§ 13 Халқаралық кіріс EMS жөнлітімдерін өңдеу
Халқаралық рейстерден келген EMS почта қауіпсіздігін бөлімінің жұмыскерінің қатысуымен Халықаралық әуежайының жүк тасымалдау қызметінің жұмыскерымен қабылданады, ол почтаны қабылдау процесін бақылауға тиіс.
ХПАО (әуе учаскесінің) жұмыскері халықаралық әукжайдың Кеден инспекторларына әуе рейсінен түскен бүкіл почтаны (жолдама құжаттарымен бірге) елге кіргізуге рұқсат алу және әрі қарай өңдеу үшін кедендік тексеріске көрсетуге міндетті .
Кеден инспекторы тиісті “Кедендік жүк” (“Груз таможенный”) мөртабанын қойғаннан кейін ХПАО (әуе учакеннің) жұмыскері қауыпсіздік қызметі жұмыскерінің қатысуымен Халқаралық әуежай өкілінен (әуежайдың жүк тасымалдау қызметі) почтаны қабылдаған кезде бірден контейнердің жағдайы, оның бекітілуі, мөрлері және олардың жүқұжаттарда көрсетілген мөлшерінің сәйкестігі тексеріледі, қабылданған қаптардың саны есептеледі.
Әрі қарай почта депешадағы қаптар саныныңс сәйкестігіне CN38 жүкқұжаттарындағы жазбалармен жеке-жеке салыстырылып тексеріледі, қаптарды бақылау өлшемі жүргізіледі. Тасымалдағыштан қаптарды түсірген кезде қаптардың орамдарының , байламдарының сыртқы жағдайы, пломбалары мен БПҚ тексеріледі.
Егер EMS депешаларын қабылдаған кезде CN38 жүкқұжаттарының немесе оларға тіркелген қаптардың жетіспеушілігі, қаптардың орамдарының, байламдарыны, бітеу құрылғыларының саны, қаптардың салмағында алшақтық және басқа жөнсіздіктер анықталған болса, онда әуе компаниясы өкілінің жұмыскері мен “КАЗПОЧТА” АҚ жұмыскерлерінің аты-жөні мен анық қойылған қолдарын көрсетіп, CN38 сүйемелдеу жүкқұжаттарында және әуе компаниясының постманифестінде (каргоманифест) екі жақты белгі қойылуға тиіс. Бір данасы әуе компаниясының өкілінде, екіншісі депешаның сыртқы жағдайы туралы депешаны жіберген мекемеге Е2 байқау хабарламасын жасау үшін ХПАО-да қалады.
Почта қауіпсіздігінің кезекші маманы әуе компаниясымен келісілген, ағылшын немесе француз тілдерінде белгіленген үлгіде “Ақаулы келген почта туралы өтніш” бланкісін толтырады. Осы ақпарат түскен почтаны алғашқы өңдеуінен кейін, бірақ ХПАО-ға әуе компаниясы өкілінің бланкісіндегі белгімен почта түскеннен кейін 2 сағаттан кешіктірмей, он минут ішінде факспен жіберген почта әкімшілігіне жөнелтіледі.
Сондай-ақ, барлық сәйкессіздіктерге және анықталған жөнсіздіктерге белгіленген нысанда ведомствоаралық акті (52н.) жасалды, мұнда әрі қарай актіні тергеу үшін почтаны алған кездегі барлық кемшіліктер толық көрсетіледі. Акті әр тарапқа екі-екіден, төрт (4) данада жасалады және ХПАО (әуе учаскесінің) және почта қауіпсіздігі қызметінің жауапты қызметкерлерімен, әуе компаниясының және ХӘ тасмалдау қызметінің өкілімен қол қойылады. Тараптар 52н. актісімен келіспеушіліктерін оған қол қою кезінде көрсетеді. Актті басшылық тарапынан бақылау үшін ХӘ жүк тасымалдау қызметіне беріледі.
EMS депешаларда анықталған жөнсіздіктер немесе жеке қаптарды (депешаларды) кем алу туралы Е2 бақау хабарламасы әуе компаниясының немесе ХӘ жүк тасымалдау қызметінің өкілімен қол қойылған, сүйемелдеу құжаттардың көшірмелерімен қоса депеша алынған алмасу мекеменсіне жіберіледі.
Актілер рәсімделгеннен кейін халықаралық EMS почтасын 16н. жүкқұжатына тіркеп, халықаралық EMS учаскесіне тапсырылады. Кеден инспекторының қатысуымен 16н. жүкқұжаттарына “Кедендік жүк” (“Груз таможенный ”) мөртаңбасы қойылады және өзінің жеке нөмірлік мөрімен растайды. 16н. жүкқұжаттары 4 данада жасалады: 1-уі ХӘ-дағы кеден инспекторына, 1-уі ХПАО (әуе учаскесіне), 1-ПТБ-дегі халықаралық EMS учаскесіне, 1-уі ХПАО-да (ПТБ) EMS почтасын ашатын кеден инспекторына беріледі.
Шетелден халықаралық EMS учаскесіне түскен халықаралық жөнелтімдер 16н., CN38 жүкқұжаттарымен салыстырылып тексеріледі, қаптардың сыртқы жағдайы, пломбалардың БПҚ бүтіндігі тексеріледі. Қап жапсырмалары бойынша депешалардың дұрыс жіберілуі тексеріледі және “Алмасу Oфистарында депешаларды қабылдау” (RESDES) сияқты тиісті бағдарламалық қамсыздандыруға (халықаралық қадағалау жүйесі) енгізіледі.
EMS учаскесінің жұмыскерлері қаптарды ашады және жөнелтімдер CN31 жазбаша картаның бар болуы бойынша тексеріледі, сондай-ақ “Кіріс алмасу офисына EMS жөнелтілімдерін қабылдау” (EMD) сияқты тиісті жүйеге тіркеледі. Жазбаша картаны алмаған жағдайда осы құжаттардың телқұжаттарын жасау және осы факті туралы байқау хабарламасын жіберген мекемеге жөнелту қажет.
Егер почтаны тексеру кезінде анықталатын болса: қапттардың, EMS жөнелтімдердің жетіспеушілігі, құжаттарда дұрыс жасалмаса, түрі салымының ұрланғандығын болжауға негіз беретін жөнелтімдер, жазбаша карталардағы қателіктер, EMS жөнелтімдерін ресімдеудегі жөнсіздіктер, алушының мекен-жайының дұрыс көрсетілмеуі және т.с.с ақауларға анықтама жасалады. Почтаны өңдеу процесінде анықталған барлық жөнсіздіктерге жазбаша картада белгі жасалады. Осы анықтамалардың негізінде депешалар түскен күні Е2 байқау хабарламасы жасалады және алмасу мекемесі мен аралық алмасу мекемелеріне жөнелтіледі, егер олар алғашқы кететін почтада бар болса. Байқау хабарламасы жасалған жағдайда қап, мөрі, байламы, пломбасы және жапсырмасы алты 6 апта бойы қолданылып жіберіледі, егер ол туралы өтініш білдірсе. Е2 байқау хабарламасы үш (3) данада (1-данасы ХПАО-на, 2-данасы депешаны жіберген орынға), егер EMS жөнелтім Е-2 жіберілсе, онда 4 данада жасалады.
Жөнелтімдер тізбелер бойынша кедендік ресімдеуге тексеріс үстеліне беріледі, оларға қосымша сүйемелдеу құжаттармен: CN38 жүкқұжаттар, CN23 кедендік декларациялар және басқа құжаттар, олардың бір данасы соңынан ХПАО-дағы кеден инспекторында сақталады, қадағалау жүйесінде “Жөнелтімді Кеденге жөнелту” (EME) белгісі қойылады.
Бүлінген күйінде түскен салмағында алшақтық бар, бұзылған және салымы кем немесе сүйемелдеу құжаттарсыз почта жөнелтімдері кедендік тексерістің соңынан CN24 актісін жасау үшін цех операторымен жасалған 51н. актісімен бірге ұсынылады. Оның ішінде актінің 1 данасы жөнелтіммен, 1 данасы ХПАО құжаттарымен бірге беріледі, 1данасы депешаны жіберген мекемеге жіберіледі.
Кеден инспекторы EMS учаскесінің бастығы мен операторының қатысуымен (“Рапискан” тексеру жүйесінде немесе қолмен) жеке нөмерлік мөрімен және қолымен расталған “шығаруға рұқсат” мөртаңбасын қояды.
Почта жөнелтімі кедендік тексерісте ашылғаннан кейін орамын бітеу және буып-түю “EMS-Kazpost”логотипімен атаулы скотчты қолдану арқылы жүзеге асырылады. Келесі бітеу, байлау, өлшеу, жүкқұжатқа тіркеу кеден инспекторының қатысуымен жүргізіледі. Ал қадағалау жүйесіне “Кеденмен қайтарылған жөнелтімді қабылдау” енгізіледі.
Жөнелтімдер бағыттары бойынша сұрыпталады 16н. жүкқұжатына атап тіркеледі. EMS қаптарына бітеледі. Қаптар бағыты бойынша жіберіледі. CN35 жапсырмасында ҚР бойынша қаптың нөмері, жергілікті жеткізу офисының атауы, қаптың жалпы салмағы, қаптың жасалған күні және почтаны өңдеген оператордың фамилиясы көрсетіледі. Қаптар ішкі бағыт жоспарларына сәйкес сұрыпталады. Жүйеге “EMS келесі жеткізу офисына жөнелту” (EME) белгісі енгізілуі мүмкін.
Ауысым соңында тапсырылған және қабылданған EMS почтасына барлық құжаттар түскен және тапсырылған уақытын ескере отырып жеке будаларға тігіледі, тара бойынша мәлімет дайындалады, мұнда депешалардың нөмірлері, жіберген елі, жасақталған күні және қайтарылатын қаптардың саны көрсетіледі. Әр буда бойынша баланыс шығарылады: түскен және жөнелтілген почтаның саны және ауысымға тапсыру үшін қалдығы есептеледі. Барлық құжаттар жасалған актілермен және байқау хабарламаларымен бірге халықаралық EMS учаскесінің башысына тапсырылады. Ол күнделікті қорытындылардың дұрыс шығарылуын, құжаттардың дұрыс толтырылуын, қолдардың болуын, анықталған жөнсіздіктердің барын және оларды ХӘ жүк тасымалдау қызметінің қолдарымен растауын тексеруге және әрі қарай оларды сақтау үшін бақылау-анықтама учаскесіне жіберуге тиіс. Халықаралық почтаға құжаттар 2 жыл бойы сақталуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |