Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 2 ХПАО мен ХПАП-де жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуы



бет91/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 2 ХПАО мен ХПАП-де жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуы

Жұмыс күні басталар алдында учаскелердің цехтардың бастықтары (орынбасарлары) міндетті:


1) жұмыс орындарына атаулы заттарды қабылдау және беру журналында қол қою арқылы атаулы затттарды беруге (беруді бақылауға алу);
2) ПМ бедерін ағымдағы күннің датасына сәйкестігін тексеруге және жұмыс алмасу бойы ПМ уақытын аударуды бақылауға;
3) жұмыс орындарының тиісті пайдалану материалдарымен және өндірістік құжаттамалармен қамтамасыз етілгенін тексеруге;
Жұмыс күні басталғанға дейін учаскелердің.цехтардың жұмыскерлері тиіс:
1) компьютердің, бағдарламалық қамсыздандырудың жұмысқа дайындығын, атаулы заттардың, технологиялық жабдықтардың дұрыстығын тексеруге;
2) өздерін жөнге келтіруге, нысанды киім киюге, киімге аты-жөні және лауазымы көрсетілген бейджикті қыстыруға;
3) жұмыс орнында тәртіпті сақтауға
Жұмыс күнінің соңында күні бойы құжаттар (11н. тізілімі, 16н. жүкқұжаттары, CN37, CN38, CN41, CN47, CN31 жазбаша карталар, CN33 ерекше парақтар CP 87 сәлемдемелік карталар,кедендік тексеріске берілетін почта жөнелтімдерінің тізбесі) шығыс және кіріс почта жөнелтімдеріне бөлек-бөлек почта жөнелтімдерінің тірдері бойынша (жазбаша хат-хабарлар,ұсақ пакеттер,құндылығы жарияланған хаттар) күнделікті бумаға тігіледі. Әр буманың құжаттарындда жұмыс күні (ауысым) ішіндегі қорытындысы шығарылуға тиіс, онда көрсетіледі: өткен күннен қалған почта жөнелтімдерінің қалғаны келіп түскен,жөнелтілген почта жөнелтімдерінің жалпы саны және келесі күнге қалдығы. Қорытындылары күнделікті тексеріледі және почта жөнелтімдерінің қозғалысына бақылау жасайтын және есеп жүргізуге жауапты екі жұмыскер күнделікті қорытындыны тексереді және қолдарын қояды.Жұмыс орнында құжаттардың бумаларын сақтауға рұқсат етілмейді. Почта жөнелтімдерінің қозғалысы мен қалдығы кіріс және шығыс құжаттарды салыстыру арқылы тексеріледі. Тексеру кезінде түскен және жөнелтілген почта жөнелтімдерінің құжаттары бойынша жеке-жеке саналған және шығарылған қорытындылардың дұрыстығы белгіленеді.
Құжаттардың тігілген бумалары сақтау үшін ай сайын жеке тұлғаға тапсырылады. Халықаралық жөнелтімдердің өндірістік құжаттары 2 жыл сақталады. Халықаралық жөнелтімдерге іздеу салу бойынша хат алмасу қажет болған жағдайда осы жөнелтімге қатысты құжаттар іздеу салу аяқталғанша сақталуы тиіс.
Жұмыс аяқталғаннан кейін атаулы заттарды жауапты тұлғаға тапсыру, ДК және тоқ жабдықтарын өшіру, жұмыстарын тәртіпке келтіру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет