Әлеуметтік серіктестік



бет28/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77
бәскеге (1)

мақсатты топ - өзара әрекет оның мәселелерін шешуге бағытталған;

  • өзара әрекет субъектілері;

  • тараптардың қатысу уәждері, олардың пайдасы;

  • өзара әрекетпен қамтамасыз етілетін қызмет түрлері (бағдарламалар, жобалар, жоспарлар және т.б.);

  • тараптар күштерін, үйлестірудің ұйымдастыру формалары (кеңес, комитет, ресурс орталығы және т.б.);

  • тараптардың мәселені шешуге қатысуы (қайырымдылық, демеушілік, тауар алмасу, инвестициялық, меншікті серіктестік);

  • әр тараптан өзара әрекетке тартылатын ресурстар мамандық, қаржы, материалдық, ұйымдастырушылық және т.б.;

  • қарым-қатынастар – бір реттік, кезеңді, ұзақ;

  • өзара әрекет нәтижесінде болжанатын, өзгерістер – жергілікті, модульді, жүйелі;

  • өзара әрекет сипаты – ведомствоішілік (білім кеңістігінде); ведомствоаралық (білім, мәдениет, спорт, жастар саясаты, әлеуметтік қорғау және т.б. мекемелер арасындағы); сектораралық (мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар мен бизнес-құрылымдар арасында);

  • әлеуметтік-білім бойынша өзара әрекеттердің нормативтік-құқықтық базасы (шарттар, келісімдер, ережелер және т.б.);

  • әлеуметтік серіктестіктің негізгі қағидалары: - тараптар өкілдерінің уәкілеттілігі; - тараптар теңдігі; - талқыланатын мәселелерді еркін таңдау; - міндеттерді қабылдау еріктілігі; - тараптар мүдделерін құрметтеу; - ұжымдық шарттарды, келісімдерді міндетті орындау; - келісім бойынша тараптар қабылдаған міндеттемелердің орындалуы үшін олардың жауапкершілігі; - әлеуметтік серіктестіктің нығаюы мен дамуына мемлекеттің қолдау көрсетуі болып табылады [172].

    Біз көптеген зерттеушілердің әлеуметтік серіктестікті, ең алдымен, белгілі бір мақсаттары бар және белгілі бір процедуралармен жанамаланған белгілі бір принциптерге негізделген әлеуметтік субъектілер қатынастарының ерекше типі ретінде түсіндіретіндігін атап өткенбіз. Бұл жағдайда, біз үшін осы феноменнің екі тектік сипаттамасын – оның субъектілік және әрекеттік табиғатын түсіндіру маңызды болып табылады. Әлеуметтік серіктестіктің екі көріністік табиғатын түсіндіру бізге бірінші тезисті баяндауға мүмкіндік береді.
    Ол, «әлеуметтік серіктестік дегеніміз, әлеуметтік құрылыммен және осы құрылым субъектілерінің әрекетімен негізделген құрылымдық-әрекеттік феномен болып табылады», деген тұжырым. Әлеуметтік серіктестіктің кіріктірілімдігі осы тұрғыдан қарастырғанда, осы феномен нормативтік- құндылық сипаттамаларымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымы ретінде де, сондай-ақ осы құрылымды қалыптастыратын әрекет ретінде де көрсету болып табылады.

    Сурет – 4. Кәсіби білім берудегі әлеуметтік серіктестіктің жұмысының бағыттары


    Әлеуметтік серіктестіктің қысқаша талдамасын социомәдени феномен ретінде түйіндей отырып, біз келесі тезисті қалыптастыра аламыз. Бұл құрылымның социомәдени феномен ретіндегі кіріктірілімдігі оның екі жақты табиғатында болып отыр. Бір жағынан, әлеуметтік серіктестік – ол үнемі мәдениетаралық алмасу мен әлеуметтік өмірдің мәдениеттенуінің өнімі, нәтижесі. Әлеуметтік серіктестік қатынастары өзара әрекет ететін тараптар мәдениетімен анықталады, оған бағынышты. Екінші жағынан, нақ осы әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынас процесі мәдениетті қалыптастыру, оған қолдау көрсету және оны дамыту құралы болып табылады [173].
    Кәсіби білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік қызметі 4-суреттегі бағыттар бойынша жүзеге асады.
    Білімдегі әлеуметтік серіктестік оза даму үшін мына төмендегідей қосымша мүмкіндіктер береді: еңбек нарығына қанша маман даярлау керектігіне қатысты ақпарат алуды жеңілдетеді; жұмыс бершілердің маман даярлау мазмұнына қоятын талаптарын қамтамасыз етеді; қолданыстағы оқу жоспарларының жұмыс берушілер талаптарына сәйкес түзетіліп, қосымша жаңа бағдарламалар жасау үдерісін жеңілдетеді; студенттердің тәжірибе жнақтауын ұйымдастырудың кең мүмкіндіктері ашылады; оқу орынын бітірушілердің жұмысқа орналасуының мүмкіндіктері артады деген тұжырымға келеміз.
    Қазіргі кезде жоғары педагогикалық білім беретін оқу орындарының міндеті ретінде – болашақ маманды әлеуметтік қатынастардың және өз тіршілік әрекетінің субъектісі болып, әлеуметтік педагогикалық қызметінің мәнін түсініп, тұлғалық және кәсіби дамудың басымдылықтарын айқындай алуға үйретудің өзектілігі артуда. Бұл ретте педагогикалық оқу орыны ғылым мен мәдениеттің және тәрбиенің орталығы қызметін атқарады. Дегенмен оқу орынының мұндай мүмкіндіктерін әлеуметтік серіктес мекемелер қызметімен ұштастыра жүргізу ортақ істе сапалы нәтижелерге жеткізеді деп санаймыз.
    Қорыта келе айтарымыз, педагогикалық мамандарды даярлауда сапаға қол жеткізу үшін ғылым мен тәжірибенің ең озық тәжірибелерін пайдалану қажет болса, әлеуметтік серіктестік технологиясы осындай жаңашылдық қатарына жатады. Ал осы мәселенің шет елдік практикасы келесі параграфта сипатталады.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет