Әлеуметтік серіктестік


Теория мен практиканың бірлігі ұстанымы



бет25/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77
бәскеге (1)

Теория мен практиканың бірлігі ұстанымы педагогикалық зерттеулерде үлкен роль атқарады. Практика танымдық әрекеттің негізі, сондай-ақ қайсы бір теориялық ереженің ақиқаттығының өлшемі. Дегенмен де практикаға негізделмеген теория өнімсіз болады. Сондай-ақ теорияны басшылыққа алмаған практикада стихийялылық, тиімсіздік орын алады. Теория практикаға жол ашады. Осыған орай болашақ педагогтарды даярлауда практика теорияның мәнін ұғып, оны практикаға қолданып көру, өз әрекетін жетілдіруге ықпал етеді. Біздің зерттеуіміздің басты мәселесін дұрыс шешу үшін де дәл осы ұстанымды басшылыққа алу тиімді деп есептейміз және ол практикалық жұмыс барысында дәлелденетін болады.
Субъектілік ұстанымы.«Субъект» ұғымы (латынша – subiectum – бастаушы) – болмысты тану мен өзгертудің бастауы ретіндегі индивид немесе топ; белсенді жеткізуші деп аударылады. Бұл - философия, психология және педагогика ғылымдарында бірдей қолданылатын ұғым. Философияда адам әлемдегі үнемі қайта жаңару жағдайында болатын жан, ал сол жаңару адамның өзінің ұмтылысы нәтижесінде, өз ойларын ұмтылыстарына бағындыру нәтижесінде іске асады деген мағынада қолданылады.
Субъект - өзін-өзі ұйымдастырудың белгілі бір сапалы тәсілі, тұлғаның өзін- өзі реттеуінің, ішкі және сыртқы жағдайлардың келісуінің тәсілі, барлық психикалық процестердің, күйлердің, қасиеттердің реттеу орталығы, сонымен бірге қабілеттердің, объективті және субъективті мақсаттарға қатысты іс- әрекеттің міндеттеріне сәйкес тұлғаның мүмкіндіктері мен шектеулерінің формасы. Субъектінің тұтастылығы, бірлігі және кіріктірілуі оның психикалық қасиеттері жүйелілігінің негізі болады.
Ғылымда субъектілікті белсенділіктің көрініс беруі деп түсіндіреді. «Білім субъектісі» деген сөз тіркесі ішкі әлемді өзгерте алушы мағынасында, ал
«субъектінің пайда болуы» оның өзгеруі сыртқы әлемнің әсерінен болғанда қолданылады. Бұл екеуінде де ішкі және сыртқы жағдайлардың түйісуі, іс- қимыл, әрекет, ересектік ұғымдарының қатысы бар. Осыдан барып «әрекеттің субъектісі», «субъектінің әрекеті» тіркестері туындайды. Бұл турасында – ішкі әлемді (сананы) өзгертуге бағытталған, сыртқы әсерден (нақты жағдаят) болатын әрекет деген пікірімізді білдіреміз. Біз қарастырып отырған бәсекеге қабілеттілік сияқты сапа болашақ педагогтың өз белсенділігі арқылы қалыптасады. Ал әлеуеметтік серіктес мекемелер білім субъектісінің кәсібилікке қатысты
қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет