38
Әуезовтiң
айтуынша,
екiншi
орында
мұсылмандық
шығыстың рухани ой
қазыналарының терең iздерi жатқанын да ғылыми тұрғыдан болжай бiлдi. Ал, орыс және
Европалық ой қазыналары Абай дүниетанымының әлемiне үшiншi кезекте яғни Абай
дүниетанымыныңқалыптасып қалған тұсында араласты деген ойды меңзеген болды. Осы
мәселе жайында абайтану саласында кеңестiк идеология үстемдiк еткен тұста бұл саланы
шешушi орынға қойып қарастыруы себептi де пiкiр таластың
ең мол орын тепкен тұсына
айналды.
Осы күрделi мәселеге орай Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайындағы мәселе
бiртiндеп көтерiлсе де, Мәскеудегi Орталық Комитеттiң 1949
жылы қабылдаған
«космополитизм» туралы қаулысынан кейiн бұл тақырыпқа зерттеу жұмыстары жүргiзiлмедi,
яғни бұл тақырыпқа тиым салынды. Соның өзiнде де М.Әуезов Абай мұрасының шығысқа
қатысы туралы ой танымдарын жария түрде айтпаса да, уақытқа, жағдайға қарай жарияланбаған
тезистерiнде iз қалдырып отырды. М. Әуезов тезистерi Абай
мұрасының соңғы жылдардағы
шығысқа қатысы жөнiндегi зерттеулерге адастырмас бағыт бағдар беруiмен де абайтану
саласында ерекше дараланып тұрады.
Ғалымның Абайдың әдеби ортасы туралы ой
танымдары абайтану саласында ғылыми зерттеулерiнiң нысанасына айналса,
жазушының «Абай жолы» эпопеясының сюжеттiк желiсiнде молынан орын алды. Яғни
жазушының өзi арнайы түрде атап өткенiндей:
«Мен шама келгенше, ғылым жолымен өмiрiн,
Достарыңызбен бөлісу: