«Дананың кілттері» (Thinker's Keys)
Тони Райан жасаған «Дананың кілттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет (кілттер) кешені болып табылады.
Бірқатар көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылған.
«Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».
«Егер де» кілті – «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
«Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
«Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R – remove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.
«Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.
«Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
«Тағы қалай?» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
«Қиыстыру» кілті – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
«Жөнсіздік» кілті – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.
Сананың әдеттері
Сана әдеттерін (Ойлау ерекшеліктерін) жасаған Арт Коста былай деген екен: «Сана әдеттері» - бұл шешімдері бірден туындамайтын проблемаларға тап болғанда ақылды адам жасайтын іс-әрекеттердің сипаттамалары.
Олар көптеген дағдылардан, қарым-қатынас пен бейімділіктерден тұрады, солардың ішінде:
Құндылық: өнімділігі шамалы үлгілерге қарағанда, зияткерлік мінез-құлық моделін қолдануды таңдау.
Бейімділік: зияткерлік мінез-құлықтың белгілі бір моделін пайдалану үрдісін сезіну.
Сезімталдық: зияткерлік мінез-құлық моделін орынды пайдалану мүмкіндіктерін сезіну.
Қабілеттілік: зияткерлік мінез-құлықтың түрлі модельдерін пайдаланудағы негізгі дағдылар мен мүмкіндіктерді меңгеру.
Адалдық: зияткерлік мінез-құлық модельдерін терең түсінуге және оны пайдалану дағдыларын жақсартуға ұдайы ұмтылу.
Сананың 16 әдеті бар:
табандылық таныту;
қызбалықпен күресу;
басқаларды тыңдау – түсіністікпен және тілектестікпен;
ойлау икемділігін таныту;
ойлау үдерісіміз туралы ойлау – метатану;
дәлдік пен шынайылыққа қол жеткізу;
сұрақ қою және проблеманы тұжырымдау;
бар білімін жаңа жағдайға қолдану;
анық және дәл ойлау және өз ойын білдіру;
барлық сезім азғаларыныңң көмегімен ақпарат жинау;
инновацияларды жасау, қиялдау және енгізу;
таң қалып, ілтипат білдіру;
тәуекелдер үшін өзіне жауапкершілік алу;
әзіл-оспақ іздестіру;
өзара байланыстырып ойлау;
үздіксіз оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |