Емтихан билеті №1 Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде. Жауап: Саясаттану — саясат туралы, яғни мемлекеттік және



Pdf көрінісі
бет5/33
Дата28.12.2023
өлшемі1.78 Mb.
#488222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
саясаттану Толық ответ♥️

 
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 5 
1.Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. 
Саяси ғылымның даму кезеңдері - саясатты саналы түсінудің алғашқы тарихи түрі - көне 
дәуірдегі діни-аңыздық түсіндірулер. Ал б.э.д. ӀӀ-Ӏ мыңжылдықтарда саяси көзқарастар 
тиімді бола бастады, сөйтіп, алғашқы саяси түсініктер мен ұғымдар, кейінірек саяси 
түжырымдар пайда болады. Бүл үрдіс бірінше кезекте Конфуция, Платон, Аристотель 
еңбектерімен байланысты. Келесі кезең орта ғасырдағы саяси биліктің теологиялық 
теориясымен байланысты. Әлеуметтік-саяси ой діни қайраткерлер күшімен дамытылды, 
тіптен шіркеу мемлекет пен саясатта басым рөл атқарды. М.Августин, Ф.Аквинский 
еңбектерімен танымал. 
Қайта өрлеу мен ағартушылық дәуірінде саяси теория діни құрсаудан азат етіліп, 
гуманистік бағытта дами бастайды. Бүл дәуірде адамның құқықтары мен бостандықтары, 
заң мен мемлекет, қоғамдық өмірді демократияландыру үшін зерттеудің орталық 
мәселелері болды. Н.Макиавелли, Т.Мор, Ж.Боден, Т.Гоббс, Г.Гроций, Дж.Локк 
еңбектерімен танымал. 
Жаңа кезеңде Ш.Монтеське, Ж.Руссо, Б.Констан, И.Бентам, О.Конт сияқты ойшылдармен 
саяси идеологияның либералдық бағыты қалыптасты. Билікті бөлудің қажеттілігі 
негізделіп, құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары анықталды. Сонымен бірге, адам мен 
азамат құқықтары түжырымы қалыптастырылды. 
Ал саяси ғылым жеке білім саласы ретінде XIX ғ. 50 ж. қалыптаса бастады. XIX ғ. мен XX 
ғ. шегінде алғашқы саяси зерттеулер пайда болады. 1903 ж. АҚШ-та бірінші ұлттық саяси 
бірлестік құрылды. 


Саяси ғылымның дербес ғылым саласы ретінде қалыптасқан уақыты болып XX ғ. 50 ж. 
есептеледі. 1948 ж. ЮНЕСКО шешімімен саяси ғылымның халықаралық бірлестігі 
құрылды. 
2.Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функиялары. 
Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір 
әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге 
лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету 
үшінқаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, 
белсенді ықпал ете алады. 
Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар: 
1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 
2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде. 
Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен 
арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, 
топтастыру; саяси бағыт-бағдарлама жасау; 
Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды 
топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай 
жіктеуді ұсынды: 
1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі; 
2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне байланысты билік басына келген харизматикалық топ 
бастар; 
Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер. 
3.Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс). 
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. 
Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды 
құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. 
«Страта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға 
байланысты қолданылады. 
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: 
касталар; 
сословиелер; 
таптар. 
Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе 2-ге бөлінеді: 
Ашық жүйе - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне 
мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, 
мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады 
Жабық жүйе - Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. 
«Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға 
дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстүр бойынша қоғам мүшелері 
касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан 
балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет