Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 6 Қоғам қызметтерінің төлеу жүйесі



бет16/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 6 Қоғам қызметтерінің төлеу жүйесі


6.1 Қызметтерді төлеу әдістері

Почта байланысының қызметтері төленеді:


1) мемлекеттік почталық төлем белгілерімен;
2) халықаралық жауап купондарымен;
3) ҚР-ның аумағында жүретін айналымдағы қолма-қол ақшамен;
4) қолма-қол ақшасыз есептесу жолымен.
Почта жөнелтімдері мен почталық ақша аударымдарын жіберу үшін төлемі қабылданған кезде немесе азаматтық-құқықтық шарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Құндылығы жарияланған жөнелтімдер үшін почталық байланыс қызметін төлеуге жөнелтімдердің салмағына және жарияланған құндылығына байланысты анықталатын жіберу төлемі, ал құндылығы жарияланбағанға – тек жіберу ақысы кіреді.
Құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдемелерді жіберу үшін почталық байланыс қызметінің төлеміне жіберу үшін салмақ алымы, жарияланған құндылығы және қызмет алымы кіреді.
Осал, рабайсыз үлкен, ірі габаритті сәлемдемелерді, сондай-ақ, «Абайлаңыз» белгісі бар сәлемдемелерді жіберу үшін қолданыстағы тарифтерге сәйкес қосымша ақы алынады.
Почталық байланыс қызметтерінің көлемі Қоғаммен почта жөнелтімдерін жіберуге қолданылатын (әуе немесе жерүсті) жолдарына байланысты анықталады, ал почта байланысының жалпы қолжетiмдi қызметінің тарифтері табиғи монополиялар саласында уәкілетті органмен белгіленеді.


6.2 Мемлекеттiк почталық төлем белгілері

МПТБ ретінде почта жөнелтімдеріне жапсырылатын немесе баспа әдісімен почта конверттері мен почта карточкаларына басылатын почта маркалары, стандартты және көркемсуретті сериялардың блоктары, франкирлеу машиналарының бедері және байланыс саласында уәкілетті органмен айналымға енгізілетін және почталық байланыс қызметтерін төлеуді растайтын өзге белгілер қолданылады.


Жазбаша хат-хабарларды жіберу төлемдері және ішкі почталық жіберілімдердің алынғаны туралы хабарлама МПТБ расталады.
МПТБ почта конвертінің, почта карточкасының, бандерольдің, ұсақ пакеттің оң жақ жоғары бұрышына орналастырылады. Почта маркаларының бірінің үстіне бірін жабыстыруға тыйым салынады.
Тарифтеу және заңды тұлғалармен жіберілетін жазбаша хат-хабарларға почта маркаларын жабыстыру жөнелтушінің міндетіне кіреді.
Хаттарды маркіленген конверттерде жіберуге рұқсат етіледі. Маркіленген конверттің марка құны осындай хаттарды жіберу үшін төлемінде ескеріледі.
МПТБ сатылғандары кері қабылданбайды және айырбасталмайды.
Айналымнан алынған, бүлінген (ластанған, зақымдалған, жабыстырылған, қандай да бір басқа әдіспен өшірілген) почта маркалары, сондай-ақ ішкі және халықаралық почта жөнелтімдерін жіберуді төлеу үшін шетел маркалары қабылданбайды.
Маркіленген конверттер мен почта карточкаларынан қиып алынған, өшірілмеген почта маркалары Қазақстан Республикасының шегінде хаттарды, бандерольдер мен почта карточкаларын жіберу үшін қолданылуы мүмкін.
Почта жөнелтімдерін төлеу үшін басқа қиып алынған МПТБ қабылданбайды.
МПТБ қолдан жасауға немесе сатуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының белгіленген заңдарына сәйкес жауапкершілік танытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет