Науқас пен медициналық қызметкердің кәсіби қарым-қатынасының коммуникативтік жағы
Медицина қызметкерінің мақсаты - науқастың әлеуметтік мәселелеріне өз көзқарасын құру.
Қатынасудың коммуникативті бөлігіне келесі жағдайлар тән болады: «керісінше байланыс», «коммуникативтік бөгеттер», «коммуникативтік әсер», «вербальды және вербальды емес ақпарат беру».
«Керісінше байланыс» дегеніміз - науқастың медициналық қызметкер тәртібіне реакциясы. Медициналық қызметкердің тәртібін, ол ұсынған ақпаратты науқас қабылдап, бағалағанын біліп, түсінуге «керісінше байланыс» жасай отырып, мейірбикеге жәрдем береді.
Қатынасу үстінде туындайтын проблема, ол ақпаратпен алмасумен қатар, оны тиісті дәрежеде түсіну. Медицина қызметкерінің айтқан сөздерін бір науқас әділ түрде қабылдаса, ал екіншісі-«үнемі қайшылық, қарсы тұру» ретінде қабылдайды.
Медициналық қызметкер–науқас қатынасында коммуникативті кедергілердің келесі түрлері белгілі.
Фонетикалық;
Семантикалық;
Стилистикалық;
Логикалық;
Мәдени-әлеуметтік;
Арақатынасу бөгеттер
Достарыңызбен бөлісу: |