Әлеуметтік серіктестік



бет21/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77
бәскеге (1)

Құзіреттілік тұғыр «құзіреттілік» «құзірет» ұғымымен тікелей байланысты. Педагогикалық зерттеулерде құзірет-құзіреттілікті қалыптастыру және құзіреттілік тұғырды пайдалану өзектілігінің бірнеше себептері бар, соның ішінде жоғары білімдегі стандарттар, оқыту мазмұны білім алушылардың нақты құзіреттіліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.
Ғылыми әдебиеттерге сүйенсек, «құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту процесінде білімді қолданудың соңғы нәтижесі ретінде қарастырылуда [114]. Білім беру үдерісінде «құзыреттілік» ұғымы болашақ маманның білімі мен практикасын, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады.
Құзіреттілік тұғырдың педагогикалық түсіндірмесі А.А.Вербицкийдің, И.А.Зимняяның, Ж.А.Шуткинаның, А.В.Хуторскойдің және т.б. еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Ж.А.Шуткинаның құзіреттілік тұғырды педагогикалық құбылысты құзіреттердің жүйеленген түрі, сондай-ақ оларды қалыптастыру жолдарын анықтау түрінде білім үдерісінің нәтижесі ретінде сипаттайды [115]. Ал, К.С.Құдайбергенева «құзыреттілікті» педагогиканың категориясы тұрғысынан жан-жақты зерделеп, мұғалімнің құзыреттік – нені білуін, нені түсінуін, меңгеруін немесе неге қабілетті екендігін көрсетуі, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығаруы [116] деп қарастырса, М.К.Джандильдинов ЖОО студенттердің кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерін дамытудың педагогикалық шарттары мен бағалауды өлшеу мәселесінің өзектілігін келтіреді. Мұнда білім алушылардың білігі мен дағдылары сыртқы бағалауға тиісті деңгейдегі талаптарды іске асырылатынын дәйектейді [117].
Бұдан болашақ педагогтардың өмірдегі мәселелер мен жағдайларды іс әрекетінің сапалы, болуын қамтамасыз ететін жеке тұлғалық практикаға енген білім, білік, дағды, қабілеттердің жинағы немесе әмбебап жүйесі екені аңғарылады.
Құзіреттілікті қалыптастыруда үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: дәрежелік, болашақ педагогтардың кәсіби рефлексиясын дамытудың дәрежелік- позициялық заңдылықтарын ескере отырып белгілеген позициялық кезең және білім алушылар мен оқытушылардың құзіреттілігінің қалыптасуын бақылау мен бағалауға қажетті қорытынды кезең. Аталған кезеңдердің ерекшелігі құзіреттілікті қалыптастырудың көрсетілген мазмұнынан және кәсіби оқытудың әдістемелік әдістерін, оны жүзеге асыруды таңдау талаптарынан көрінеді [118]. Оқытуды ұйымдастырудың әмбебап формасы ретінде блокты-модульдік технология болуы мүмкін, онда құзыреттілік амалды іске асырудың обьективті
мүмкіндігі бар [119].
Демек, болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігін зерттеу және шешу барысында ескерілетін құзіреттілік тұғырдың ережелеріне біз келесілерді жатқызамыз:

  1. құзіреттілік тұғыр болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың мақсаты және нәтижесі ретінде негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  2. оқу үрдісін ұйымдастыру болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігі құрамына кіретін құзіреттіліктерді қалыптастыру үшін жағдай жасау болып табылады;

  3. білім нәтижелерін бағалау болашақ педагогтар қол жеткізген құзіреттілікті меңгеру деңгейін талдауға негізделеді.

Сонымен, құзіреттілік тұғыр кәсіби-педагогикалық білімнің мақсаты және нәтижесі және осы құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған оқу үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Әдіснаманың жүйелік және құзіреттілік тұғырлары отандық педагогиканың іргетасын құрайтыны және болашақ педагогтың тұлғалық бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселесінің негізгі шешімі екені сөзсіз. Осы тәсілдер педагогикалық теорияда да, практикада да жоғары деңгейде бағаланған, олар қосымша бағалауды қажет етпейді.
Біз қарастырып отырған мәселені шешуде аксиологиялық тұғырды тірек ету зерттеуіміздегі бәсекеге қабілеті педагогтың түрткісі болып табылатын
«бәсеке» ұғымы аксиологияның ғылыми аймағындағы «құндылық», «құндылық бағдарлар» контексінде қарастырылуымен тығыз байланысты. Жеке тұлғаның мәндік күші, оның дүниетанымдық және адамгершілік сапаларының қалыптасуы, тұлғаның рухани дамуы, әлемге және адамға эмоционалдық құндылық қатынастың қалыптасуы және т.б. білім берудің мәдени гуманистік қызметтерін негіз етіп алатын педагогикалық аксиология аясында шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет