеясына өмiрбаяндық деректер негiзiн арқау етiп өру жолын ұстанды.
Абай мұрасын танып бағалау жолында ақын мұрасының саяси әлеуметтiк болмысын ашу үшiн
де өмiрбаяндық деректерсiз қадам басу қиын болатынды. Абай өмiрбаянын ғылыми тұрғыдан
бастапқы қалпына келтiрудiң маңызы елеулi буын болып саналғандықтан, биограф жыл өткен
сайын Абайдың ғылыми өмiрбаянын соны дерек мағлұмат көздерiмен толықтырып қайта қайта
жаңғыртып жазуды алдына арнайы мақсат етiп қойды. Бұл белсендi әрекет бiр жағынан Абай
мұрасының сырын тереңдеп тануға бастаса, екiншi жағынан, «Абай жолы» эпопеясын жазу
жолында образдар жүйесiн айқындап, тарихи кейiпкерлердiң бейнесiн тарихи өмiр
шындығымен ұштастыра отырып суреттеуге бастайтын.
2.2. Абай шығармалары мен Абай өмiр баянында ұшырасатын антропонимдер, елдi
мекен жер аттары мен ру, тайпа атаулары, билiк атаулары эпопеяның сюжеттiк желiсiнде
молынан қолданыс тауып отырды. Бұл аталымдардың құрамы Абайдың ғылыми өмiр баяны
жазылған сайын саяси-әлеуметтiк жағдайдың талап тiлектерiне орай екшелiп, өңделiп, жаңа
дерек көздерiмен толысып отырды. Бұл өзгерiстердi М.Әуезов жазған Абай өмiрбаянының 1933
жылы жарияланған тұңғыш басылымы мен 1940 жылы жазылған екiншi нұсқасы мен 1944
жылы жазылған, бiрақ көп жылдар бойы жарияланбай келген нұсқасымен және соңғы рет 1950
жылы жарияланып көп жылдар бойы қайта қайта басылым көрiп келе жатқан соңғы рет
жазылған нұсқасымен қатар қойып салыстыра қарағанда, көп мәселенiң сыры ашылып, не
себептi жазушының Абай өмiр баянын төрт рет қайта жазуының себебi де айқындала түседi.
|