Әлеуметтік серіктестік



бет22/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77
бәскеге (1)

Аксиологиялық тұғыр болашақ педагогтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтарға деген бағдарынан байқалады, адамды рухани және әлеуметтік құндылықтарды жасауға қабілетті ең жоғарғы құндылық деп мойындау және
оның тұлғалық және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру; әлеуметтік- мәдени құндылықтардың тұлғаның білімі мен дамуының өзегін құрайтынын мойындау. Олардың іс-әрекет, қарым-қатынас үдерісінде ол үшін өмірлік қажетке, тұлғалық мәнге ие құндылықтарды өзектендіреді.
Аксиологиялық тұғырдың теориялық негізі А.Г.Асмолов [120], Ш.А.Амонашвили [121], т.б. зерттеулерінде қаланған. Ғалымдар педагогика ғылымында қазіргі заманғы білім берудің жаңа парадигмасы практикада аксиология тұғыры бойынша адамның ішкі әлеміне бағдарланып, оның құндылығына, еркіне, әсерленуіне көңіл бөлуді қажет етеді деп есептейді. Жалпы құндылықтардың пайда болуы, бір жағынан, адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті іс-әрекетіне, заттар мен құбылыстарға, оның сапаларына, екінші жағынан, құндылық адамның, қоғамның зат немесе құбылысты бағалауына байланысты пайымдауы болып табылады. Сондықтан әрбір адамға дара иерархиялық тұлғалық құндылықтар тән, ол қоғамның рухани мәдениеті мен тұлғаның рухани дүниесі арасын байланыстыратын ара буын рөлін атқарады. Құндылықтар индивидтің өмірлік практикасын шоғырландыратын тұлғаның ішкі құрылымының маңызды элементі ретінде қарастырылады. Құндылық - мәнді бағдарлар бәсекеге қабілеттілікті және жеке практиканы реттеп отыратын қатынастар жүйесін айқындайды.
Р.К.Төлеубекова [122], А.А.Калюжный [123], және т.б зерттеулерінде білім алушылардың адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекетіндегі адамгершілік сана- сезімі, дағдысы, өзіндік «Мен» бейнесі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерімен ықпалдасып, субъекті ретінде танылуға, құндылық бағдарының қалыптасуына ықпал ететіндігіне назар аударылған.
Демек, аксиологиялық тұғыр аясында кәсіби білім беру - болашақ педагогтардың кәсіби өзін-өзі жетілдіру құралын таңдауда гуманизм мен шығармашылық еркіндікті ұстануға, шығармашылық дербестігі мен өзін-өзі дамытуға, рухани қабілеттерін ашуға бағытталған ішкі әлеуетін белсендіре отырып, құндылықтарды меңгерту процесінде жүзеге асырылады.
Жұмысымыздың әдіснамалық негізі ретінде басшылыққа алынатын тұлғалық-бағдарлық тұғырды И.С.Якиманская негіздеп, оқу әрекетінде болашақ педагогтың субъектілі практикасына сүйену керек деп есептейді. Оның тұжырымдамасында тұлғалық-бағдарлық педагогиканың білім берудегі мақсаты

  • болашақ педагогтың жеке тұлғалық қасиеттерін мақсатты түрде анықтап, дамыту үшін қажетті жағдайларды (әлеуметтік, педагогикалық) тудыру, ол қасиеттерді «мәдениеттендіру», әлеуметтік мәнді іс-әрекеттерге айналдыру негізделеді.

Әдіснамалық негіз ретінде тұлғалық - бағдарлық тұғыр іс-әрекетпен бірлікте қарастырылады, ол педагогикалық процесте болашақ педагогтың тұлғалық аспектісін, оның жеке, жас ерекшеліктерін ескеруге; тұлғаның табиғи, интеллектуальды, шығармашылық әлеуетіне сүйену және оның ашылуы мен іс жүзінде жүзеге асырылуына жағдай жасауға; болашақ педагогтардың тұлғалық тұтастығының компоненті ретінде адамгершілік санасы мен мінез-құлқын, интеллектінің бірлігін ескеруге; интеллектуалдық әлеуетті дамыту тұлғаны іс- әрекеттің алуан түріне, алдымен танымдық іс-әрекетке қатыстыру үдерісінде
жүзеге асыруға бағдарлайды [124].
Әлеуметтік мәнді адам ретінде тұлға биіктерден көрінуге ұмтылуы керек, оның бәсекеге қабілеттілігі өзіндік бағалаумен қатар оның жетістігінің әлеуметтік іс-әрекеттің жеке саласын немесе адамзаттық қарым-қатынасты ғана емес, олардың тұтас кешенін қамтиды. Тұлғаның әлеуметтік іс-әрекетінің көп түрлерінің ішінде кәсіби іс-әрекет ерекше орын алады. Себебі, адам іс-әрекет субъектісі ретінде өмірінің басым бөлігін өзінің тұлға болып қалыптасуының негізгі бағыты кәсіби еңбек түріне арнайтыны белгілі.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері адамның іс-әрекеттері саласындағы ғалымдардың еңбектері болып табылады. Оларда тұлға адамның әлеуметтік рөлді қаншалықты игеруіне, әлеуметтік іс-әрекетке қаншалықты қосылуына байланысты өмір бойына қалыптасып дамиды деп есептелінеді. Іс-әрекеттің әлеуметтік саласы болашақ педагогтарына қойылатын талаптардың жоғарылауына байланысты көптеген мамандықтарда тұлғаға өзіндік «қажетті» сипаттамалары және оның құрылымдық компоненттері тән. Соның бірі кез келген кәсіби іс-әрекетте бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Бірақ болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейде қалыптасуы белсенділіксіз мүмкін емес, сондықтан әлеуметтік-мәдениет тұрғысынан қарастыру маңызды.
К.А.Абульханова-Славская іс-әрекеттің шынайы өмірді қайта құрудағы, заттық әлемді жасау мен өзгертудегі рөлін атап көрсетеді. Алайда, әрбір субъект үшін қоғамдағы іс-әрекетке баулу маңызды болып саналады. Тұлға үшін іс- әрекет және оның бәсекеге қабілеттілігі өзін-өзі таныту мүмкіндігімен тікелей байланысты [125].
Білім беру саласын іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы сана мен іс- әрекеттің бірлігі деген психологиялық теорияға негізделеді. Бұл теория бойынша әрбір болашақ педагог оқу-танымдық іс-әрекетке саналы, белсенді қатысуы арқылы өзін-өзі іске асыруы, кәсіби өзін-өзі анықтауы тиіс. Сонда ғана оның бәсекеге қабілеттілігі дамиды.
А.Н.Леонтьевтің пікірінше, мақсат кез келген іс-әрекеттің жүйе құрастырушы компоненті болып табылады. Шынымен, мақсатсыз іс әрекет болуы екіталай. Әр адамның алдына қойған жақын және алыс мақсаттары болады. Мотив деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани, материалдық, әлеуметтік, табиғи-биологиялық қажеттіліктер кіреді [126].
Біздің зерттеуімізге тірек болатын акмеологиялық тұғыр бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлауда басты рөл атқарады. Болашақ педагогтарының интеллектуалдық, эмоциялық, ерік-жігерлік, коммуникативті мәдениеттерін дамытуға және нобайлауға әрі ішкі әлеуетін дамытуға, бәсекеге қабілеттілікке даярлауға бағытталған. Бұл тұғыр педагогикалық процесте болашақ педагогтарға білім беру мен болашақта кәсібиліктің шыңына шығу, өзін іс жүзінде көрсетуге ұмтылу, жетістікке сұраныс сияқты факторларды ескере отырып, ұйымдастыруды құрылымдайды.
А.А.Деркач, А.Н.Сухов педагогикалық акмеология адамды тұлға, іс-әрекет субъектісі, индивид ретінде зерттеп, жалпы ақыл-ой әлеуеті қалыптасқан көпқырлы біртұтас адам ретінде оның жеке ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен бірге адамның қол жеткізген нәтижелерін зерттеу негізінде оның әлеуетінің заңдылықтарын қарастырады [127,17-19б.].
Б.А.Тұрғынбаева акмеологиялық тұғырға сүйену арқылы сапасы жағынан жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге болады деп есептейді. Сонымен бірге акмеологияның мән-мағынасын тұлғаның дамуымен байланысты тұрақты байланыстарды бейнелейді деп түсіндіреді. [128,134б.].
Болашақ бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлауда олардың акмеологиялық бағыттылығын қалыптастыру аса маңызды деп санаймыз. Өз жеткен жетістігінде тоқтамай, үнемі ізденісте жүретін, заман көшінен қалмай биіктерді бағындыра алатын мұғалім ғана кез келген деңгейдегі әріптесінен артық болып, жоғарыда бола алады деп санаймыз. Олай болса, акмеологиялық тұғырдың бәсекеге қабілетті педагогикалық маман даярлаудағы орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет