4.9 Қателікпен қабылданған жөнелтімдерді өңдеу
EMS жөнелтімдерінде тасымалдауға тыйым салынған заттар табылған жағдайда олардың алынуы, сондай ақ әрі қарайғы әрекеті ҚР-ның заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Шетел операторларымен жеткізілетін “EMS-Kazpost“ қызметімен қабылданған, тыйым салынған заттары бар EMS жөнелтімдері алынады және ұқсас тәртіпте өңделеді.
Салмағы және көлемі белгіленген шектеуліктерден асатын EMS жөнелтімдері жеткізуге жатпайды .
Егер қате қабылданған EMS жөнелтімдері адресатқа жеткізуге және жіберушіге қайтаруға жатпаса, онда жіберуші оператор EMS жөнелтімдері қай өңдеуге жататыны, сонымен қоса талап етілген осындай өңдеудің шектеуліктері мен немесе тыйымдары туралы хабардар етілуі тиіс. Осы мақсат үшін халықаралық EMS жөнелтімдері бойынша тексерілген EMS Е2 хабарландыруы пайдалануы мүмкін. Халықаралық EMS жөнелтімдерін өңдеу бойынша қосымша шығындар жіберуші оператордың есебінен алыну тиіс.
§ 5 EMS халықаралық жөнелтімдерді қабылдау кезінде кедендік құжаттарға және жалпы бітеуге қойылатын талаптар
Халықаралық EMS жөнелтімдерін қабылдау барысында жұмыскер міндетті :
Заттар немесе тауарлары бар жөнелтімдері бойынша жіберуші міндетті түрде немесе оның баламасы бойынша CN23 кедендік декларациясын толтыруына қадағалауға ;
Тауарлары бар жөнелтімнің ішіндегісіне кедендік декларациясында толық көрсетілуіне, ал коммерциялық жөнелтімдерге қосымша түрде шот салынуына қадағалауға ;
Жіберушіні кедендік декларацияны дұрыс толтыруы туралы хабардар етуге;
Кедендік декларация осындай әр жөнелтімге жабыстырылуын қадағалауға .
ХПАО-нан жіберу барысында EMS жөнелтімі жабық депеште буып-түйіледі , ал ресімделген жолдамаларында CN38 және CN37 жүкқұжатында ( жеткізу әдісіне байланысты, әуе ,жер үсті ) почтада EMS жөнелтімі бар туралы анық көрсетілуі тиіс .
Жөнелтімдер баж салынбаған заттардан бөлек қаптарда мына жағдайларда салынады:
Егер Почта Әкімшілігімен EMS пайдалану жөніңдегі жинақта арнау баж тағылған тауарлар немесе басқа заттары бар жөнелтім тізімдері анықталса ;
Бөлек қап жасау үшін баж тағылған салымдары бар жөнелтімдердің жеткілікті көлемнің бар болуы .
Депешалар сарғыш-көк түсті EMS қаптарында жинақталады.
Әр қапқа тиісті елдің айырбас мекемесі және баж тағылған тауарлар немесе басқа жөнелтімдердің қапта бары туралы анық көрсетілетін , EMS CN35 логотипі бар жапсырмасы тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |