Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін жеке тұлғалық тосқауылдар.
Сұхбаттасу үстінде барлық науқастар медициналық қызметкерлерге қилы қиындықтар туғызады. Науқас тұлғасы түрлі кәсіби, материалдық, әлеуметтік, отбасы және өмір сүру жағдайына байланысты, психологиялық тосқауылдарға, мәселелерге толы. Науқастардың әрқайсысы дерті, ауырсыну сезімі, дәрілік препараттарды қабылдау туралы медициналық қызметкерге түрлі сауал қойып отырады. Мысалы, жоғары әлеуметті статусқа ие науқастар «әлсіз», «симулянтты» көрінуден қашқақтап, медициналық қызметкерге толығымен өзінің сырқатын, мұңын айтпайды. Жоғары интеллекті науқастар, сұхбат барысында өз білімділігін көрсетіп, дәрігермен түрлі тыс тақырыптарды талқылап отырады, ал бұл жағдай медициналық қызметкердің ауру диагнозын нақты анықтауына кедергі келтіреді.
Үлкен жастағы адамда психикалық бұзылыстар, атеросклероз үрдісінің дамуы көрінісінде есте сақтау және интелектуалды қабілетінің төмендеуінен сипатталатын науқастар, физикалық жағдайына сәйкессіз болып, емдеу-диагностикалық үрдіске айтарлықтай қиындықтар туғызады, мысалы, ауыр соматикалық аурумен сырқаттанған, эйфория жағдайындағы науқастар. Аса қиындықтар туғызатын, сұхбаттасу барысында медициналық қызметкерлерден шыдамдылық пен уақытты талап ететін науқастарға, суицидальді әрекетке ие депрессивті науқастар және уайымшыл науқастар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |