ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 7
1. Орта ғасырлар. Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялар.
. САЯСАТТАНУ
7 БИЛЕТ
1)ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ АРАБ ФИЛОСОФИЯСЫНДА САЯСАТ, МЕМЛЕКЕТ
ЖӘНЕ БИЛІК ПЕН ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
ОЙЛАР ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ (870-950 ЖЖ) ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. САЯСАТ,
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРҒА
КӨҢІЛ БӨЛМЕГЕН АРАБ ФИЛОСОФЫ БҰЛ
ҰҒЫМДАРДЫ СИНОНИМДЕР РЕТІНДЕ БАҒАЛАП САЯСАТ ПЕН
САЯСИ ІЛІМНІҢ БАСҚА ВАРИАНТТАРЫН ҰСЫНДЫ.
САЯСИ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАСТЫРУДА АРАБ-МҰСЫЛМАН
ФИЛОСОФЫ КӨП ЖАҒДАЙДА ГРЕК ОЙШЫЛДАРЫ
АРИСТОТЕЛЬ ЖӘНЕ ПЛАТОННЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕ СҮЙЕНДІ. САЯСАТ -
ОЛ ҮШІН ӨЗІ
«ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА» ДЕП АТ ҚОЙҒАН ИДЕАЛДЫ МЕМЛЕКЕТ
ІСТЕРІ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ БОЛЫП САНАЛАДЫ.
МҰНДАЙ ҚАЛАЛАР РЕТІНДЕ БІРГЕ ТҰРҒАН, МАҚСАТТАРЫ БІР, БІР
БАСШЫЛЫҚҚА БАҒЫНҒАН ШАҒЫН
ҚАУЫМНАН БАСТАП АРАБ ХАЛИФАТЫНА ДЕЙІНГІ АДАМДАР
ҚАУЫМДАСТЫҒЫН ТҮСІНДІ.
ӘЛ-ФАРАБИ «ҚАРАПАЙЫМ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ
КӨЗҚАРАСТАРЫ ТУРАЛЫ» ТРАКТАТЫНДА ҚАЛА
ТҰРҒЫНДАРЫН БЕС ТОПҚА БӨЛЕДІ. ОНЫҢ ОЙЫНША, «ҚАЛА БЕС
ТҮРЛІ АДАМДАР ТОБЫНАН ҚҰРАЛАДЫ: ЕҢ
ҚҰРМЕТТІ АДАМДАРДАН, ШЕШЕНДЕРДЕН, ӨЛШЕУШІЛЕРДЕН,
ЖАУЫНГЕРЛЕРДЕН ЖӘНЕ БАЙЛАРДАН». ӘЛФАРАБИ ЕҢ ҚҰРМЕТТІ
АДАМДАРҒА АҚЫЛДЫЛАРДЫ, ПАЙЫМДАҒЫШ АДАМДАРДЫ,
МАҢЫЗДЫ ІСТЕРДЕ
БЕДЕЛГЕ ИЕ БОЛҒАН АДАМДАРДЫ ЖАТҚЫЗАДЫ. ЕКІНШІ ТОПТАҒЫ
ШЕШЕНДЕРГЕ – ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ,
АҚЫНДАРДЫ, МУЗЫКАНТТАРДЫ, ХАТШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН
АЙНАЛЫСАТЫНДАРДЫ, АЛ ӨЛШЕУШІЛЕРГЕ – ЕСЕПШІЛЕРДІ,
ДӘРІГЕРЛЕРДІ, АСТРОЛОГТАРДЫ,
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУШЫЛАРДЫ ҚОСАДЫ. БАЙЛАР ДЕГЕНІМІЗ -
ҚАЛАДА БАЙЛЫҚ ТАБАТЫНДАР,
ЕГІНШІЛЕР, МАЛ ӨСІРУШІЛЕР, САУДАГЕРЛЕР, ҚОЛ ӨНЕРШІЛЕР.
ӘЛ-ФАРАБИ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА БАСШЫСЫНДА АЛТЫ ТҮРЛІ
ҚАСИЕТ БОЛУ КЕРЕК ДЕП ЕСЕПТЕГЕН.
ОЛАР: ДАНАЛЫҚ, АСҚАН ПАЙЫМДЫЛЫҚ, СЕНІМДІЛІК, ОЙЛАУ
ҚАБЫЛЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ БОЛУЫ, СОҒЫС
ӨНЕРІН ЖЕТІК БІЛУІ, ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ МЫҚТЫ БОЛУЫ. «ОСЫНЫҢ
БӘРІН ӨЗ БОЙЫНДА ҰШТАСТЫРАТЫН
АДАМ БАРЛЫҚ УАҚЫТТА КІМГЕ ЕЛІКТЕУ КЕРЕК ЕКЕНІН, КІМНІҢ
АЙТҚАН СӨЗІ МЕН АҚЫЛЫНА ҚҰЛАҚ ҚОЮ
КЕРЕК ЕКЕНІН КӨРСЕТЕТІН ҮЛГІ БОЛАДЫ. МҰНДАЙ АДАМ
МЕМЛЕКЕТТІ ӨЗІНІҢ ҚАЛАУЫНША БАСҚАРА
АЛАДЫ».
VIII-XI ҒАСЫРЛАРДА ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ИСЛАМ
ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
АРАБ ТІЛІ МЕН ЖАЗУЫ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛА БАСТАДЫ. ІРІ
ҚАЛАЛАРДА БІЛІМ БЕРУ ІСІ МЕН ҒЫЛЫМ
ДАМЫДЫ. АРАБ ШЫҒЫСЫ МЕН ҮНДІ-ИРАН ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ
ӘЛЕМІНДЕ АТАЛҒАН КЕЗЕҢДЕ ӘДЕБИЕТ ПЕН
ҒЫЛЫМНЫҢ, САЯСИ ОЙ ПІКІРДІҢ ДАМУЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТКЕН
АҚЫЛ-ОЙ ТӨҢКЕРІСІ БОЛДЫ.
МҰСЫЛМАНДЫҚ РЕНЕССАНС ДЕП АТАЛҒАН ОСЫ ДӘУІРДЕ ӨМІР
СҮРГЕН ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН, МАХМҰТ
ҚАШҚАРИ, АХМЕТ ЯССАУИ, СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ, АХМЕТ
ИҮГІНЕКИ ЖӘНЕ ТАҒЫ БАСҚА
ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ МЕН ЕҢБЕКТЕРІ КЕҢІНЕН МӘЛІМ
БОЛДЫ.БИЛЕУШІЛЕР МЕН ӘКІМДЕР ХАЛЫҚ МҮДДЕСІМЕН
САНАСЫП БИЛІК ЕТСЕ ЕЛГЕ ҰНАМДЫ БОЛАДЫ.
«ПАТША ЖОҒАРЫЛАҒАН САЙЫН ЖҮГІ АУЫРЛАЙДЫ», «ЖАҚСЫ
ТӘРТІП ОРНАТ – СОНДА СЫЙЛАЙДЫ,
ОПАСЫЗ ХАЛЫҚ БІР УЫСҚА СЫЙМАЙДЫ». БИЛІК – МАНСАП ҮШІН
БЕРІЛГЕН СЫБАҒА ЕМЕС. БИЛЕУШІНІҢ
СЫЙЛЫ БОЛУЫ ОНЫҢ ОРНАТҚАН ТӘРТІБІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
БОЛМАҚ. ЕЛ БИЛЕУ ТЕК ЖАҚСЫ ЗАҢДАР МЕН
ЕРЕЖЕЛЕРДЕН ТҰРМАЙДЫ. САЯСАТ БАЛАСАҒҰННЫҢ ОЙЫНША,
МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ САН ҚИЛЫ
ӘДІСТЕРІН ИГЕРУ, АЛУАН МІНЕЗДІ ҚОҒАМДЫ УЫСТАН
ШЫҒАРМАУ, ТЕНТЕКТІ ТЫЙЫП, ӘЛСІЗДІ ҚОРҒАУ,
ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙДА КҮШ ТЕ ҚОЛДАНА БІЛУ.
МАХМҰТ ҚАШҚАРИ («ДИУАНИ ЛҰҒАТ-АТ-ТҮРІК») ӘКІМДЕРДІҢ ЕЛ
БИЛЕУДЕ АҚЫЛ-ПАРАСАТ ПЕН
ӘДЕПТІЛІККЕ ЖӘНЕ КІШІПЕЙІЛДІЛІК ҮЙІР БОЛУЫН ТАЛАП ЕТТІ.
«ҰЛЫҚ БОЛСАҢ – ІЗГІЛІК ЕТ», СОНДА ҒАНА
СЕНІҢ ҚАРАМАҒЫҢДАҒЫ ХАЛЫҚ СОҢЫҢНАН ЕРЕДІ, СЕНІМ
БІЛДІРЕДІ. ЖАҒЫМСЫЗ ӘДЕТТЕР ӘКІМДЕР ҮШІН
ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ БАБЫНА СИЫСПАЙДЫ. ЕЛ БИЛЕУДЕ КҮШКЕ
СЕНГЕННЕН АҚЫЛҒА ЖҮГІНУ ӘЛДЕҚАЙДА
ТИІМДІ НӘТИЖЕ БЕРЕДІ. «АҚЫЛМЕН АРЫСТАН ҰСТАУҒА БОЛАДЫ,
АЛ КҮШПЕН ТЫШҚАН ДА ҰСТАЙ
АЛМАЙСЫҢ».
ӨЗІНІҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ПАЙДАСЫН КҮЙТТЕГЕН ӘКІМДЕР ЕЛГЕ
ОПА ӘПЕРМЕЙДІ. ӘКІМНІҢ БАРЛЫҚ
ІС-ӘРЕКЕТІ ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗ АЛДЫНДА, ХАЛЫҚТАН ЕШНӘРСЕНІ ДЕ
ЖАСЫРА АЛМАЙСЫҢ, ҚАНДАЙ АУЫР
КЕЗЕҢ БОЛСА ДА ХАЛҚЫҢМЕН БІРГЕ БОЛУДЫ ҮГІТТЕГЕН.
«МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЗЫНАСЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТАБАН АҚЫСЫ, МАҢДАЙ
ТЕРІ. ӘМІРШІ ҚАЗЫНА КІЛТІН
ҰСТАҒАН АДАМҒА АСА САҚТЫҚПЕН ҚАРАҒАНЫ АБЗАЛ. АЛТЫН
МЕН КҮМІС БАР ЖЕРДЕ ҰРЛЫҚ ЖҮРМЕЙ
ҚОЙМАЙДЫ. ҰРЫНЫ ҰСТАСАҢ, ДЕРЕУ ӘШКЕРЕ ЕТ. БҮГІН ҚАЛСАҢ,
ӨЗІҢ ДЕ ҰРЫСЫҢ».
«ҮЛКЕН КІСІ ШАҚЫРСА, ІЗЕТПЕН БАР – СОНДА БОЛ, ҚУАҢШЫЛЫҚ
ЖЫЛЫНДА, ХАЛЫҚ ҚАЙДА –
СОНДА БОЛ». ХАЛЫҚ БОЛМАСА, СЕНІҢ БИЛІГІҢ КІМГЕ КЕРЕК,
БИЛІК ҚЫЗМЕТІ АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ТӘРТІПТІЛІК ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУМЕН
БІРГЕ, ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРМЕН
РЕТТЕУГЕ, ӘДІЛДІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ, ЗОРЛЫҚ-
ЗОМБЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУҒА ДА АРНАЛҒАН.
ЕРТЕ ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ІРІ ОЙШЫЛДАРДЫҢ БІРІ, БҮКІЛ ТҮРКІ ЕЛІН
БІРЛІККЕ ШАҚЫРҒАН ҚОЖА
АХМЕТ ЯССАУИ ЕДІ. ЯССАУИДІҢ БАСТЫ ЕҢБЕГІ «ДИУАНИ
ХИКМЕНТ» («ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ»). ОЛ АДАМ
МЕН ҚОҒАМ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ДЕ АЙРЫҚША НАЗАР АУДАРҒАН.
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ӨНЕГЕЛІККЕ, ТАНЫМБОЛМЫСҚА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-
ОЙ, ПАРАСАТ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН КЕҢ НАСИХАТТАҒАН ОЛ
БҰҚАРА
ХАЛЫҚҚА ҮСТЕМДІК ҚҰРҒАН ӘМІРЛЕРДІҢ, БЕКТЕРДІҢ,
ҚАЗЫЛАРДЫҢ ӘДІЛЕТСІЗ ІСТЕРІН СЫНАЙДЫ, БҰЛ
ДҮНИЕНІҢ ЖАЛҒАНДЫҒЫН СЫНАЙДЫ. ОНЫҢ СОПЫЛЫҚ ІЛІМІНІҢ
БАСТЫ МАҚСАТЫ АДАМДЫ ЖЕТІЛДІРУ,
АДАМ БІТІМІНЕ ТӘН КЕЙБІР ЖАҒЫМСЫЗ ӘДЕТТЕРДІ СЫНАУ.
СОНДЫҚТАН ДА ЯССАУИ ҚҰДАЙ АТЫНАН
ПАРАСАТТЫЛЫҚҚА, ӘДІЛДІККЕ, ТАЗАЛЫҚҚА ҮНДЕЙДІ. ОНЫҢ
ІЛІМІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ОЙЛАРЫ ДІН
АРҚЫЛЫ ТҮСІНДІРІЛЕДІ. «КІМДЕ-КІМ ЖАМАНДЫҚ ЖАСАСА, ОЛ
КҮНӘДАН АРЫЛА АЛМАЙДЫ, КІМДЕ-КІМ
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАСА, ОЛ ҚҰДАЙДЫҢ СҮЙІКТІСІ БОЛАДЫ».
ЖАМАНДЫҚТЫ ЖАСАУШЫ АДАМДАР, ОНЫ АЛЛА
ДА ЖАҚТЫРМАЙДЫ.
АДАМДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ҚҰДАЙ АЛДЫНДА ТЕҢ.
2. Саяси партиялар: түсінігі, даму кезеңдері мен қызметтері.
. 2)Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық
жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған
буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX
ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару
жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен
нағыз саяси партиясына айналды.
"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны
білдіреді. Тұңғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған.
Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан
мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші
жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының
енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады.
Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар
құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің
көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында
мынандай кезеңдерді көрсетті:
1. Аристократиялық үйірмелер.
2. Саяси клубтар.
3. Көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси
клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі
көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды
тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық (виги) және
консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр
түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық
партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның
жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде
құрыла бастады.
Саяси партиялардың негізгі қызметтері
Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси
партиялар мынадай қызметтер атқарады:
1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау
3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
6. Жалпы коғамды. топты саяси тәрбиелеу:
7. Саяси жүйелерді, онын принциптерін, элементтерін.
күрылымдарын калыптастыруға қ атысу;
8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын
жұмысының бағдарламасын жасау;
9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін
кадрлар даярлау, ұсыну.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:
Теориялық:
Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын
талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың
мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін
тұжырымдап бұқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.
Идеологиялық:
Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны
іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау.
Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға
жұмылдыру және партия қатарына тарту.
Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік билікті колға алуға немесе билік
жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде
құралған адамдардың ерікті одағын айтады.
3. Әлеуметтену және бірегейлік.
. 3)Әлеуметтену – мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді,
тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі. Әлеуметтенудің басты
сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге белгілі бір
әлеуметттік жағдайдағы кез келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау
тәсілдері жатады. Аналар, мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар – бәрі де өз
рөлдерін атқарады. Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге
және басқа да адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі
бір сенімдерден тұрады.
Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір
нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа
қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда Б. – жеке тұлғаның
ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-
гуманитарлық әдебиеттерде Б. Мәселесі екі бағытта –
жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін
дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы
(менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаның өзін әртүрлі
әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық, демографиялық,
діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.) жатқызуы. Жаһандану ұлттық және
мәдени бірегейленуге аса қиын сын. Ғаламданушы әлемде Б. ғылымның да,
күнделікті өмірдің де негізгі өлшеуішіне айналуда. Біріншіден, көптеген
қоғамдар, адамдар және жеке тұлғалар бірегейлену дағдарысына ұшырап
отыр, екіншіден, жаһандану барысында бірегейлену өзгеріске ұшырауда.
Жаһандану процесі барысында бірегейлену мәселесі трансұлттық
экономикалық кеңістікте өз орнын белгілеуден, уайым мен үрейді жаншудан
тұрады. Ұлттық мемлекет рөлінің өзгеруі мен трансұлттық кеңістіктердің
пайда болуы адамдарды ұлттық сезімнен айырмайды. Бірегейлену мәселесі
қоғамдардың қауымдастыққа өтуі деңгейінде, мысалы, еуропалық
қауымдастық аясында зерттелген. Мұнда көпдеңгейлі плюралистік бірегейлік
пайда болады. Егер еуропалық ықпалдасу ортақ ұқсастықтары бар елдер
арасында жүріп жатса, онда ғаламдық деңгейде кейбір мәдени әмбебап ортақ
мода, туризм, білім сияқты құбылыстарды кездестіруге болады. Еуропалық
ықпалдасу жағдайындағыдай жаһандану барысында да елдердің
аумақтық, мәдени, тарихи естеліктері сақталады, бірақ, өз елдерінен тыс
жерлерде жұмыс істеу мүмкіндігі туады, мәдени қалыптардың ортақтығы
арта түседі, біріккен жүйенің мүшесі болу мүмкіндігі туып, өзара
байланыстылық кеңейеді. Сонымен қатар жеке тұлға ұлттық белгісі мен
азаматтығын әртүрлі қабылдайды. Мәдениеттердің жаһандануы
экономикалық қатынастардың, ақпараттардың жаһандануына қарағанда
қарқынды емес. Сондықтан да барлық қарым-қатынаста мәдени ерекшелік
сақталып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |