Әлеуметтік серіктестік



бет15/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77
бәскеге (1)

бірінші деңгей – еңбекке қабілеттілікті сипаттайтын қасиеттер жинағы;

  • екінші деңгей – жұмыс іздеу дағдыларын меңгеру, жұмыс берушіні өзінің

    артықшылықтарын көрсетіп көзін жеткізе білу;

    • үшінші деңгей –жұмыс күші сипатының жұмыс орны талаптарына сәйкестігі [82]. Бұл деңгейлер бәсекеге қабілеттіліктің практикалық, бейімдік, аксиологиялық және құрылымдық компоненттеріне сәйкес келеді.

    Осы айтылғандарға сүйене келе - бәсекеге қабілеттілік «бәсеке» сөзімен төркіндес болғанымен «бақталас», «тартыс», «бақас», «егес» деген түсінік бермейді деген тұжырым жасалады. «Бәсеке» ұғымын талдаулар көрсеткендей, адамдар мен тірі ағзалар арасындағы өзара тартыс, бақталастық, ізгілікке негізделмеген болса, бәсекелестік - бәсекеге қабілет іс-әрекетіне ұласып, бейімділік, іскерлік, талант пен кәсіптік міндетін табысты орындауға қажетті зиялылық деңгейінің маңыздылылығына тәуелді болашақ маманның әлеуметтік белсенділігінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Демек, бұл бәсеке қабілеттілік құндылық пен жоғары сапаның көрсеткіші. Атап айтсақ, тұлғаның дамуы барысындағы мақсаттың нақтылығы мен құндылық бағдарларының жиынтығы. Өйткені осы тұлғалық сапаның арқасында еңбек сүйгіштікті, жұмысқа шығармашылықпен қатынасушылығы, тәуекелшілдікке қабілеттілігі басты назарда болып, мұнда мәселені шешуде тәуелсіздік, лидерлікке қабілеттілік, күйгелек болмау, күйзеліске қарсы тұра алу, үздіксіз өзін-өзі дамытуға ұмтылыс, кәсіби өсу, өз кәсіби іс-әркетінің жоғары сапалы нәтижесіне ұмтылысы көрініс табады.
    Осыған байланысты диссертациялық зерттеуде, біз бәсекеге қабілеттілікті тұлғаның әлеуетті қасиеті – оның тікелей қызмет барысында басқалардан артықшылығын көрінетін тұлғалық сапасы ретінде қарастырамыз. Нарық экономикасының заманауи талаптарына төтеп бере алатын кәсіби білімді болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігі, жұмыс берушілермен стратегиялық серіктестік орнаған жағдайда нақты бәсекелестік нарық қатынастары бар кәсіпорындарда қалыптастырылуы мүмкін. Осындай ынтымақтастықтың формалары өте сан алуан болады: оқу жоспарлары мен бағдарламаларын келістіру, бизнес-қауымның өкілдерін білім процесіне тарту, ЖОО мен кәсіпорындардың әлеуметтік ынтымақтастығының барлық мүмкін түрлері және т.б.
    Келесі қарастырылатын болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігі - «іс- әрекет», «мамандық», «бағдар» сияқты кәсіби бағыттылықтың негізгі құрылымдарымен байланысты. Философиялық сөздікте бұл жердегі «іс- әрекетке» - мақсатты түрде адамның өзін және қоршаған ортасын өзгертумен байланысты тұрмыс-тіршілігінің маңыздылығы ретінде қарастырылады деген анықтама беріледі [83]. Ал, «іс-әрекет» «кәсіби бағыттылық» ұғымымен байланыстырылса, онда тек практикамен ғана емес теориялық іс-әрекет ретінде де яғни, болашақ педагогтың белгілі бір білім дәрежесін ғана емес сол білімді меңгерудегі іс-әрекет реттілігінің ғылыми бағытын айқындаушы міндетін атқарады.
    Бәсекеге қабілетті маманды сипаттай отырып, көптеген зерттеушілер (В.И.Андреев, А.А.Власова, Н.В.Тамарская, Е.А.Тенилова, Е.В.Максимова және т.б.) келесі тұлғалық қасиеттерді бөліп көрсетеді: кәсіби құзіреттілік; теориялық
    және практикалық дайындықтың жоғары деңгейі; ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері мен заманауи технологияларды жоғары деңгейде меңгеру; өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіру мен кәсіби өсуге ұмтылу; табысқа жетуге тырысу; шығармашылық пен инновациялық қызметке қабілеті; перспективаны, өзінің дамуын болжап, таңдай білу және мәселені жүйелі көре білу; мақсаттылық, құндылық бағдарлану, мақсаттарға жетудегі қажырлылық және кедергілерді жеңе білу; өндірістің заманауи технологияларына бейімделу қабілеті, еңбектің бір түрінен екіншісіне жеңіл ауысу, сондай-ақ мамандықтардың көпшілік түріне қажетті білім, білік және қабілеттерді меңгеру; ой икемділігі; өзін-өзі бағалай білу қабілеті; жауапты шешімдер қабылдау қабілеті; еңбекқорлық, тиімділік пен сапаға бағдарлану; тәуекелге бас тігу қабілеті; коммуникативтілік. Алайда бәсекеге қабілетті маманда болуы тиіс тұлғалық қасиеттер барлық зерттеушілерде бірдей емес.
    Ғалым В.И. Андреев бәсекеге қабілеттілікті тұлғаның шығармашылықпен өзін-өзі дамытуымен байланыстырады. Оның пікірі бойынша, «әртүрлі өмір жағдайларында өз бетімен қиындықтан шығуға, бәсеке күресіне дайын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру қажет». Сонымен қатар ол: «бізге жалпы бәсекеге қабілетті тұлға емес, бәсекеге қабілеттілікке өркениетті әдістер және құралдар арқылы қол жеткізген тұлға қажет», деп дұрыс атап өтеді [84, 165-б.,]. Біздің ойымызша, тұлғаның бұл қасиеттері барлық қызметкерлер үшін бәсекеге қабілетті дамытуға қажет қасиеттер, бірақ біздің зерттеуіміз үшін кәсіби білімді педагогтар үшін маңызды болып табылатын ерекше қасиеттер қажет болып табылады.
    Зерттеуші А.А.Власованың бәсекеге қабілеттіліктің мәні деп субъектінің, (студенттің) - (болашақ педагогтың) кіріктірілген жеке және тұлғалық сипаттамасы деп қарастырып, оған нақты мақсаттарды қоюды, құндылық бағдарларды анықтау біліктілігін, тәуелсіздігін, тәуекелге бас тігуін, көшбасшы болу қабілетін, толеранттылығын, еңбекқорлығын, үздіксіз өз білімін жетілдіруге ұмтылуын, стресске төзімділігін енгізеді, ал олар болашақ педагогтың зияткерлік, уәждік, эмоционалдық, қайсарлық, заттық-практикалық, экзистенциалдық саласы мен дербестігін өзі реттеу саласы компоненттері есебінен қалыптасады деген пікірін келтіруді орынды деп есептедік [85].
    Болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігін қарастыра отырып, Н.В.Тамарская, ол тек кәсіби компоненттермен емес, негізінен тұлғалық-дербес компоненттермен, яғни қабілеттерден, мінез-құлқынан, қажеттіліктер мен педагогтық қызмет пен педагогикалық қарым-қатынастардың өнімді болуына мүмкіндік беретін жағдайлардан тұратын дербес тұрақты қасиеттер жинағы арқылы анықталады, деп санайды [86]. Зерттеушінің пікірі бойынша, тұлғаның кіріктірілген құраушысы ретінде бәсекеге қабілеттілік келесі белгілермен сипатталады: олар қабілеттер – мақсаттар мен құндылық бағдарлардың нақтылығы, іске шығармашылық көзқарас, психологиялық икемділік, тәуелсіздік, тәуекелге қабілеттілік, көшбасшы болу қабілеті, толеранттық; мінез- құлық белгілері – еңбекқорлық, үздіксіз өзін-өзі дамытуға және тұрақты кәсіби өсуге ұмтылу жағдайы, стресске төзімділік.
    Келесі зерттеуші, ғалым Е.А.Тенилов, болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігін, егер ол ЖОО-да оқыған кезде келесі шарттар орындалған жағдайда қалыптастыру мүмкін деп санаған:
    а) ЖОО-ның оқу-тәрбие жұмысы жүйесінде әлеуметтік және кәсіби маңызды құндылық бағдарлардың қалыптасуы;
    ә) студенттердің кәсіби-тұлғалық қажеттіліктері өзектеліп, дамуы (студенттердің өзін-өзі жүзеге асырғанда, қызметте, қарым-қатынаста және т.б.); б) студенттердің кәсіби-тұлғалық өзін-өзі дамыту және өз бетімен білім алу
    – бәсекеге қабілеттілік негізі деген мақсаттың қалыптасуы [87].
    Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуда әлеуметтік және кәсіби құндылық бағдары, қарым-қатынас және өзін-өзі жүзеге асыруы маңызды рөл атқаратыны анық.
    Е.В.Максимова педагогикалық ЖОО түлегіндегі «бәсекеге қабілеттілік» ұғымын осы тұлғаның социумда табысты әрекет етуіне мүмкіндік беретін негізгі құзіреттіліктердің, құндылық бағдарлардың жиынтығын білдіретін тұлғаның кіріктірілген қасиеті деп қарастырады [88]. Бұл орайда біз автордың пікірімен келісе отырып, бәсекеге қабілеттілік сияқты тұлғалық сапамен қатынаста болатын, оның құрамындағы - тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі және құзіреттілігі сияқты қасиеттерін мақұлдаймыз.
    С.Д.Резник пен А.А.Сочилова бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру процесінің өте маңызды сипаттамасын береді, ол бойынша студенттер екі бірдей нарықта: білім беру нарығы мен еңбек нарығында әрекет етеді. Бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудың көптеген формалары болса да, дайындықтың ЖОО жүйесі негізгі болып табылады, деп есептей отырып, зерттеушілер студенттің оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін субъектілерімен: жұмыс берушілермен, ЖОО-мен, мемлекет және билік органдарымен өзара әрекетін нығайту маңыздылығын атап өтеді [89].
    Аталған ғалымдар ЖОО студентінің еңбек нарығында күн сайын өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайындағы студенттің ЖОО аяқтау мезетінде өзінің мүмкіншіліктері мен әлеуетін барынша пайдалана отырып, білім, білік және дағдысының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету бойынша жеке бәсекеге қабілеттілігін бөліп көрсетеді, бірақ, өкінішке орай, еңбек ұжымының басқа мүшелерімен ынтымақтастағы өзара әрекетке негізделген коорпоративтік бәсекеге қабілеттілікті бөліп көрсетпеген.
    Ғалым, С.Н.Ярошенко студенттердің бәсекеге қабілеттілігін, негізгі құзіреттіліктер мен жеке-тұлғалық қасиеттер ресурстарын жұмылдыру негізіндегі бәсекелестік жағдайындағы кәсіби қызметте табысқа жету қабілеті ретінде нақтылайды. Осы зерттеуші әртүрлі қызмет түрлерінде табысқа жету қабілеті ретінде анықтайтын жеке бәсекеге қабілеттілікті бөліп көрсетеді. Табыстылық, когнитивтік, тұлғалық және әрекеттік компоненттер кіретін негізгі тұлғалық қасиеттердің болуымен анықталады [90]. Автордың, тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі, ол жұмысқа орналасу кезінде бос орынға, қызметтік өсу барысында ұйымдағы лауазымдық қызметке бәсекеге түсу кезінде және т.б., яғни кәсіби ортада көрінуі керек деген пікірімен толық келісеміз.
    А.А.Ангеловский, студенттердің ЖОО-да бәсекеге қабілеттілігінің қалыптастырылу процесін қарастыра келе, оның негізгі компоненттері ретінде мақсатты, мазмұнды, ұйымдастыру формаларын, әдістері мен нәтижелерін бөліп көрсетеді. ЖОО студенттерінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың құрылымдық-функционалдық моделін ғалым өзара байланысқан блоктар: білім беру және ұйымдастыру қызметі, сондай-ақ бәсекеге қабілетті маманның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту қызметі кіретін тұтас және көп деңгейлі динамикалық жүйе ретінде қарастырады [91].
    Е.В.Астапенко, бәсекеге қабілеттілік әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде жауапкершілік шешімдерді қабылдау үшін шығармашылық тәсіл, өзін- өзі бағалай білу, өзін-өзі көрсете алуы, өз білімін көтеру қызметіне мұқтаждық, өзара әрекет ете білу сияқты сапалық мінездемелер кіретін тұлғаның кіріктірілген қасиеті деп дәлелдейді [92].
    Т.А.Жданко, студент тұлғасының бәсекеге қабілеттілігі деп, қызметті табысты орындауға негіз болатын тиімді танымдық белсенділік, мақсаттылық, еңбекқорлық, креативтік, сынилық, тәуекелдік, стресске төзімділік, көшбасшылық сияқты кіріктірілген тұрақты сапалар жиынтығы ретінде түсіндіреді. Автор, ЖОО-ның білім беру-кәсіби кеңістігі – ол көп функционалдықпен сипатталатын студент тұлғасының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру бойынша өзара байланысқан білім беру және кәсіби құрылымдардың арнайы ұйымдастырылған жиынтығы деп қарастыра келе, осы процестің келесі компоненттерін: білім, кәсіби, практикалық, зерттеушілік, басқару, қаржы-экономикалық процестерін бөліп көрсетеді және көп бейінділік

    • ЖОО, мекемелер мен кәсіпорындар аясындағы қызмет қажет, деп дәлелдейді. [93]. Ғалымның бәсекеге қабілетті педагог даярлауда университет ортасының алатын орны жайындағы көзқарасы көңілге қонымды

    Т.В. Валежанинаның еңбегінде шағын инновациялық өндірістер мен жоғарғы оқу орындарының әлеуметтік серіктестік негізінде болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда біздің мәселемізге сәйкестігі байқалады. Зерттеу жұмысында болашақ педагогтардың ЖОО мен шағын инновациялық өндірістердің әлеуметтік серіктестігінде бәсекеге қабілеттілік сапасы нәтижелі болатынына сенім білдіретінін айтады [94]. Қарастырылған мәселе бәсекеге қабілетті болашақ педагогты даярлауда негізге алуға болатындығымен ерекшеленеді
    Отандық ғалым А.Қ.Қозыбай инженер-педагогтың кәсіби даярлығын ЖОО жүйесінде қалыптастырудың тұжырымдамасын жасаған. Онда инженер- педагогтің кәсібилігін қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие процесінің тұтастығы мен реттілігін арттыру, оқу материалын игеру қарқынының өзгермелілігін және инженерлік-педагогикалық қызмет тәсілдерін, болашақ инженер-педагогтің кәсіби дамуының жеке бағдарламасын құру шарты ретінде кәсіби даму деңгейіне қарамастан барлық студенттердің танымдық қызығушылықтарын толық қанағаттандыру, білімді игеру процестерін және инженерлік-педагогикалық қызметті орындау тәсілдерін оңтайландыру жүйесін негіздеген [95]. Болашақ педагогтың бәсекеге қабілетті болуына танымдық
    қызығушылығы мен жеке өзіндік ұстанымының болуы шарт екені зерттеу жұмысы бағыттылығының ортақ екенін аңғартады.
    Ал, А.К. Рысбаева өз зерттеу жұмыстарында: табыс, табыстылық мәселелерінің әртүрлі аспектіде бірнеше бағыттарда қарастырғанын көреміз. Табысты студент – ол табысты маман. Табысты маман – еліміздің жарқын болашағы. Автор ғылым салаларындағы «оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығы» ұғымына берілген анықтамаларды саралай келе, оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын– студенттердің білімі мен дағдылары, негізінен танымдық іс-әрекеттері арқылы қалыптасады, яғни оқу әрекетін табысты ету ол тікелей таным әрекетіне байланысты деп тұжырымдайды [96]. Ғалымның пікірімен келісе отырып, педагогикалық ЖОО студенттерінің оқу-танымдық іс- әрекет табыстылығын дамыту бәсекеге қабілетті сапалы маман даярлаудың негізі деген пікірімізді білдіреміз.
    Біздің қарастырғанымыз болашақ бәсекеге қабілетті педагог дайындау мәселесі болғандықтан сол бағыттағы жұмыстарды басымдылықпен зерделедік. Олардың ішінде Ресей ғалымдарының еңбектері де бар. Төмендегі 2-кестеде талданған ғылыми-педагогикалық зерттеулер бойынша жинақталған мәліметтердің кейбірінің қысқаша талдамалары келтіріледі.

    Кесте-2. Педагогика-психологиялық диссертациялық зерттеулердегі болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуы мен дамуын қарастырған еңбектер тізімі








    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет