Әлеуметтік серіктестік


жүйелілік тұғыр (Блауберг В.Н. Садовский Э.Г. Юдин, Е.Н.Степанов, Ш.Таубаева және т.б.); -құзыреттілік



бет20/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77
бәскеге (1)

жүйелілік тұғыр (Блауберг В.Н. Садовский Э.Г. Юдин, Е.Н.Степанов, Ш.Таубаева және т.б.);

-құзыреттілік тұғыр (А.А.Вербицкийдің, Е.А.Гнатышинаның, И.А.Зимняяның, А.В.Хуторской және отандық ғалымдардан: А.А.Бейсембаева, Ү.Б. Жексенбаева, М.Ж. Жадрина, К.Н.Нарибаев, К.У.Кунакова, Қ.Ж.Аганина, М.А.Абсатова, М.К.Джандильдинов т.б.)

  • аксиологиялық тұғыр (Н.Д.Никандров, Е.А.Климов, А.Г.Асмолов, Ш.А.Амонашвили, Г.К.Нұрғалиева, және т.б.);

  • акмеологиялық тұғыр (А.А.Бодалев А.К. Маркова; А.А.Деркач, М.Ә.Құдайқұлов, Б.А.Тұрғынбаева және т.б.);

  • синергетикалық тұғыр (М.С. Каган, Е.Н.Князева мен С.П.Курдюмов М.Р. Молдабекова, З.Ж.Жаңабаев, С.Б.Тарасов, Б.А.Мукушев, К.К.Кусаинов т.б.)

Осы тұғырлардың мәнін қысқаша қарастырып, алдымызда тұрған мәселені шешу үшін олардың маңызын анықтауға тырыстық.
Блауберг, В.Н.Садовский, Э.Г.Юдин және т.б. ғалымдардың еңбегі арналған жүйелілік тұғыр тікелей «жүйе» ұғымымен байланысты. Бұл тұғыр кез келген зерттеудің жалпы ғылыми негізі болып табылады. Ол мәселені дұрыс қойып, ғылыми ізденістің жалпы бағытын анықтауды қамтамасыз етеді. Міне сондықтан ғылыми танымда тұғырға жетекші рөл беріледі. Е.Н.Степанов, «педагогикалық ғылым мен практикада жүйелі тұғырды пайдалану қажеттілігі анық, өйткені педагогтар жүйелер әлемінде тұрақты болады және сонда әрекет етеді», - деп дұрыс айтқан [113, 86-б.].
Жүйелілік тұғыр біздің алдымызда тұрған мәселені зерттеу және шешу үшін келесі негізгі ережелерді бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:

  1. жүйелілік тұғыр болашақ бәсекеге қабілетті педагогтерді даярлаудың барлық кезеңдерінде кешенді зерттеуді қамтамасыз етеді;

  2. болашақ педагогтардың тұлғалық бәсекеге қабілеттілігі барлық компоненттері өзара байланысқан тұтас педагогикалық процесте қалыптастырылады;

  3. болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру тиімділігі мақсатты бағытталған жүйелі әсер етуді ұйымдастыруға тәуелді болады.

Алайда, күшті әдіснамалық маңыздылығына қарамастан, болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін жүйелілік тұғыр жеке толық шеше алмайды. Сондықтан педагогикалық теорияда кеңінен пайдаланыла бастаған құзіреттілік тәсілімен бірлікте қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет