Әлеуметтік серіктестік



бет12/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
бәскеге (1)

әлеуметтік сипаты (баланы сүю, оларға көмекке асығу, кәсіби борышын мойындау, өз жұмысының сапасына жауапкершілік т.б);

  • эстетикалық сипаты педагогикалық жасампаздық белгісі ретінде көрінетін шығармашылық сипаты;

  • дербес сипаты (өмір қуанышы, өз индивидуалдығын дамыту);

    - биологиялық негізделген сипаты-өмір сүру әрекетінің құндылығын сезіну;
    - моральдік сипаты (кәсіби іс-әрекеті мен өмірде өзіне өзі адал болуы, педагогикалық әдеп, объективтілік сапалары) [22]. Бұл сипаттамада біз қарастырып отырған бәсекеге қабілетті педагог бойында болуға тиісті қасиеттер де көрсетілген деп санаймыз.
    Болашақ мамандарды даярлаудың психологиялық астарларын қарастырған ғалымдар Б.Г.Аминов, В.Ф.Кочуров стресске шыдамдылық, сабырлылық, эмоционалдылық қасиеттерді педагогтың ең маңызды сапаларына жатқызса [23]; Т.П.Гаврилова, С.Б.Борисенко [24] педагогикалық іс-әрекеттің тиімді болуы эмпатиялық қасиетке ие болумен байланысты деп санады; В.П.Кащенко уайымдау, есіркеу, ұнау [25] секілді қасиеттерді педагог тұлғасының маңызды құрамды бөліктері ретінде көрсетті.
    Болашақ педагог тұлғасының үйлесімді, ықтималды мінездемелерін ажырата отырып, В.П.Симонов [26], педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі төмендегідей тұлғалық сапаларға: мықты, байсалды жүйке жүйесіне, көшбасшылыққа ұмтылу; өз-өзіне сенімділік, талап қоя білушілік, қайырымдылық, мейірімділік, сезім оята білушілік, көтеріңкі көңілділік, сергектік және т.б. сапаларға тікелей байланысты дейді.
    Қазақстандық психология ғылымының көрнекті өкілдері: Т.Тәжібаев [27], М.Мұқанов [28], Қ.Б.Жарықбаевтар [29], этнопсихологиялық теориялар негізінде тұлғаның іс-әрекетке дайындығын оның ұлттық психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін дамыту тұрғысынан қарап, жеке тұлғаны жан- жақты дамыту қажеттілігін атап көрсетеді. Ғалымдардың бұл бағыттағы ойлары саналы әрі белсенді әрекет ете алатын адам, субьект - бұл белсенді әрекет етуші адам дегенге келіп саяды. Ол - қоршаған орта әсерін сезеді, ол - танушы және танылатын адам. Осы айтылғандарға қосыла отырып, субъектінің қарым – қатынас белсенділігі, әлеммен саналы қарым-қатынас жасайтындығы әрі адамды қалыптастырушы әлемнің мәнін құрайды деген пікір білдіреміз [30].
    Х.Т.Шерьязданова болашақ мамандарды психологиялық тұрғыда дайындаудың жеке үрдіс ретінде ұйымдастырылуына көңіл бөліп, оқыту
    мазмұны және әдістемелерінде білім алушылардың тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескеруді ұсынған. Ғалым болашақ педагог-психологтарды біртұтас жүйе тұрғысынан кәсіби даярлаудың алғаш рет психологиялық үлгісін жасаған. Бұл үлгі қарым-қатынас психологиясының теориялық және практикалық мәселелеріне негізделеді. Автордың көзқарасы бойынша, психологиялық дайындау психо-диагностикалық және психокоррекциялық бағыттағы жұмыстарды қамтиды. Осы білімнің топтастырылған сипаттағы дәрістері және білім алушыларды меңгертілген психологиялық, академиялық білімді практикада қолдана білуі - кәсіби дайындаудың басты шарты деген пікір білдіреді [31]. Айтылған пікір негізінде болашақ бәсекеге қабілетті педагог даярлығының бүгінгі қоғамға қаншалықты қажеттілігін болжауға болатынын көреміз.
    Болашақ педагог мамандарды даярлауда С.М.Жақыповтың «бірлескен- диалогтік танымдық іс-әрекет» тұжырымдамасының маңызы зор. Ғалым педагогикалық психология саласы бойынша «оқу іс-әрекеті» және «оқыту іс- әрекеті» категорияларының психологиялық мазмұнын қарастырып, арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайларында адамның таным іс-әрекетінің бірыңғай жүйесіне танымдық синтездеудің шарттары мен қырларын көрсетеді. Мұнда психологтың оқыту процесін ерекше психологиялық құбылыс ретінде таным процестердің өзара әрекеттесуін және бұрынғы жинақталған жүйесіне жаңа білімнің қосылуын қамтамасыз ететін субъектінің когнитивтік практикасын түрлендіру үшін қажетті жағдайларды жасайтынын тарқатып айта келе, танымдық практиканы қайта құру индивидтің бүкіл өмірін қайта қарауды және оған тиісті қатынасының өзгеруін талап етеді. Осылайша адамның тұлғалық қасиеттерінің өзгеруі іске асады, тұлғаны тек тұлға ғана қалыптастырады деген тұжырым жасайды [32]. Бұл еңбектерді болашақ бәсекеге қабілетті педагог тұлғасын қалыптастырудың ұлттық ерекшеліктерін жалпы әлемдік мәселемен ұштастыра жүргізуде басшылыққа алуға болады.
    Ғалым М.Ә. Перленбетов болашақ педагогтардың академиялық болашағын болжап, психикалық процестер мен типологиялық тұлғалық қасиеттердің детерминациялық өзара байланысын зерттеу негізінде психика құрылымының асимметриялық тұжырымдамасы алғаш рет ұсынды. Зерттеу жұмысында білім алушылардың нақты психологиялық типтері кәсіби қабілеттілік қызметтің тиімділігін анықтайтын белгілі бір танымдық стратегияларға сәйкес келетініндігін тұжырымдады. [33]. Келтірілген пікірде болашақ педагог даярлаудағы тұлғалық ерекшелікке мән берудің маңыздылығы оның бәсекеге қабілетті болуына ықпал ететіні байқалады.
    Болашақ педагог дайындау көптеген педагогика саласы ғалымдарының назарын аударған мәселе болып келеді және ол жалғасуда. Оның бастауында Я.А.Коменский тұрғаны белгілі. Ұлы педагог болашақ мұғалімдерді дайындауда ең бастысы олардың терең ойлауын дамыту, өз ісін сүюге тәрбиелеу қажеттігін айтады. Оның пікірінше, болашақ мұғалімнің білім, білік-дағдылары, жалпы кәсіби дайындығы мектептегі оқыту және тәрбиелеу үдерістерінің сапасын қамтамасыз етеді [34].
    К.Д.Ушинский мұғалімге шексіз шыдамдылық қажет, ол оқушымен жұмыс жасағанда қабылдау сергектігі мен эмоционалдығы, шыдамдылықпен және өзін- өзі ұстай білуі үйлесім табуы тиіс екендігін тілге тиек етеді. Ұстаздың мұраларындағы мұғалімдер үшін ең құнды мәселе өз практикасын ғылыми жалпылау арқылы өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылуы деген пікірі. К.Д.Ушинский:
    «... халық мұғалімінен ең алдымен өз іс-әрекетіне ықыласы, қабілеті, үндеуі талап етіледі, өзі дұрыс педагогикалық тәрбие алған адам ғана жақсы педагог бола алады», - дейді [35]. Сондықтан бүгінгі болашақ педагогтың өз-өзін ұдайы жетілдіруі, бала тұлғасын дамыту ғана емес, өзін тұлғалық дамытуда да ізденісте болуы аса маңызды.
    А.С.Макаренко мұғалімдерді даярлаудағы кәсіби жұмыстың сапасын көтеру үшін педагогикалық жоғары оқу орындары мен техникумдардың бағдарламасын қайта қарау керектігін мәлімдеген. Педагогикалық жоғары оқу орындарын бітіруші білімдердің кең ауқымын игеруге тиіс. Оның пікірінше; жоғары оқу орындарында оқу барысында студент тек арнайы білім игеріп қоймай, сонымен бірге арнайы тәрбиеленуі керек, яғни мәдениетті, зиялы, ұйымдастыру қабілеті жоғары дамыған, өзін-өзі басқара білетін және өз ісіне баға бере алатын маман болып шығуы тиіс [36].
    Ал, зерттеуші ғалым П.Ф.Каптерев: "оқыту жағдайында мұғалім тұлғасы бірінші орында тұрады, оның сол немесе басқа ерекшеліктері оқытудың тәрбиелік әсерін арттырады немесе төмендетеді", - деген тұжырым жасайды. Сонымен бірге, ғалым педагогтың ең негізгі маңызды сапаларына: оның ғылыми дайындығы мен жеке мұғалімдік дарынын жатқызады. Автор болашақ педагогтың теориялық дайындығына қоса, оның объективтілігі, байқампаздығы мен сезімталдығы, жауапкершілігі және шыдамдылығы, ұстамдылығы, өз-өзіне сыни көзқарасы, балаларды шынайы жақсы көруі секілді маңызды тұлғалық сапалары болуының қажеттілігін ерекше атап көрсетеді. Педагогтың тұлғалық сапалары бір уақыттың өзінде осы мамандыққа қойылатын екі талапқа жауап беруі тиіс деп санайды. Біріншіден, маман иелерінің барлығына тиісті болып, олар қоғамның жағдайларына, қоғам формацияларына, білім беру мекемесіне, оқыту пәніне қарамай жаппай барлығына қатысты. Мұндай талаптарға осы мәселені зерттеуші ғалымдар өзін-өзі бағалаудың сәйкестігі, педагогтың ақыл- ой белсенділігін, табандылықтың, мақсатқа бағытталуын, еңбек сүйгіштігін, сыпайылығын, байқағыштығын қамтамасыз ететін уайымдаудың белгілі дәрежесі болуының қажеттілігін айтады. Әсіресе, болашақ педагог оқушының психикалық жағдайларын түсінуге дайындығы, яғни, эмпатия, әлеуметтік өзара іс-әрекетке деген қажеттілігінің болуын ең маңызды сапалар ретінде атайды [37]. Кейбір зерттеушілер педагогтың кәсіби даярлығының құрылымына тек қана білімдерді ғана емес, сонымен қоса практикалық іскерліктерді де енгізіп қарастырады. Мысалы, Н.В.Кузьмина педагогикалық іскерліктер жүйесіне: жобалау, ұйымдастыру, гностикалық, конструктивтік және коммуникативтік сияқты сапаларды жатқызады [38]. Автордың бұл іскерліктерді педагогтың кәсіби қызметтерін табысты атқаруға қажетті қасиеттері ретінде қарастыруы біз
    көтеріп отырған мәселе идеясына сәйкес келеді.
    Болашақ мұғалімдерді даярлауға арналған кейбір зерттеулерде олардың іс- әрекетінің мазмұны мен құрылымын көрсететін кәсіптік графика (профессиограмма) жасаудың маңыздылығы қарастырылады. Бұл ретте В.А.Сластениннің: мұғалім профессиограммасы мамандықтың өзіндік паспортын, оның біліктілік сипатын көрсетуі керек, яғни қоғамдық-саяси, арнайы және психологиялық-педагогикалық білімдерінің ғылыми негізделген қатынасы мен көлемін, сол сияқты болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық және әдістемелік іскерліктер мен дағдылардың бағдарламасын қамтуы керек деген пікір бар. Автор профессиограмманың құрылымына:
    а) мұғалім тұлғасының қасиеттері мен сипаты: кәсіби-педагогикалық бағыттылық, танымдық бағдарлар;
    ә) психологиялық- педагогикалық даярлық: білімдер, іскерліктер, дағдылар; б) арнайы пәндік даярлықтың көлемі мен жағдайы;
    в) мамандық аясындағы әдістемелік даярлықтың мазмұнын жатқызады [39]. Профессиографиялық сипаттау идеясын қолдай отырып, О.А.Абдуллина мұғалім профессиограммасына мұғалімге қойылатын талаптар, қажетті теориялық білімдер ауқымын, іскерліктер мен дағдылар тізбесін, кәсіби- тұлғалық қасиеттерді енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, профессиограмма студентті жоғары оқу орнында даярлау моделі, педагогикалық жұмысқа
    дайындықты қалыптастырудың өзіндік бағдарламасы болуы керек [40].
    М.И.Дьяченко мұғалімнің кәсіби даярлығы құрылымындағы мотивациялық, бағдарлық, операциялық, еріктік және бағалау компоненттерін бөліп көрсетеді. Автор олардың қалыптасқандығы кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге дайындық жағдайын қамтамасыз етеді деген қорытынды жасайды [41]. Жоғарыда талданған еңбектердегі түйінді ойлар болашақ педагогтарды даярлауда басшылыққа алынатын құнды пікірлер деп санаймыз.
    Ғалым К.Ш.Ахияров болашақ педагогтерді ұлттық және жалпы адамзатты құндылықтарға бағыттау, онда педагогикалық білім, әлеуметтік қалыпта талап пен ережелерді сақтауы, жалпы адамды қоғамда өзін жүзеге асыра алуға бағыттайтын құндылықтарды меңгеруі, оның өзін тұлға ретінде сезінуі, қоғамдық маңызға ие әрекетпен айналысуы, өз іс-әрекетіне баға бере алуы секілді қасиеттердің болашақ педагогтың кемелденуі мен жоғары мәдениетінің көрсеткіші ретінде қарастырады [42].
    Мұндай көзқарасты ғалым Э.Ф.Зеер де назардан тыс қалдырмаған. Ол педагогтың қабілеттілігін құрайтын тұлғалық сапаларының төмендегі құрамды бөліктерін атап көрсетеді: оқу материалын оқушыларға түсінікті етіп беру қабілеті; жұмыстағы шығармашылық; оқушыларға педагогикалық еріктік әсер ету; оқушылар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті; балаларға деген қызығушылық пен махаббат; сөйлеудің мазмұндылығы мен айқындығы, оның бейнелілігі мен сенімділігі; педагогикалық әдеп; оқу пәнін өмірмен байланыстырып бере алу қабілеті; байқағыштығы; педагогикалық талап қойғыштығы [43]. Педагогтың мұндай тұлғалық сапалары кәсіби сапаларынан тыс қарастырылмайды.
    Осы тұста ғалым И.П.Подласый ғылымға: қызығушылық; өзінің кәсіби
    еңбегін сүю; эрудиция; оқытатын пәнін жетік білу; пәнді оқыту әдістемесін меңгеру; психологиялық дайындық; жалпы эрудиция; кең мәдени дүниетаным; педагогикалық шеберлік; педагогикалық еңбек технологияларын меңгеру; ұйымдастырушылық іскерліктері мен дағдылары; педгогикалық әдеп; шешендік өнері жәнет.б. қасиеттер педагог тұлғасының сапалары ретінде маман бойынан табылуы тиіс деген көзқарасты білдіреді [44].
    Е.А.Панько педагогтың тұлғалық кәсіби сапаларынан тыс пәндік-кәсіби құзыреттілігін де маңызды деп көрсетіп, оларды гностикалық, конструктивтік коммуникативтік, ұйымдастырушылық және арнайы іскерліктермен байланыстырады [45].
    Авторлардың пікірлерімен келісе отырып, осы аталған талаптар негізінде педагог өзін бәсекеге қабілетті ұстаз ретінде жүзеге асыра алады деген пікірімізді білдіреміз.
    Педагог тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды сапалары оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де болып табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикалық әдеп әр оқытушының жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына байланысты келеді. Педагогикалық әдеп - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Автор еңбегінде ұстаздың мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады: айқағыштық; ілтипаттылық; сенім; әділдік; төзім және сабыр сақтау [46]. Ғалымдардың еңбектердегі жүйеленген көзқарастар, біз қарастыратын болашақ педагогтың кәсіби тұрғыда қалыптасып, бәсекеге қабілеттілігіне тұлғалық сапаларының әсері маңызды екендігін көрсетеді. Олай болса, тұлға мен оның кәсібі бір-бірінің дамуына тікелей ықпал ететіндігі анық.
    Келтірілген талдауларды қорыта келе, көптеген зерттеуге арқау болған болашақ педагогтарды даярлау мәселесі, кәсіби білім беру барысында мұғалімнің бойында ұстаздық қызметті атқаруға негіз болатын сапаларды қалыптастыру олардың заман талабына сай қызмет жасауының кепілі болатындығын ашып көрсетеді.
    Отандық педагогика ғылымында болашақ педагогтар дайындау мәселесі өткен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап жан-жақты зерттеле бастап, үздіксіз білім беру теориясы тұрғысынан талданған. Болашақ педагогтарды дайындаудағы тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасын Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, Г.К.Нұрғалиева, және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
    Жоғары білім беру үдерісінде педагогтарды даярлау мәселесіне қатысты еңбегінде Н.Д.Хмель педагогикалық процестегі «педагогикалық көру» деген ұғымды педагогтарға қажетті сапалардың бірі ретінде ұсынды. Мұны ол таным теориясының «жанды қабылдау» кезеңімен ұштастыра келіп «педагогикалық процесті жүйелі қабылдау және елестетуді «педагогикалық процесті көру» деп айтуға болады», - деген пікір білдіреді. Ғалымның еңбегінде болашақ педагогтың кәсіби қызметке даярлығы әлеуметтік маңызды мотивтерінің, психологиялық- педагогикалық білім жиынтықтары және тұтас педагогикалық процес қызметінің жемісті орындалуын анықтаушы қызметінің тәсілдері ретінде сипатталады [47].
    Ал, Н.Д. Хмельдің ғылыми мектебін жалғастырушы Н.Н.Хан, жалпы білім беру мекемесінің педагогикалық процесіндегі мұғалімдердің оқушылармен ынтымақтастық тұжырымдамасының тәсілдері: болашақ педагог даярлаудағы инновациялық, адами құндылықтарға және т.б.негізделгені біз қарастыратын мәселені толықтырады [48].
    Болашақ бәсекеге қабілетті педагог бойында болуға тиісті тұлғалық cапалардың міндетті минимумына: өзге адамды оң қабылдау; серіктесті белсенді эмпатиялық тұрғысынан қабылдау; өз сезімдері мен эмоцияларын шынайы білдіру; ар-ұят; шыншылдық; толеранттылық; шығармашылық белсенділік; азаматтылық жатады деген болар едік. Тек осындай ізгілік қасиеттері бар педагогтар басқаны төмендетпей, өз биігіне көтеріле алады, биікте тұрып басқаларға шарапатын шашады.
    Бұл ретте жоғарғы оқу орнында болашақ мамандарды рухани- адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін қарастырған ғалым A.А.Бейсенбаеваның еңбектеріндегі білім алушылардың тұлғалық сапаларын қалыптастыру мәселесін ізгіліктілік идеясына бағындыру және гуманистік қасиеттерді білім мазмұны арқылы оқу құралдарының тәрбиелік компоненті арқылы жүзеге асыру [49] туралы түйінді ойлардың маңызы жоғары.
    Педагог - бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және осындай қарым-қатынастың өзіне сүйсіне алатын адам. Мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көрінуіне негіз болады. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге деген сыйластық сезімін тудырады. Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы, оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
    Г.К.Нұрғалиева өз еңбектерінде жоғары білім беруді дамытудағы маңызды мәселелердің бірі ретінде қазіргі педагогтерді даярлау сапасын арттыру мәселесін көтереді. Ғалым «даярлау сапасы» ұғымының мағынасы «білім беру сапасы» ұғымымен салыстырғанда тар болып келетіндігіне және мамандарды сапалы дайындау мына төмендегі мәселелерді көздейтіндігіне тоқталады: білім алушыларды берілетін білімнің пәндік саласына терең бойлату, оларға танымның зерттеп жатқан саласына «ену» тәсілдерін меңгерту; олардың беймәлімді тануға ішкі қажеттіліктерін және үдемелі қызығушылықтарын қалыптастыру; таңдалған мамандықтың шығармашылық сипатына деген білім алушылардың мотивациясын зерттеу; білім алушылардың өзіндік жұмысын қалыптастырушы біліктер мен дағдыларды, стимулдарды анықтау; мамандарды кәсіби даярлау сапасына ықпал етуші факторларды бөліп көрсету [50].
    Бұл айтылғандарды қазіргі заманның бәсекеге қабілетті педагогтерін даярлауға негіз болатын түйінді мәселелер ретінде қабылдаймыз.
    М.С.Молдабекова болашақ мұғалімді дайындаудағы университеттік білімнің іргелілігі мәселесін көтеріп, олардың кәсіптік әрекетке даярлық деңгейін жетілдіру шарттарын педагогикалық процестің жан-жақты қасиеттерін
    бейнелейтін құбылыстардың бірлігі мен өзара байланыстылығы ретінде қарастырады. Бұл мәселені тиімді шешу университеттің білім беру жүйесінің іргелілік, арнайы, психология-педагогикалық және әдістемелік дайындығының негізінде жүзеге асырылып, оқу-тәрбие процесінің мазмұны, түрлері және әдістерінің бірлігімен қамтамасыз етілетіндігіне көңіл бөледі. Ғалымның еңбегінде университеттің педагогикалық процесінде болашақ мұғалімді кәсіптік әрекетке даярлау технологиясын, ондағы мазмұндық және тұлғалық- бағдарлаумен біріктіруді, ұйымдастырушылық іс әрекеттерінде жалпы және жекені айыра білуін үйретуді қалыптастыруға назар аударылады [51].
    Автордың бұл пікірінде біз қарастырып отырған бәсекеге қабілетті педагог дайындаудың басты шартының бірі болып табылатын оның білімділігі туралы ой жатыр деп санаймыз. Терең білім негіздері жоғары оқу орынының оқу жоспарларында қарастырылып, оқытушылардың шығармашылық әрекеттерінде жүзеге асуы тиіс.
    А.А.Фалеева өз жұмысында тұлғаға бағытталған оқыту құрылымы - оқу үдерісінің сыртқы (оқу қабілеті) және ішкі (оқыту, қызығушылық) элементінің үйлесімі студенттің оқу-танымдық қызметін басқаруға мүмкіндік береді деп есептесе [52], К.С.Ахметкаримова болашақ мұғалімдердің диагностикалық қызметі - бұл тұтас педагогикалық және оның компоненттерінің жай-күйі туралы ақпарат алу, осы мақсатқа жету үшін кейінгі түзету әрекеттерімен диагнозды белгілеу және тексеру мақсатында осы ақпаратты арнайы өңдеу деген пікір білдіреді [53].
    Жоғарыда келтірілген талдаулар кәсіби білім алу барысында мұғалімдерді жан жақты даярлауды танымдық, инновациялық, әрекеттік тұрғыда қарастырғанын көреміз. Бұл еңбектердің әрқайсысын педагог дайындау мәселесіне тың идеялар қосқан жұмыстар деп айтуға болады.
    А.С.Магауова, оқушылардың оқу және оқудан тыс әрекеттер бірлігі арқылы болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауды қалыптастырудың оқыту-дамыту кеңістігінің бірлігі негізінде қарастырып, біртұтас педагогикалық үдерістегі көрінісін айқындаған. Автор ұсынған болашақ мұғалімдерді дайындаудың құрылымдық мазмұндық моделі мотивациялық, мазмұндық, технологиялық компоненттерден тұрады [54].
    Бұл бағытта жүргізілген зерттеулер қатарына; болашақ маманның біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін дамытуды қарастырған Б.А.Тұрғынбаеваның [55], Ш.К.Жантлеуованың педагогикалық практикада студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру үшін студенттің кәсіби тұрғыдан өзін-өзі айқындауына әсер етуді қарастырған [56] зерттеу жұмыстарын жатқызамыз.
    Ғалымдардың еңбектерінде кәсіби біліктілікті қалыптастыру – арнайы ұйымдастырылатын процесс екендігі дәлелденіп, оған ұтымды педагогикалық басшылық жасалуы тиіс екендігі аталып өтіледі.
    Е.И.Бурина, өз зерттеу жұмысында интеграция және әртараптандырудың маркетингтік шарттарын үздіксіз көп деңгейлі педагогикалық білім беру жүйесіне көшіру психологиялық-педагогикалық оқытудың маңыздылығы артатындығын, оның тиімділігі педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық жұмыс
    жасау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігін күшейтетініне назар аударылады [57].
    Заман талабына орай, болашақ педагогтардың ақпараттық технологияны меңгеруіне байланысты С.М.Кеңесбаевтың «Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа акпараттық технологияны пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері» докторлық диссертациясында біз қарастыратын әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда дамыту мәселесі болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады [58].
    Ұ.Ж.Қонақбаеваның бейіндік оқытуда болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін педагогикалық қызметті жүзеге асыруға, мінез-құлық пен бағалау терминдерінде, қолданыстағы білім, іскерлік пен дағдыларды жүйелі түрде тереңдетуге және жаңартуға ұмтылатын болашақ мұғалімнің кәсіби-тұлғасын жетілдіру мақсатында және бүгінгі күн талабына сай өмірлік тәжірибені жинақтаған, әлеуметтендірілу шамасына іс-әрекет түрлерін нақты анықтауға жоғары оқу орны түлегін, яғни, болашақ мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығының біртұтастығы деп ұсынған [59].
    С.К.Ксембаеваның жұмысы болашақ мұғалімнің оқу мазмұнын, әдістемелерін, сыныптан тыс жұмысының әдістерін, оны ұйымдастыру формаларын және оларды педагогикалық қызметте қолдану дағдыларын меңгеруіне арналған. Еңбекте жоғары кәсіптік ынталандыру және кәсіби маңызды және жеке қасиеттерді қалыптастыруға негізделген қызметтің осы түріне дайындығы, болашақ мұғалімнің тұлғалық сапасы ретінде қарастырылады [60].
    К.Ж. Ажибеков жоғары мектептегі инновациялық қызмет арқылы болашақ мұғалімдерді дайындауды қарастыра келе, бұл қызметтің мәні мен құрылымын айқындайды [61],
    Осы айтылғандарға орай, болашақ педагогтың кәсіби тұрғыдан өзін айқындауы олардың еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін қалыптастыра білуге, кәсіби мақсатын іске асырып, өз қызметінің нәтижесін талдай білуге мүмкіндік береді деген өз ойымызды қосқымыз келеді.
    Жоғары оқу орынының қызметі болашақ педагогты кәсіби әрекетке мақсатты даярлаумен қоса педагогикалық шығармашылық қызметке әзір болуға дайындаумен тікелей астасып жатуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени, әдіснамалық, әдістемелік пәндерді меңгеру арқылы қамтамасыз етіледі. Мамандықты меңгеру барысында олардың ішкі ашылмаған мүмкіндіктері іске қосылып, жаңашыл педагог болуға қажетті таланттары, қабілеттері жетіледі.
    Педагогтардың кәсіби дарындылығын дамыту мәселесіне арналған Л.М.Нәрікбаеванының жұмысында, болашақ педагог бірден бәсекеге қабілеттілік деңгейге жете қоймайды, ол алдымен шеберлік, кәсібилік, құзырлылық сияқты сатылардан өтуі тиіс деген пікір білдіреді [62].
    Шындығында да, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандықта болмасын кездеседі. Педагогикалық шеберлік - кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы болып ғана қоймай, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы. Олай болса, жоғарыдағы авторлардың құнды пікірлері біздің
    зерттеуіміз үшін маңызы зор.
    Жаңа тұрпаттағы педагогтарды даярлау мәселесі соңғы жылдары философия докторы дәрежесін алу үшін дайындалып, қорғалып жатқан диссертациялық жұмыстарда да кеңінен қарастырылуда. Атап айтсақ, Б.Ж.Бекжанованың жұмысында болашақ ғылыми - педагогикалық мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастырудың: жоғарыдан кейінгі білім беру үдерісі мазмұнының акмеологиялық дайындықты қалыптастыруға бағыттылығы; магистранттардың акме-дайындығын тиімді ететін тренингтер мен технологиялар, белсенді әдістер қолдану; магистранттың шығармашылық іс-әрекеттегі субъектілігін дамыту; олардың акме-дайындығына әсер ететін педагогикалық орта жасау сияқты шарттар жиынтығы негізделген [63]; Б.М.Баймуханбетов зерттеуінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің лидерлік сапасын қалыптастырудың құрылымдық моделі және оның мазмұны, әдістемелік жолдарын ұсынылған [64]; Т.Б.Кенжебаеваның еңбегінде болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамытудың моделі жасалып, өлшемдік көрсеткіштері, деңгейлері анықталған [65]; Ә.И.Булшекбаева жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жағдайында тұлғаның дүниетанымдық мәдениетін қалыптастырудың теориялық –әдіснамалық негіздерін анықтап, мәселені тиімді шешудің теориялық моделі мен әдістемесін тәжірибеден өткізген [66].
    Аталған зерттеу жұмыстарын қазіргі заман педагогтарын даярлау мәселесінің теориялық және практикалық қорына қосылған тың еңбектер деп тануға болады.
    Қазіргі заман бәсекеге қабілетті болашақ педагог қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін болашақ педагог табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек. Педагог еңбегінің нәтижелілігінің басты көрсеткіші - баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болғандықтан, болашақ педагог шәкіртінің даму, тәрбиелену заңдылықтарын жете біліп, оның ішкі жан дүниесін сезіне алуына арнайы үйренуі керек.
    Зерттеу жұмысында қарастырып отырған мәселеге орай қазақстандық ғалымдардың болашақ педагогтарды дайындау мәселесіне арнаған еңбектерге талдау жасап, оларды төмендегіше (кесте-1) жүйеледік:

    Кесте 1- Болашақ педагог дайындау мәселесіне арналған зерттеулер









    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет