Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Абай өмiрбаянын жазумен ұзақ жылдар бойы айналысумен бiрге Абай



Pdf көрінісі
бет26/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

2.3.Абай өмiрбаянын жазумен ұзақ жылдар бойы айналысумен бiрге Абай 
мұрасының 
текстологиялық 
жағына 
да 
айрықша 
назар 
аударып, 
ақын 
шығармаларының конондық текстiн жасауға ұмтылды. М. Әуезовтiң Абай 
шығармаларының текстологиясы жөнiндегi iзденiстерiнiң мол көрiнiс берген кезеңi, әсiресе, 
1933 жылғы Абайдың тұңғыш толық жинағында анық байқалды. Бұрын соңды Абай 
басылымдарында ұшыраспайтын көптеген өлеңдер мен өлең жолдары тыңнан қосылып 
отырды. Абай басылымдарының басында болған М.Әуезов әр басылым сайын ақын 
шығармаларының текстологиялық қалпын қалыптастырып, тұрақты конондық тексiн 
қалыптастыру жолында толассыз iздендi. Iздену нәтижелерi әр басылым сайын молайып, соны 
жаңалықтар мен тың өлең жолдарымен толығып отырғанын нақтылы мысалмен атап өтер 
болсақ, Абай өлеңдерiнiң саны 148 өлеңнен 230 өлеңге дейiн жеттi яғни Абай өлеңдерiне 
жаңадан 82 өлең немесе 2096 өлең жолы қосылған. Бұл Абай өлеңдерiнiң үштен бiрiндей 
жаңадан қосылған туындылар болды. 
Абай шығармаларының текстологиялық жағынан сапасы артып, өлең жолдарының саны 
молаюмен қатар өлең өрнектерi де жаңғырып өзiнiң табиғи қалпына түсуi, әрине, зор 
iзденiстердiң нәтижесi едi. 
2.4. М.Әуезов Абайдың ақын шығармаларының iшкi қалпын жаңғырту жолында да 
айтарлықтай жетiстiктерге қолы жеттi. Зерттеушi ғалым алдымен Абай өлеңдерiнiң 
«қалың елi қазағының» арасында танылу, таралу жолына көңiл бөле бастады. Абай 
өлеңдерi әу баста бiреуден бiреу жаттап алып, әнге қосып айту арқылы ауызша түрде таралған. 
Кейбiр өлеңдерi осындай ауызша таралу түрiнен баспа сөз бетiне түсу арқылы да насихатталып 
жатты. Ақын туындыларының қолжазба көшiрмелерi түрiнде де таралғаны мәлiм. Көбiнесе
қолжазба көшiрмелер ақын өлеңдерiнiң текстологиялық жағынан түп нұсқа болмысын сақтауда 
орны бөлекше құбылыс болды. Мiне, ақын туындыларының әр қилы жолмен таралып, негiзгi 
құяр арнасы баспасөзде жариялануы шешушi орынға шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет