Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


«Арнау өлеңдердi мен өзiм жинастырып көптеген кiсi аттарын қалпына келтiрдiм»



Pdf көрінісі
бет28/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

«Арнау өлеңдердi мен өзiм жинастырып көптеген кiсi аттарын қалпына келтiрдiм», 
деп Абай өмiрбаянын төрт рет қайта жазып толықтыра түскенде, арнау өлеңдерi арналған кiсi 
аттарын да толығынан анықтап шығады. Осы қолы жеткен тарихи дерек көздерiн, әсiресе, 
«Абай жолы» эпопеясында шеберлiкпен қиыстырып пайдалана бiлгенi Әбсәмет туралы 
Абайдағы: 
Әбсемет жиенiң, 
Ол сенiң бiреуiң, – 
деген өлең жолындағы Әбсеметтi эпопеядағы Әбiш ауырып жатқан кезеңмен байланыстырып 
суреттеуiнен көремiз. Арнау өлең арналған кiсiлердiң бәрi де Абай өмiр баянын жазу мен 
эпопеяны жазуға даярланған тұста толығымен анықталған болатын. 
2.7. М.Әуезов Абай өлеңдерiнiң өрнек үлгiсiн бастапқы табиғи қалпына келтiру 
жолында атқарған iзденiстерi де, ақын шығармаларының текстологиялық жағынан 
жетiлдiру жолындағы iзденiстерi де абайтану тарихында өзiндiк орны бар құбылыс. Бұл 
саладағы алғашқы iзденiстер 1916, 1922 жылдардағы Орынбор, Қазан, Ташкент 
басылымдарында басталса да, жетер шегiне жетпеген едi. Абай басылымдарының 1933, 1940, 
1945, 1957 жылдардағы толық жинақтарын баспаға даярлауға тiкелей атсалысқан М.Әуезов 
Абай өлеңдерiнiң өрнек үлгiсiн толығымен табиғи қалпына келтiре алды. Әрине, бұл үшiн өлең 
табиғатын терең танып бiлумен бiрге, өлең құрылысы туралы теориялық терең танымы да 
қажет едi. Осы ерекшелiк М.Әуезов те толығымен табылды. Абай өлең құрылысындағы өлең 
өрнектерiн қалпына келтiруде алғашқы толық жинақта М.Әуезовтiң өзi де кемшiлiктерге жол 
берiп алды. Бiрақ толассыз iзденiп Абай өлең құрылысының ерекшелiктерiне қаныққан сайын 
ол кемшiлiктерiн жетiлдiрiп отырды. Мысалы, алғашқы толық жинақта өлең өрнегi жағынан өте 
күрделi Абайдың «Қатыны мен Масақбай», «Сен менi не етесiң» өлеңдерiнiң бастапқы табиғи 
қалпын сақтай алмаса, соңғы басылымдарда оны толық табиғи қалпына түсiрiп, 
қалыптастырған әрекетiн көремiз. 
Абай өлең құрылысындағы өлең өрнектерiндегi ерекшелiктi тани алмай зерттеушiлердiң 
қиыншылыққа ұшырауын жиырмасыншы жылдардың абайтанушылар iшiнде атап көрсеткен 
едi. Осы қиыншылықтан да абайтанушы ғалымдарды құтқарған М.Әуезовтiң осы саладағы 
iзденiстерiнiң нәтижесi едi.
Абай шығармаларын текстологиялық жағынан ұзақ жылдар бойы үзiлiссiз зерттеген ғалым 
ақын шығармаларындағы сөз өзгерiстерiн табиғи қалпына келтiру жолында да зор iзденiстер 
жасай бiлдi. Абай өлең жолдарындағы сөздердiң алмасып бөгде мағына алып кеткен тұстарын 
қалпына келтiрдi. Орынсыз кiрiккен бөгде сөздерден арылтып табиғи қалпына салды. Осы 
арқылы жалпы Абай шығармаларының текстологиялық жағынан жетiлдiру жолындағы 
iзденiстерi Абай шығармаларының канондық текстiн қалыптастыра алды деп батыл байлам 
жасай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет