2.3 Тапсырысты халықаралық шығыс хаттарды өңдеу
Өңдеуге қабылданған тапсырысты хаттар мына топтарға бөлінеді: жергілікті, басқа қалалық, үкіметтік, соның ішінде 20н. анықтамасы бар әрі қарай жіберу және қайтару хаттары. Почтамттар хаттарды Қазақстан Республикасынан тыс жіберілетіндер тобына (ТМД және Қ/Ш) қосымша бөледі.
Хаттар саналады, деректері «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтердің статистикалық есебін жүргізу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісіне жазылады.
Топ бойынша сұрыпталған тапсырысты хаттар «16н.жүкқұжатына» тіркеліп жазылады.
16н. тізілімі екі данада жасалынады және бір ай бойына реттік нөмірімен нөмірленеді.
Тапсырысты хаттарды, алынғандығы туралы тапсырысты хабарламаларды, тапсырысты постпакеттерді «16н.жүкқұжатына» жазу нөмірлерін (ШПИ) және жіберілетін орнын көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Әрі қарай жіберілетін және қайтарылатын тапсырысты хаттар «16н.жүкқұжатына» «ӘҚЖ» және «Қ» әріптерін «Белгілер» бағанына көрсете отырып жеке-жеке жазылады.
Жазудан бұрын асты сызылған «т/х», «т/хаб.», «тап.п/п» қысқартылған тақырып атаулары көрсетіледі және әр жазудан кейін олардың қорытындысы цифрмен жасалынады.
11н.тізілімін жасаған жұмыскер:
өз лауазымын, фамилиясын көрсетеді, анық түрде өз қолын қояды;
екі данаға ПМ анық бедерін қояды;
тапсырысты постпакетке «16н.жүкқұжаттың» бірінші данасын салады.
103н. тізімі бойынша қабылданған тапсырысты хаттар «16н.жүкқұжатын» алмастыратын 103н. тізімнің бір данасында тапсырысты постпакеттерге бітеледі.
Автоматтандырылған сұрыптау және өңдеу барысында «16н.жүкқұжаты» ұқсас деректермен автоматты түрде қалыптастырылады. ПМ бедері қойылмайды.
Тапсырысты үкіметтік хаттар жазылған және осындай хаттары бар постпакеттердің барлық жүкқұжаттарының жоғарғы бөлігінде «Үкіметтік» деген мөртабанның анық бедері қойылады.
Тіркеліп жазылған тапсырысты хаттар «16н.жүкқұжатымен» бірге постпакет құрайтын бумаларға айқастыра байланады. Бұл кезде хаттар буып-түю кезінде зақымдану мүмкіншілігін тудыртпайтындай тәртіпте салынады.
Бөлек постпакеттерге бөлінеді:
үлкен көлемдегі хаттар;
стандартты көлемдегі хаттар;
үкіметтік хаттар;
таратылмағандар.
Тапсырысты постпакеттер осы Ережелердің 223 тармағына сәйкес толтырылған «16н.жиынтық жүққұжатына» тіркеліп жазылады. Егер қапта бір тапсырысты пакет жіберілетін болса, онда бұл постпакеттің тізілімі жиынтық ретінде ресімделеді.
Жиынтық тізілім нөмірленбейді, тек «Жиынтық» сөзі көрсетіледі. Жиынтық тізілімде қаптың нөмірі көрсетіледі. Жиынтық тізілім екі данада толтырылады және оны толтырған өндірістік объектінің жұмыскері лауазымын көрсете отырып, қолын қояды. Тізілімнің екі данасына да ПМ бедері қойылады. Тапсырысты постпакеттері бар әр қапқа «16н.жиынтық жүққұжатына» салынады. Бірінші данасы тапсырысты постпакеттердің біреуінің байлам астына салынады.
Бір іріленген пакетке байланған тапсырысты постпакеттер қапқа жай постпакеттердің үстіңгі бөлігіне салынады.
Автоматтандырылмаған өңдеу барысында әр қапқа 11н. адрес жапсырмасы,тапсырысты белгісі,үкімет белгісі,халықаралық белгісі тіркеліп көрсетіледі. Автоматтандырылған өңдеу кезінде қап өлшенеді, 11н. адрес жапсырмасы автоматты түрде ұқсас деректерімен қалыптастырылады.
11н. жапсырмасы бір ай бойы реттік нөмірлерімен нөмірленеді, жапсырмада қапқа бекіту жүргізген жұмыскердің (лерінің) фамилиясы және қолы көрсетіледі. Әр 11н. жапсырмасына анық ПМ бедері қойылады.
Тапсырысты хаттар салынған қаптар штаты бойынша бір жұмыскері бар ПББ–ін есептемегенде, міндетті түрде екі жұмыскермен жабылады.
Тапсырысты хаттар салынған қаптар осы Ережелердің 315 тармағында қарастырылған тәртіпте байланады және сүргіленеді (пломбыланады), 11н. жапсырмасы байламның астына салынады.
Басқа почта жөнелтімдерімен бірге жинақталған және сүргіленген қаптар екі данада нөмірлері көрсетілген 16н. жүкқұжатына жазылады.
«Қызметтік» белгісі бар тапсырысты хаттар белгіленген тәртіпте өңделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |