Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Франкирлеу машиналары және оларды пайдалану ережелері



бет17/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   114
ОМПО дайын кітап

6.3 Франкирлеу машиналары және оларды пайдалану ережелері
Ішкі және халықаралық жазбаша хат-хабарлар франкирлеу машиналарының қызыл түсті бедерін қою арқылы төленуі мүмкін, онда болуға тиіс:
1) өндірістік объектінің атауы көрсетілген ПМ бедері;
2) франкирлеу машина иесінің толық атауы;
3) франкирлеу машина иесінің почта индексі көрсетілген почталық мекен-жайы;
4) қолданыстағы тарифтерге сәйкес жазбаша хат-хабарларды жіберу үшін төлем сомасы көрсетілген почта маркаларының шартты белгілері.
Осындай тәртіпте ұзақ мерзімді сенімхаттар төленуі мүмкін.
22н. хабарлауларында «16н.жүкқұжаты» франкирлеу машиналарының бедері құндылығы жарияланған хаттарды, бандерольдерді жеткізу және заңды тұлғалардың – машина иелерінің атына түсетін қосымша ақылы жазбаша хат-хабарларды төлеу, жазбаша хат-хабарларды қайтару және ұзақ мерзімді сенімхаттарды пайдалану үшін төлемі ретінде есептелуі мүмкін.
Франкирлеу машинасының клише бедері әдетте, жазбаша хат-хабардың мекен-жай жағының оң жақ жоғары бөлігіне қойылады. Жазбаша хат-хабарға франкирлеу машинасының клише бедерін қою мүмкіндігі болмаған жағдайда жазбаша хат-хабарға франкирлеу машиналарының клише бедерлері қойылған қағаз жолағы жапсырылуы мүмкін.
Франкирлеу машиналарының қолданатын заңды тұлғалар жазбаша хат-хабарларын тікелей қызмет көрсететін өндірістік объектіге тапсырады.
Франкирлеу машинасының клише бедеріндегі ПМ датасы жазбаша хат-хабарды өндірістік объектіге тапсыру датасына сәйкес болуға тиіс.
Жазбаша хат-хабардың датасы жіберілген күніне сәйкес келмеген жағдайда қайта ресімдеу үшін қайтарылады.
Почталық байланыс қызметтерін пайдаланушы заңды тұлғалар төлеу үшін қызмет көрсету ауданында орналасқан Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде міндетті түрде тіркелген және оны қолдануға шарт жасау арқылы қолданылуы мүмкін. Франкирлеу машинасының клише бедерінің үлгісі міндетті түрде Қоғамның құрылымдық бөлімшесімен келісілуге тиіс.
Тіркеу туралы өтінішке франкирлеу машинасының клише бедерінің үлгісі қосымша беріледі және оған қоса екі айлық почталық шығынның орташа көлемінен кем емес аванс енгізіледі. Қоғамның құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері айына бір немесе екі рет франкирлеу машинасының есептеуіш көрсеткіштерін алады және клиенттермен есеп айырысуды жүргізеді.
Франкирлеу машинасының пайдалану аяқталуына қарай басқа заңды тұлғаға оны беру (сату) Қоғамның құрылымдық бөлімшесінің жою үшін тиісті актісі бойынша беруге жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет