Ирландияда жоғары білім мен әлеуметтік серіктестер арасындағы байланысты дамыту бойынша бірқатар бастамаларға қолдау көрсетіледі. Осындай бастама мысалы инновациялар үшін мүмкіндіктерді құру және пайдалану, білім жинақтау және ауысу мақсатындағы ғылым, инженерия және технологиялар орталықтарын бекіту т.б.
Жоғары оқу орны жанындағы қолданбалы зерттеу орталықтары қандай да болмасын жобаның, әлеуметтік серіктестермен бекітілетін шарттардың, зияткерлік, жекеменшік құқықтарын қорғаудың коммерциялық мүмкіншіліктерін анықтау үшін зерттеушілермен жұмыс істейді. Бұдан басқа, академиялық зерттеулер мен әлеуметтік серіктестік арасындағы байланысқа қолдау көрсету негізінен био және компьютерлік технологияларға мамандандырылған стратегиялық зерттеу кластерлері ішінде жүзеге асырылады [177]. Аталған жағдайлар елдегі маман дайындау мәселесіне әлеуметтік серіктестіктердің айтарлықтай үлес қосатынын көрсетеді.
Практикасын талдайтын келесі мемлекет - Дания. Бұл елде университет және әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара әрекет басқа көптеген елдермен салыстырғанда біршама дамыған. Даттық инновациялық жүйенің маңызды бөлігін салалық ғылыми-зерттеу институттары құрайды. Олар әртүрлі министрлікке бекітілген және зерттеулер сәйкес министрліктің қажеттіліктеріне сәйкес жүргізіледі. Институттар ұлттық бюджеттен базалық қаржы алады; сондай-ақ олар зерттеу кеңестері, министрліктер немесе басқа мекемелер арқылы ашық конкурс көмегімен таратылатын мемлекеттік құралдардан қаржы ала алады, сондай-ақ коммерциялық қызметтен де өздерін қаржыландырады.
Білім Министрлігі білім беру аймағында жалпы саясат үшін жауапты, және де мемлекеттік саясатпен сәйкес білім беру мекемелері бағдарламасымен қамтамасыз етеді, оқу орындарындағы дайындыққа жауап береді, ал әлеуметтік серіктестер өндірістерде және компанияларда өтетін тәжірибе бөлігіне жауапты.
Жұмыс беруші ретінде әлеуметтік серіктестер оқытудың әр деңгейінде белсенді қатысушы болып табылады, олар оқу бағдарламаларының мазмұнының еңбек нарығына сәйкес екенін, сонымен қатар кәсіпорын мен бизнес шеңберінде берілген біліктіліктің тануын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік серіктестер көптеген жергілікті, салалы және ұлттық деңгейдегі кеңестер мен ассоциациялар арқылы ұсынылады. Болашақ мамандар әлеуметтік серіктестер тарапынан білім алу барысында елде төленетін төлем ақыны ала алады. Сонымен қатар, Данияда мемлекет есебінен тегін кәсіптік - техникалық білім алу қарастырылған.
Данияда да «ауысып отыратын» оқу үрдісі ретінде сипатталатын дуалды оқыту жүйесі қалыптасқан: ол бойынша шамамен оқудын 75% кәсіпорындарда практикалық оқыту құрайды, қалған 25% - жалпы пәндер бойынша оқу орнында өтеді. Болашақ мамандардың 80% жұмысқа орналасады. Мектеп түлектері бірден кәсіптік оқу орнының базалық курсына түсе алады немесе шарт жасасу
негізінде компанияға көмекші ретінде бара алады [178]. Бұл келтірілген мәліметтерден дат елінде әлеуметтік серіктестердің маман дайындауға деген өзіндік ықпалын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |