Әлеуметтік серіктестік


«Бәсеке», «бәсекеге қабілеттілік», «бәсекеге қабілетті педагог», ұғымдарының мәні, құрылымы, мазмұны, ара қатынасы



бет14/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77
бәскеге (1)

«Бәсеке», «бәсекеге қабілеттілік», «бәсекеге қабілетті педагог», ұғымдарының мәні, құрылымы, мазмұны, ара қатынасы


Зерттеу жұмысымыздың алғашқы параграфында қарастырылып кеткендей бүгінгі білім алушы - болашақ білімді ұстаз, тағылымды тәрбиеші, басқадан ойы озық тәлімгер болуы, бәсекеге қабілетті педагог болып қалыптасудың баспалдақтарынан басталады. Олай болса, сол баспалдақтағы негізгі ұғымдар:
«бәсеке», «бәсекеге қабілеттілік», «бәсекеге қабілетті педагог» терминдерінің мән-мазмұнын, ара қатынасы, құрылымы мен қызметін ашып, айқындау қажеттілігі тұр.
Сөздіктер мен зерттеу еңбектеріндегі «бәсеке» категориясын талдаулар көрсеткендей, ол бірнеше мағынада қолданылады: бір жағынан тақас, егес
бақастықты білдірсе [67], енді бір жағынан ынталандандырушы құбылыс, ұнамды нәтижеге жетудегі күрес, іс-әрекет ретінде де қарастырылады [68]. Яғни, бәсеке – бәсекеге қабілеттіліктің негізгі ынталандырушы түрткісі болып табылады және өнеркәсіпте, экономика мен кәсіпкерлікте, биологияда кең қолданылады.
Мысалы, қаржы экономикалық сөздігінде бәсеке – нарықтағы бәйгелестік, экономика тиімділігінің көтерілуіне тұтынушылардың аса жоғары сұранысын қанағаттандыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді деген тұжырымға сәйкес [69]. А.И.Архипов және т.б. авторлық бірлестігіндегі экономика сөздікте «бәсеке
– белгілі-бір сирек игіліктерді қолданудың бірнеше балама бағыттары бар және осы игілікті қолдану құқығы үшін өзара күресіп жүрген бірнеше адам топтары қызығушылық танытатын жағдай» - деп сипаттайды [70].
Жаңа Оксфорд сөзігінде бәсеке – (competition) іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын жарыс, тиімді жағдайға ие болу үшін, пайданы мол алу үшін күрес. Басқалардан асып түсуге, бәсекеде оларды жеңіп шығуға бағытталған адамның іс-әрекеті ретінде көрсетіледі [71;72].
Ал, биология ғылымындағы бәсеке – биологияда туыстық жағынан жақын немесе әр түрге жататын ағзалардың тірі қалуын айтады [73].
Қ.Жарықбаев пен О.С.Саңғылбаевтың жантану атаулы түсіндірме сөздігінде бәсекеге «Бәсекелік қасиеттер адам мінезіндегі бір-біріне қарама- қайшы үйлеспейтін қасиеттер, ондай қасиеттер бірдей жағдайларда сәйкес келмейтін қарама-қайшы формадағы қылық тудырады. Бәсекеге қатысты басқа адамдармен бәсекелестік жағдайда олардан асып түсуге, оларды орағытып жеңуге бағытталған адамның қылығы» деген түсініктеме берілген [74].
Зерттеу жұмысымыздың осы бір тірек ұғымының түп төркінін талдай отырып, «бәсеке» түсінігінің көптеген ғылым саласында қолданылатынын және әртүрлі мағынаға ие екендігін байқауға болады.
Отандық педагогиканың кеңес кезіндегі даму барысында «бәсекелестік» термині көбіне «жарыс» ұғымының жағымсыз коннотациясы ретінде пайдаланылды. Сонымен қатар ол міндетті түрде «социалистік» деп сипатталып, ұжымда тәрбиелеудің кеңінен тараған әдісін білдірді [75]. Тәрбиедегі осы әдістің педагогикалық нәтижелілігі мен тиімділігіне қатыстылығына кезінде ешкім дауласпады, дегенмен бәсекелестік капитализмнің жағымсыз және адамгершілікке жатпайтын қалдығы деп есептелінді. Бәсекелестіктің дамытушы және уәждік әлеуеті жоққа шығарылды немесе мүлде ол туралы айтылмады.
Кеңес дәуіріндегі білім саласында да бәсекелестік мысалы, жоғары оқу орындарына тек конкурстық яғни бәсекелестік оқуға түсу сынағы кезінде студенттер үшін осындай орта құрылды. Бірақ ЖОО-на түскеннен кейін студенттердің жеке бәсекеге қабілеттілігі негізінде жұмыс орнына бөлуге дейін олардың арасында ешқандай бәсекелестік қарым-қатынас болмайтын.
Абитуриенттер жоғарғы оқуға түсу үшін бәсекелестік қарым-қатынастарға түсетін уақыт та бүгінде жоқ деуге болады, оның орнына ұпайларды
салыстырмалы талдау арқылы абитуриенттер арасында жеке бәсекелестік тудыратын ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) келді. Студенттер арасында мақсатты бағытталған ұйымдасқан бәсекелестіктің мүлде болмауы нәтижесінде түлектерді дайындаудың сапасы айтарлықтай төмендеуі орын алғаны белгілі.
Бәсекеге төтеп беру үшін тұлғада арнайы қабілет болуы тиіс. Олай болса, бәсекеге қабілеттіліктіліктегі «қабілет» терминіне тоқталу қажеттілілігі туындайды. Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалардың саны өте көп. Мысалы, «қабілет деп - әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін айтады» [76].
Т.Тәжібаев «іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» деп санайды [77]. К.К.Платонов алғаш рет ғылымға қабілеттілік туралы ұғымды, «жеке адам туралы ілімнің құрамдас бір бөлігі... - адам бойындағы бір нәрсеге деген бейімділік қасиет, іскерлік деп енгізген [78]. А.Н.Леонтьев, мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы [79]. А.В.Петровский бойынша, «білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» [80].
Бұл келтірілген анықтамаларда қабілет - адамның даралық психологиялық ерекшелігі, белгілі бір жұмысқа байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы деген ой жатыр. Оларды қорыта келе, қабілетті әрбір адамның іс-әрекетті, орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процестерінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіргендіргіштеріне әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты деп тұжырымдаймыз.
Бұдан шығатыны, қабілеттілік – адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат, адамның белгілі бір іс-әрекет түріне бейімділігі. Десекте, қабілетті жеке даралықтың бір деңгейінде орналастыруға болмайды; басқа сапалармен әсерлесе отырып, олар тұлғаның барлық деңгейлері арқылы дамиды. Яғни, қабілеттілік белгілі бір іс-әрекетте өнімді, табысты орындаудың шарты болатын тұлғаның даралық-психологиялық ерекшеліктері екенін аңғарамыз.
«Бәсекеге қабілеттілік» түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыс мемлекеттерінде пайда болды. Шамамен сол уақытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да айналыса бастады. ХХ ғасырдың басында-ақ
«бәсекелестік» термині ғылымға – экономикалық теориялардың негізгі ұғымдар шеңберіне кеңінен енген болатын. Ол еңбектерде «бәсекеге қабілеттілік» ұғымы экономикалық категория немесе сипат, көрсеткіш, құрал, т.б. ретінде түсіндіріледі [81].
Бәсекеге қабілеттілік адамның еңбекке деген әлеуеттік қабілетін сипаттайтын және қабілеттің үш деңгейімен берілген әлеуметтік-экономикалық категория:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет