Әлеуметтік серіктестік


Әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілетті педагог даярлаудың шетелдік тәжірибесі



бет29/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77
бәскеге (1)

Әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілетті педагог даярлаудың шетелдік тәжірибесі


Қазіргі таңда шет елде кәсіби қоғамдар маңызды интегративті рөл атқарады. Олар оқу орындары мен өндірістік құрылымдар арасындағы байланыстыру буыны міндетін атқарып, өндіріс мамандарын, оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін, сәйкес салада белгілі мамандықтарды дамыту мен мамандарды дайындауды жетілдіруге мүдделілерді біріктіреді.
Жұмысымыздың осы параграфында алдыңғы қатарлы мемлекеттердің әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілетті педагогтар даярлау тәжірибесін талдап, олардағы серіктестіктің қызметіне сараптамалық талдаулар
жасау, өз елімізде бұл практиканы кеңінен қолдануға мүмкіндік береді деп санаймыз.
Болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілеттілігін дамытудың ғылыми – практикалық негіздерін жасауда бұл феноменнің көш басшысы Германиядан бастап, АҚШ, Ирландия, Дания, Канада, Франция, Швеция, Швецария, Австрия, Норвегия, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия, Финляндия, Австралия және т.б. елдерінің практикасына жүгінуді жөн көрдік.
Бүгінде Германиядағы әлеуметтік серіктес - кәсіпорындардың кәсіптік білімге тікелей қатысуын көздейтін оқытудың дуалды жүйесі әлемдік деңгейде үлкен мәнге ие болып отыр [174].
Германиядағы білім беру жүйесінің негізгі үш бағыты бар:

  1. Дуалдық білім беру: оқыту ішінәра кәсіптік-техникалық мектептерде және ішінара - компанияларда өтеді; қолжетімді мамандық саны - шамамен 350 ( білім алушылардың 66%)

  2. Оқу орындарында білім беретін кәсіптік - техникалық мектептер: өндірістік тәжірибе орындары мектептің өзі болып табылады. Сол сияқты мектептер білім беру, денсаулық және әлеуметтік қызметте тартылған (шамамен білім алушылардың 27%)

  3. Транзиттік жүйе: кәсіптік – техникалық білім беру сыртқы тренинг орталықтарында өткізіледі (шамамен білім алушылардың 7%) Оқу бағдарламасы: бағдарламаның 1/3 бөлігін жалпы білім беретін пәндер, 2/3 бөлігін арнаулы пәндер құрайды.

Білім беру жүйесінің қатысушылары өзара төрт жақты бірлестікте:

  • Германияның Федералдык Үкіметі - іс-әрекеттегі заңнамаға сәйкес оқыту бағытын анықтайды;

  • жерлер, штаттар - кәсіптік - техникалық мектептер үшін критерийлерді әзірлейді;

  • жұмыс берушілер мен кәсіподақ – білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;

  • палаталар - компаниядағы тағылымдаманы бақылайды, тағылымдама шартын тіркейді, емтихан тапсыруды бақылайды.

Аталған бірлестіктер кәсіптік білім беру және оқыту Федералды институты оқытушылар құрамының біліктілігін жоғарлату және оқу - әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Мұнда білім алушылар 20%- 40% оқу уақытын кәсіпорындарда өткізеді. Компания тағылымдаманы қаржылауға жауапты. Кейбір салаларда (мысалы құрылыста) қаржылау туралы шешім ұжым кеңесінде қабылданып, компания ортақ қорға жарна төлеп, соның есебінен келешекте компания үшін тағылымдамаға кеткен шығын жабылады. Дуалдық білім ошақтар жүйесі Жерлермен (штаттар) және жергілікті мемлекеттік органдардың каражатымен қаржыландырылады. Қазіргі уақытта ұлттық инновациялық жүйені қолдаудың барлығы үш негізгі бағытын: инновациялық кәсіпкерлікті жүргізу жағдайын жақсартуды, білікті мамандарды дайындау үшін білім мен ғылымды дамыту және инновациялық кәсіпкерлікті
қаржыландыруды бөліп көрсетеді. Осы міндеттерді неміс мемлекеттік органдарының орындауы айтарлықтай табысты деп танылады
Бұл жүйенің бізді қызықтыратын ерекшелігі маман даярлайтын оқу орыны әлеуметтік серіктес болған мекемелердегі ең таңдаулы қызметкерлердің кәсіби білім бағдарламаларын жоспарлау мен жүзеге асыруға, өндірістік білім нұсқаушылары ретінде бірлесе жұмыс жасауға тартуында деп есептейміз. Осылайша өндірістегі ең тәжірибелі қызметкерлер өзінің кәсіби құзіреттіліктерін білім алушыларға беруіне жақсы жағдай жасайды. Тіпті бұл елдің дуалдық білім беру жүйесіне кірмейтін оқу орындарының өзінде білімгерлер жергілікті мемлекеттік органдардың қаражаты есебінен тегін оқытылып, оқыту формасы дуалдық жүйеде білім беру ошақтарымен бірге, оқушылар таңдаған мамандығын өндірісте игеру мүмкіндігіне ие бола алады. Аптаның 1-2-сі оқу орнында, 3-4 күні кәсіпорында өткізіледі. Бұл неміс мектептерінің контингенті шамамен түлектердің 65% білімін кәсіптік колледж бағдарламасы шеңберінде алады. Түлектердің 25% білімдерін жоғарғы оқу орындарында жалғастырса, шамамен 10% жұмыскерлер санын толықтырады. Білім алушылар игеретін мамандығы бойынша, теориялық білім алып, кәсіпорын шеберлерінен практикалық машықтарын қалыптастырады [175]. Бұл айтылғандардан Германиядағы білім беру мазмұнында әлеуметтік серіктес мекемелердің болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін дамыту мемлекеттік жүйесі дұрыс жолға қойылғандығын көреміз.
Ал, енді АҚШ мемлекетінің болашақ мамандарды бейінді дайындау мәселесі, Германиядан көп кейін қолға алына бастаған. АҚШ-тың осындай дайындық ерекшеліктерінің бірі әлеуметтік серіктестікте болашақ маманды өзіндік «жасау» болып табылады. Мұнда дамудың үш векторы байқалады:

  1. инновациялық сала, негізгі институттарының технобақтар мен венчурлы қорларының пайда болуы;

  2. кіші инновациялық компаниялардың жоғары белсенділігі. Бұл айтарлықтай деңгейде осындай фирмаларды қолдаудың арнайы мемлекеттік бағдарламаларының болуымен, сондай-ақ венчурлы капиталдың – қаражаттардың негізгі көзінің дамуы және қолжетімділігімен байланысты.

  3. АҚШ университеттері іргелі және қолданбалы зерттеуші мамандарды дайындаумен тығыз байланысқан өзіндік зияткерлік орталықтар болып табылады.

АҚШ университеттерінің жекеменшік ғылыми-зерттеу қызметтеріне мемлекеттік қолдау көрсету мемлекеттік болғанына қарамастан басқа елдерге қарағанда айтарлықтай жоғары, ал АҚШ университеттері қызметкерлерінің зияткерлік қызметтерінің нәтижелерін «тиімді пайдалану» деңгейі – әлемде ең жоғары болып табылады. Университеттердің ғылыми-зерттеу жобалары гранттар, бірлескен қызметтер туралы келісімшарттар мен келісімдер формасында федералдық үкімет тарапынан қаржылық қолдау алады [176, 17- 28б.]. Мемлекеттегі оқу орнындарындағы берілетін біліктер мен дәрежелер және Қазақстандағы білікті кәсіби білім беру жүйесімен сәйкестігі мен
әлеуметтік серіктес мекемелерінде маман дайындау мәселесінің жоғары екенін көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет