§ 3 Қазақстан Республикасына жерүсті көлігімен тасымалданатын кіріс халықаралық почтамен депешаларды қабылдау және жөнелту
Шетел почта қызметтерінен халықаралық почтамен депешаларды қабылдау екі данада берілетін CN37н. жүкқұжаттары бойынша жүзеге асырылады. Жүкқұжаттардың бір данасы почтамен бірге ХПАП жұмыскерімен қабылданады, ал екіншісі қабылданған почта үшін осы жұмыскердің қолхатымен почта қызметінің қызметкеріне қайтарылады.
Қызыл және сары түсті жапсырмалармен қаптарды, сондай-ақ, қаптарға бітелмей жіберілетін почта сәлемдемелерін қабылдаған кезде ХПАП жұмыскері олардың деректерін CN37н. жүкқұжатындағы жазбалармен салыстырып тексереді. Бір мезгілде қаптардың сыртқы жағдайын (пломбылардың, байламдардың, орамдардың бүтіндігін), ал мекен-жай жапсырмалары бойынша–депешалардың жіберілген мекемесінің дұрыс көрсетілуін тексереді.
Ақ, көк және жасыл жапсырмалармен қаптар сыртқы жағдайын және бағытталуын қарап шығып, жалпы шотпен қабылданады. Қаптардың саны әр депешалары бойынша алу аякталғаннан кейін CN37н. жүкқұжаты бойынша жүргізіледі.
Қызыл және сары жапсырмалармен ақаулы қаптары бар болуы (тапсырысты және жазбаша хат-хабарлармен, құндылығы жарияланған хаттармен, сәлемдемелермен және жөнелтімдермен) оларды шетел почта қызметтерінен қабылдауға кедергі болмауы тиіс. Бұл жағдайда почтаны тапсыратын шетел почта қызметінің қызметшісі ақаулы қаптарды өңдеу барысында мекен-жай жапсырмаларына ақаулы белгісін қойып қаптарды пломбылауға тиіс.
Шетел почта қызметінің қызметшісі ақаулы қаптарды қайта бітеуден немесе пломбылаудан бас тартқан жағдайда ХПАП жұмыскері сонда да осы қаптарды қабылдауға және қабылданған почтаға қолхат беру кезінде қызыл немесе сары жапсырмаларымен ақаулы қаптарды алғандығыы туралы CN37н. жүкқұжатының бірінші және екінші даналарында белгі жасауға тиіс. Мысалы “Қырық бір қап қабылданды. Бір қап қызыл жапсырмамен №25 депеша бойынша және екі қап №1 және сары жапсырмасымен №10 депеша бойынша және 12 Орынбордан Алматы РСІ-1 атына және Алматы РСІ-3 ақаулы күйінде қабылданды. Қолы және почталық мөрқалып бедері”. Почтаны қабылдауға және тапсыруға қатысқан екі тарапта қол қояды.
Қызыл және сары жапсырмаларымен алынған ақаулы қаптар (сәлемдемелер) ХПАП жұмыскерлерімен ашылмай басқа дұрыс қаптарға бітеледі, олардың жапсырмаларына бастапқы жапсырмадағы мекен-жай деректері көшіріледі, одан кейін бітелген қаптар ХПАП жұмыскерімен пломбыланып, тиісті бағытымен ХПАО-ға жөнелтіледі.
Едәуір зақымдалған ақ, көк және жасыл жапсырмалар мен қаптар жоғарыда аталған тәртіппен қайта бітеледі.
Кіріс халықаралық почтамен қаптарды қайта бітеудің барлық жағдайларында ҚР-ның ХПАП екі данада 51н. актісін жасауға міндетті, оның бір данасы қайта бітелген қаптармен бірге ҚР-ның тиісті ХПАО-ға мақсаты бойынша жіберіледі, ал екінші данасы ХПАП құжаттарына қосып тіркеледі.
Шетел почта қызметі үшін бұндай жағдайларда бес данада CN43н. байқау хабарламасы жасалады. Алғашқы 2 данасы депешаны әзірлеген шетелдік алмасу мекемесіне, үшінші данасы –алмасу жүргізілген шетелдік почта қызметіне жіберіледі. Төртінші данасы депешамен ҚР-ның ХПАО-ға дейін жіберіледі, бесіншісі-ХПАП құжаттарында қалады.
CN43 байқау хабарламасы Шетелдік Почта Әкімшілігіне бірінші кететін почтамен дереу жіберіледі.
Қаптар жетіспеген немесе артық шыққан жағдайда CN37н. жүкқұжатындағы көрсетілген деректерін салыстырылып, жапсырмасына тиісті белгі жасалады. Мысалы: “Жиырма үш қап қабылданды Алматы РСІ-1 атына Ташкенттің ХПАО-нан №15 депеша бойынша қызыл жапсырмамен бір қап кем алынған”. Бұндай белгілер почтаны қабылдауға және тапсыруға қатысқан екі жақтың қолдарымен және почтаны тапсыратын шетел қызметінің почталық мөрқалып бедерімен бекітілуге тиіс.
Халықаралық почтамен ақаулы қаптарды қайта бітеу үшін стандартты және үлкейтілетін көлемді бос қаптардың қажетті санымен ХПАП қамтамасыз ету осы ХПАП бағынатын құрылымдық бөлімшемен жүзеге асырылады.
Қабылданған почта шетел почта қызметінен алынған құжаттар негізінде төрт дана ХПАП жасалған, CN37н. жүкқұжатымен бірге тиісті ХПАО-на бағыты бойынша жіберіледі. Осы жүкқұжаттың екі данасы халықаралық почтамен: біріншісі-депеша жіберілген ХПАО-на, екіншісі ХПАО орналасқан әрекеттесу аймағындағы кеден органдарына беру үшін, үшінші данасы ҚР-на депеша әкелуге рұқсат берген шекара кеденіне беріледі, ал төртіншісі-жүкқұжатты жасаған ХПАП құжаттарына қосып тіркеледі.
CN37н. жүкқұжатының екінші данасына ҚР-ның кіруге рұқсат беретін кедені депешаны кіргізуге мөртабан бедерін қояды, бұл дана бақылаудан алу және депешаның түскендігін растау үшін ХПАО орналасқан аймақтағы кеден органының мөртабанымен осы депешаларды өңдейтін ХПАО жұмыскерлеріне қайтарылуға тиіс.
ҚР-на кіріс депешаларымен халықаралық жазбаша хат-хабарлар, сәлемдемелер (оның ішінде ашық жіберілетін сәлемдемелер) және бос қаптармен депешалар ХПАП-нен ХПАО-ға ішкі почтаны жөнелту Жоспарына сәйкес жіберіледі.
ҚР-на кіріс халықаралық почтамен депешалар және CN37н. жүкқұжаттарын ХПАП тиісті ХПАО-на жіберілген 16н. жүкқұжаттарына қосып жазады.
Тиісті бағыты бойынша жіберілгенге дейін халықаралық почтамен депешалар оларға жасалған құжаттармен бірге тәртіппен қамтамасыз етілген ХПАП қоймаларында сақталады.
Қызыл және сары жапсырмалармен қаптар және ашық жіберілетін сәлемдемелер почта вагондарына (автомашинаға) тапсырар кезде барлық жағдайларда атап-атап тексеріледі. Депешаларды тапсыру шотпен жүргізіледі. Қабылданатын почтаның шоты дауыстап аталып жүргізіледі. Қабылданған почтаның саны сүйемелдеу құжаттардағы қорытындылармен салыстырып тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |