Стилистикалық бөгет, қатынасу кезінде мейірбикенің тілі жағдаятқа сәйкес болмаса мысалы, ол тұрпайы сөйлеп науқастың психологиялық ерекшеліктеріне, жағдайына байланыссыз, мәдени, білім дәрежесіне сай емес сөздерді қолдануы.
Логикалық түсініксіз болмау кедергісі, медициналық қызметкердің тілі күрделі, науқасқа түсініксіз немесе ақиқатқа сай емес болған жағдайда пайда болады. Бұл – мейірбикенің медициналық әрекет алдында жүргізілген сұхбаты кезінде немесе дәрі-дәрмек қабылдау ережелерін түсіндіргенде байқалады.
Мәдени-әлеуметтік бөгеттің даму себептері, науқасты белгілі бір мамандықтың өкілі немесе ұлт, жыныс, жасының, әлеуметті жағдайдың тұлғасы ретінде қабылдау болып табылады. Кейбір ауруларға медициналық қызметкердің беделі, әсіресе, жас маманның беделі жеткіліксіз болғандықтан, ол бұндай көзқарастарға дайын болуы керек.
Қатынасу бөгеттері, кейбір науқастарға теріс негативті эмоциялар пайда болуына байланысты дамиды.
Психологиялық бөгеттердің пайда болуының негізінде, науқас адамның ақпараттан қорғаныс реакциясы жатыр. Науқасқа түскен әр ақпарат, оның тәртібіне, пікіріне, ұстанымдарына тікелей әсерін тигізіп, өзгертуді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |