6.7 Тегін жіберу
Ішкі және халықаралық почта алмасу кезінде төлемсіз қабылданады, өңделеді, жіберіледі және жеткізіледі:
1) қызметтік жіберу туралы Ережеде қарастырылған, почта байланысының уәкілетті органымен және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен жіберілетін қызметтік почта жөнелтімдері;
2) зағиптар үшін шығыңқы шрифті баспа басылымдары салынған бандерольдер;
3) «Зағиптар үшін сөйлейтін кітап» магнитофон жазбасы салынған бандерольдер.
Халықаралық айырбаста тек зағиптарға арналған (секограммалар) дыбыс жазбалар баспа басылымдары салынған жай бандерольдер авиа тарифтерден басқа барлық алымдардан босатылады. Секограммалар ашық түрде берілуге тиіс және жерүсті көлігімен жіберіледі, егерде зағиптар үшін ашылған ресми мекемелерге немесе осындай мекемелерге жіберілген болса.
6.8 Қосымша төлемді почта жөнелтімдері
Операциялық терезелерде қабылдауды жүзеге асыратын өндірістік объектінің жұмыскерлері барлық қабылданған почта жөнелтімдерінің дұрыс төленуіне жауапкершілік танытады.
Төленбеген немесе жарым-жартылай төленген жазбаша хат-хабарлар белгіленген тариф бойынша қосымша төлеу үшін жөнелтушілерге қайтарылады.
Төленбеген немесе жарым-жартылай төленген ішкі жай хаттар, почта карточкалары және почта жәшіктерінен алынған бандерольдер тиісті пунктіне дейін жіберілуі мүмкін, бірақ бұндай почта жөнелтімдерін беру тек қосымша ақылы почта жөнелтімдерінің тарифіне дейін адресатымен төленгеннен кейін ғана беріледі. Аталған жөнелтімдер қайтарылған жағдайда төлемі жіберушіден алынады.
Заңды тұлғалардың төленбеген немесе жарым-жартылай төленген почта жөнелтімдерінің маркалары өшірілмей төлемін толықтыру үшін жөнелтушілеріне қайтарылады.
Жеке және заңды тұлғалардың төленбеген немесе жарым-жартылай төленген халықаралық хаттары және почта жәшігіне салынған бандерольдер маркасы өшірілмей толық төлеуі үшін жөнелтушісіне қайтарылады.
§7 Почта жөнелтімдерін мекен-жайға жіберу
Почта жөнелтімдеріндегі, сәлемдемелердің және тікелей почта контейнерлердің сүйемелдеу бланкілеріндегі мекен-жай деректері атаулары қысқартылмастан, шартты әріп, цифр, белгі қолданылмастан, айқын және түсінікті түрде сиямен немесе баспа әдісімен жазылады. Көрсетілген мекен-жайдағы деректер почта жөнелтімін өңдеу, жіберу және жеткізу кезінде қосымша анықтамаларды талап етпейтіндей етіп толық жазылуға тиіс.
Халықаралық баспа басылымдарында өзгешелік ретінде адресаттың фамилиясы француз тілінде немесе тиісті қабылданған елдің тілінде «немесе осы мекен-жай бойынша тұратын кез-келген басқа адам» белгісімен сүйемелденуі мүмкін.
Хаттардағы және почта карточкаларындағы адресаттың почталық индексі кодтық орынға цифрлермен қызыл, сары және жасыл түсті сиялардан басқа кез келген түсті сиямен жазылады.
Почта жөнелтімдерінде, сүйемелдеуші бланкілерінде және почтамен ақша аударым бланкілерінде жіберуші мен адресаттың мекенжайын көрсету жіберуші мен алушының тек бір мекенжайын көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Халықаралық почта жөнелтімдерінде Қазақстан Республикасының елді мекенінің мекенжайы болып табылатын жіберушінің тек бір мекенжайы көрсетіледі.
Мекен-жайдың жазылуы келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1) жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы;
2) көшенің, ықшам ауданның аты, үй нөмірі, пәтер нөмірі;
3) елді мекеннің атауы (қала, кент, ауыл және село);
4) ауданның атауы;
5) облыстың атауы;
6) елдің атауы (халықаралық жөнелтімдер үшін);
7) почта индексі.
Алуды тездету үшін жіберуші адресаттың (жіберушінің) үй, мобильді телефон номерін, электронды почтасының мекенжайын көрсете алады. «Дала почтасы» атына мекен-жайын жазған кезде тек далалық почтаның нөмірі және адресаттың аты жазылады.
Әскери бөлімшелер мен мекемелердің атына мекен-жайын жазған кезде жіберілген пункті және нөмірі көрсетіледі.
Почта жөнелтімдерінде адресаттың почта индексі қара түсті сиямен цифрмен жазылады.
Жөнелтуші почта жөнелтіміне мекен-жайды жазудың орынына баспа әдісімен дайындалған немесе қолмен жазылған мекен-жай жапсырмасын жапсыра алады. Жапсырмалар үшін ақ қағаз немесе ашық түсті қағаз пайдаланылады.
Почта жөнелтімдерінде, сүйемелдеу бланкілерінде тек жөнелтушінің және адресаттың бір мекен-жайы көрсетіледі.
Жөнелтушінің мекен-жайы почта жөнелтімінің сол жақ жоғарғы бұрышында, ал адресаттың – почта жөнелтімінің төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі.
Мекен-жай блоктарындағы жолдар сол жағынан түзетілуге тиіс.
Почта жөнелтімдері «Талап етілгенге дейін» немесе адресаттың (жеке тұлғалар үшін аты-жөні) аты және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты тегі қолданылмайтын жағдайлардан басқа өндірістік объектінің атауы көрсетілген «Абонементтік жәшікке» жіберілуі мүмкін. Егер почта жөнелтімі адресаттың жұмыс орнына жіберілетін болса оның лауазымы және фамилиясы көрсетілу мүмкін.
«Талап етілгенге дейін» жіберілген жөнелтімдерде адресаттың фамилиясы, аты, тегі орнына жеке куәлік нөмірін көрсетуге рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жіберілетін почта жөнелтімдерінің жөнелтушілері мен адресаттарының мекен-жайы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылуы мүмкін. Ішкі почта жөнелтімдерінде мекен-жайын жазу үлгісі осы Ережелердің 693 бетінде келтірілген.
Халықаралық почта жөнелтімдерінде мекен-жайы латын әріптерімен және араб цифрымен немесе жеткізілетін елдің тілінде, жеткізілетін ел атын міндетті түрде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қайталай отырып жазылады.
Шығыс халықаралық почта жөнелітімінде тек жөнелтушінің бір мекен-жайы көрсетіледі, ол Қазақстан Республикасының елді мекені болуға тиіс.
Тіркелетін почта жөнелтімдері жөнелтушінің кері мекен-жайысыз қабылданбайды.
Тіркелетін почта жөнелтімдерін жөнелту кезінде мекен-жайында қосымша адресаттың телефон нөмірін, сонымен қатар жөнелтушінің қалауы бойынша почта жөнелтімінің ішіне жөнелтушінің және адресаттың немесе почта жөнелтіміне салынған затта мекен-жайын көрсету ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |