4 ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚҰПИЯСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4.1 Почталық байланыс құпиясының мазмұны
Қоғамның құрылымдық бөлімшелері қабылданған почта жөнелтімдері мен почталық ақша аударымдарының хат алмасу бүтіндігі мен құпиясын сақтауға міндетті.
Пайдаланушының мекен-жайлық және басқа да деректері, почта жөнелтімдерінің, почталық ақша аударымдарының, почталық ақша аударымдарының сомасы туралы мәліметтер почталық және басқа да хабарлардың хат алмасу құпиясы болып табылады.
Почталық және басқа да хабарлардың хат алмасу құпиясы болып табылатын мәліметтер тек адресатқа немесе жіберушіге, не болмаса олардың заңды өкілдеріне немесе нотариалды түрде куәландырылған, әрекет етуші сенімхат негізінде сенілген өкілдеріне ғана ашуға болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіп пен жағдайлар бойынша.
Почта жөнелтімдерінің, осы Ережелердің 27 тармағында көрсетілген ақпараттарды құрайтын өндірістік құжаттардың кідірісі, қаралуы және алуы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.
Қарау мен алу өндірістік объектінің басшысы (оның орынбасары) немесе цех (учаске) бастығы көзінше хаттама толтыру арқылы жүзеге асырылады. Хаттаманың бір данасы өндірістік объектіде қалады.
Почта жөнелтімдері мен почталық ақша аударымдарына іздеу салу туралы өтініш келіп түскен жағдайда, алынған немесе құқық қорғау органдарымен тыйым салынған жағдайда өндірістік объектінің жұмыскері жөнелтушіге немесе адресатқа бұл туралы мәліметті тек осы органдардың келісімі арқылы беруге тиіс.
Почталық ақша аударымына тыйым салынған жағдайда аудару сомасы соттың анықтауы немесе сот төрағасының қаулысы бойынша өздері көрсетілген шотқа аударылады, не болмаса почталық ақша аударымы басқа да почта жөнелтімдері секілді соттың шешімі немесе сот төрағасының қаулысы қабылданғанға дейін өндірістік объектіде сақталуда қалады.
Тергеу жүргізуші тұлғаға тек тиісті іс бойынша тергеу жүргізуге қажетті кітап парағы немесе хабарлауы ғана беріледі, еш уақытта толық кітап немесе құжаттың толық бумасы берілмейді. Берілген құжаттардың көшірмесі жасалынып, куәландырылады және өндірістік объектісінде қалады.
Почталық және басқа да хабарлардың хат алмасу құпиясын бұзған Қоғам жұмыскерлері мен басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |