Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 4 Қазақстан Республикасына әуе көлігімен тасымалданатын кіріс халықаралық почтамен депешаларды қабылдау және жөнелту



бет108/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 4 Қазақстан Республикасына әуе көлігімен тасымалданатын кіріс халықаралық почтамен депешаларды қабылдау және жөнелту

Әуежайдың тасымалдау қызметінен халықаралық әуе почтасымен депешаларды қабылдау 2 данада ұсынылатын CN38н. (CN47н., CN41н.) жүкқұжат бойынша ХПАП жұмыскерлерімен жүзеге асырылады. Жүкқұжаттың 1 данасы почтамен бірге ХПАП-нің жұмыскеріне беріледі, ал екіншісі - қабылданған почта үшін осы жұмыскердің қолхатымен әуежайдың жерүсті тасымалдау қызметіне (әуе тасымалдаушының өкіліне) қайтарылады.


Қызыл және сары түсті жапсырмалармен қаптарды қабылдаған кезде ХПАП-нің жұмыскері олардың деректерін CN38н. (CN47н., CN41н.) жүкқұжатындағы жазбалармен салыстырып тексереді. Бір мезгілде қаптардың қабығының дұрыстығы, пломбылардың, байламдардың бүтіндігі, ал адрестік жапсырмалар бойынша - жіберілген мекеменің дұрыс көрсетілуі тексеріледі.
Ақ, көк және жасыл жапырмалармен қаптар жалпы шотпен сыртқы жағдайын және мекен-жайға жіберілуін қарап қабылданады. Осы қаптардың саны жүкқұжаттағы жазбалармен сәйкестігін тексеру почтаны қабылдау аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Егер жерүсті тасымалдау қызметінен (әуемен тасымалдаушының өкілінен) халықаралық әуе почтасымен депешаларды қабылдау кезінде CN38н., CN47н. жүкқұжаттарының немесе оған тіркелген қаптардың жетіспеушілігі, қаптардың қабығының, пломбылардың байламдарының зақымдалуы, почталық заттардың салмақ айырмашылығы анықталған жағдайда жөнсіздіктер белгіленген нысандағы, ведомствоаралық актімен рәсімделеді.
52н. ведомствоаралық акті (постманифест) төрт данада жасалады және бір мезгілде почтаны қабылдаумен рәсімделеді. Актіде дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік беретін, анықталған жөнсіздіктер туралы деректер және осы жөнсіздіктердің себебін тергеу кезінде қорытындылары көрсетіледі. Актіге почталық байланыс кәсіпорнының жауапты жұмыскері және почтаны қабылдаған және тапсырған, әуежайдың тасымалдау қызметі қол қояды. Актілер тараптармен қол қойылғаннан кейін, оның 2 данасы - әуежайдың жерүсті тасымалдау қызметіне (әуемен тасымалдаушының өкіліне) және екеуі ХПАП-не беріледі. Актімен келіспеушілік оған қол қойған кезде тараптардың өкілдерімен ескертіледі.
Қызыл және сары түсті жапсырмалармен сырты, байламы және пломбасы зақымдалған қаптарды алған кезде нақты салмақты мекен-жай жапсырмаларында және CN38н. жүкқұжаттарында көрсетілген салмақпен салыстыру үшін өлшенеді. Салымдарын тексеру үшін қажеттілігіне қарай қаптар әуемен тасымалдаушының өкілі мен кеден инспекторының қатысуымен ХПАП жұмыскерлерімен ашылады. Ведомствоаралық актіден басқа ХПАП жұмыскерлері ақаулы қаптарды ашқан кезде қатысқан адмдардың қолдарымен 3 данада 51н. актісі жасалады. Актіде қаптың салымы, оның салмағы және ашу себебі тізбеленеді. Сондай-ақ, шетел почта қызметіне ақаулы қап пен ашу себептерінің фактісі бойынша байқау хабарламасы жіберіледі.
Акті рәсімделгеннен кейін ашылған қаптың қабығы салыммен, пломбамен, жапсырмамен, байламмен және актінің бір данасымен бірге басқа дұрыс қапқа салынып бекітіледі. Оның жапсырмасына бастапқы жапсырмадағы мекен-жай деректері көшіріледі, сонан соң қайта бітелген қап бағыты бойынша тиісті ҚР ХПАО жіберіледі.
Елеулі зақымдалған ақ, көк және жасыл жапсырмалармен қаптар жоғарыда аталған тәртіпте қайта бітеледі.
Кіріс халықаралық почтамен қаптарды қайта бітеудің барлық жағдайларында (ашумен немесе ашпай) ХПАП 4 данада байқау хабарламасын жасауға тиіс. Оның 1-ші данасы - әуежайдың жерүсті тасымалдау қызметіне, 2 данасы ақаулы қаппен бірге тиісті ҚР ХПАО-на жіберіледі, ал соңғы (4-ші) данасы байқау хабарламасын жасаған алмасу пунктінің құжаттарына тіркеледі.

§ 5 Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жерүсті көлігімен тасымалданатын транзиттік депешаларды қабылдау және жөнелту


Халықаралық почтамен транзиттік депешалар шетел почталық қызмет жұмыскерлерінен кіріс халықаралық почта депешалары сияқты тәртіпте қабылданады.


Шетел почталық қызметтен қабылданған транзиттік депешаларды шекаралық кеден органдарына көрсетіп және оларды ҚР-ның аумағы арқылы жіберуге рұқсат алғаннан кейін қаптың адрестік жапсырмаларында шетел алмасу мекемелерімен көрсетілген бағыт бойынша транзиттік депешаларды жіберу жоспарына сәйкес тиісті шығаратын ХПАП жіберіледі.
Транзиттік депешалар ҚР-ның аумағы арқылы ашпай, сыртын тексерумен, шетел почталық қызметтің пломбасымен жүреді.
Халықаралық почта алмасудың кіріс пунктінен транзиттік депешаларды ҚР-ның шығаратын ХПАП жөнелту осы депешаларды шығару үшін CN37н. жүкқұжаттары жасалады. CN37н. жүкқұжаты шетелге кететін жүкқұжаттар негізінде 4 данада жасалады. Жүкқұжаттардағы жазбалар француз (ағылшын) тілінде жазылады.
CN37н. жүкқұжаттың 3 данасы депешалармен бірге почтаны шетел қызметіне тапсыратын ҚР-ның ХПАП-не жіберіледі, ал 4-шісі осы жүкқұжатты жасаған ХПАП-нің жүкқұжаттарына тіркеледі. CN37н. жүкқұжаттың 2-ші және 3-ші данасында кеден инспекторының депешаларды шетелге жіберуге рұқсаты ретінде “Босатуға рұқсат” мөртабан бедерін қояды және өзінің жеке нөмірлік мөрі мен қолын қою арқылы растайды.
Қр-ның аумағы бойынша транзиттік депешаларды жіберу CN37н. жүкқұжатын тіркеу арқылы қамсыздандырылған тәртіпте жүзеге асырылады. CN37н. жүкқұжаттары жеке зат ретінде 16н. жүкқұжаттарына тіркеледі және ҚР-ның ХПАП-не дейін транзиттік депешалармен бірге жіберіледі.
ҚР-ның шығаратын ХПАП-не түсетін барлық транзиттік депешалар мен CN37н. жүкқұжаттар тексеру және осы почтаны шетелге жөнелтуге рұқсат алу үшін, шекаралық кеден органдарына кқрсетілуге тиіс. Кеден органдары қаптарды ашпай, тек сыртқы көрінісін тексеріп, орам тұтастығын, оны CN37н. жүкқұжаттардағы жазбаларға сәйкес санын, сондай-ақ шығару пунктінің кеден мөртабан бедерінің болуын тексереді. Барлық деректер бар болған жағдайда кеден инспекторы кедергісіз депешаларды шетелге шығарады. CN37н. жүкқұжатының 1 данасы кеден мөртабанымен шығаратын пунктіндегі кеден органдарының істерінде қалады, 2-ші данасы ел аумағына кіргізген бөлімшеде болады.
Жалпы CN37н. жүкқұжаты почта алмасу пунктіне түскен кезде CN37н. жүкқұжаттарының негізінде 2 данада жасалады. Жүкқұжаттың 1 данасы почтаны қабылдаған шетел почта қызметінің жұмыскерінде қалады, ал 2-ші данасы почтаны алғандығы туралы қолхатпен ҚР шығаратын ХПАП-нің құжаттарына тіркеледі.
Кеденнің шығарушы алмасу пунктінің мөртабан бедері қойылмаған CN37н. жүкқұжаты шығарушы алмасу пунктіне түскен жағдайда немесе CN37н. жүкқұжатсыз транзиттік депешалар түскен кезде шығарушы алмасу пункті осы депешаларды шетелге шығаруға кеденнің рұқсатын растау туралы почта келген ХПАП дереу жеделхат (электронды почта арқылы) сұрауға міндетті. Жедел хат 2 мекен-жайға жіберіледі:

  1. Почта келген ҚР-ның ХПАП;

  2. Депеша өткен Алматы (Астана, Орал) ХПАО.

Бұл сұрауда баяндалуға тиіс: депешаларды шығаруға кіріс кеденінің рұқсатын растау туралы өтініш, олардың нөмірлері депешаларды жөнелткен және жіберілген мекеме және әр депеша мен жапсырмалардың түсі бойынша жеке-жеке қаптардың саны.
Депешаларды шетелге шығару туралы рұқсатты растау (телеграфтық немесе электронды почтамен) екі қолмен беріледі - ХПАП басшысы (орынбасары) және кеден инспекторы.
Алынғанын растау, почтаның сәйкестігін тексеру және депешаларды шетелге жөнелтуге рұқсат алу үшін шығарушы шекара пунктінің кеден органдарына беріледі.
Осы рұқсатты алғанға дейін транзиттік депешалар, сонымен қатар CN37н. жүкқұжатында бедерсіз немесе почтаның шығаруға рұқсат беретін CN38н. кеден мөртабанысыз алмасу пунктіне түскен, сәлемдемемен ҚР-нан шығатын депешалар шетелге жөнелтуге жатпайды және қамсыздандырылған тәртіпте ХПАП сақталады.
Егер шетел пункт қызметкері почтаны қабылдаған кезде қаптардың немесе жағдайының ақаулығы анықталған немесе олардың жағдайы салымының жетіспеушілігін болжамдайтын болса, онда бұндай қаптар шетел қызметінің жұмыскерлерімен сәйкес тәртіпте ресімделуге тиіс. Олар бас тартқан жағдайда ақаулы қаптарды ашпай, басқа дұрыс қаптарға салу және 51н. АКТ-ісімен тиісті рәсімдеу және шара қабылдау үшін ҚР-ның таяудағы алмасу пунктіне жіберу қажет.
Ақаулы почта болған жағдайда шетел почта қызметіне қолхат беру осы Ереженің ІІІ тарауында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет