Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Шет елден түсетін құндылығы жарияланған хаттарды өңдеу



бет97/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   114
ОМПО дайын кітап

2.1 Шет елден түсетін құндылығы жарияланған хаттарды өңдеу

ПТБ алмасу (қозғалу бөлімі) арқылы жазбаша хат-хабарларды өңдеу учаскесіне шетелден түсетін құндылығы жарияланған хаттармен депешалар ішкі “Сaқтандыру” қаптары сияқты әдіспен қаптың қабының дұрыстығын, пломбалар мен байламдарының тұтасығын, қаптың нақты салмағының сәйкестігі тексеріледі және ашылады, қаптар жапсырмалардың және CN37н. жүкқұжаттарының (жерүсті депешалар мен CN38н. жүкқұжаттардың - әуе депешалар) деректері сканерленіп КАЖ БҚ-да тіркеледі.


Қап ашылғаннан кейін құндылығы жарияланған хаттармен постпакеттер CN31н. жазбаша картадағы және CN16н. жөнелту картасындағы жазбалармен, сондай-ақ CN33н. ерекше парақтарда міндетті түрде хаттардың нақты салмағын сыртында көрсетілген салмақпен салыстырылып тексеріледі.
Жеке-жеке Құндылығы жарияланған хаттармен түскендерді тексеретіг жұмыске оларды бөлек бөлек сканерлеп ҚАЖ жүйесінде тіркейді жөнелту картасына қол қояды сонан соң бумаларға түптеледі және қамсыздандырылған тәртіппен сақталады.
CN22н кедендік жапсырмасы бар хаттар немесе кедендік тексеріске жататын CN23н кедендік декларация ҚАЖ жүйесінде тізбеге тіркеледі және тізбеде 2 данада кедендік тексеріске беріледі. Тексеріс ұсақ пакеттер сияқты көбінесе рентгеноаппаратура көмегімен жүргізіледі. Ашпай шығарған (көзбен шолып тексеру) кезде кеден инспекторы тізбеге “Шығаруға рұқсат” мөртабанын қояды, ашпай тексеріс жүргізілгендігі туралы белгі жасалады және инспектордың және учаске операторының қолы қойылады.
Кедендік тексерістен кейін кеден инспекторы хаттарда және тізбелерде тиісті “Босатуға рұқсат” (“Выпуск разрешен”) мөртабанын, өз мөрін және қолын қояды.
Кеден органымен ашқан кезде салымына кедендік баж салынатын, құндылығы жарияланған хаттар түскен кезде оған тексеріс жүргізген инмпектордың жеке мөрімен куәландырылған, кеденнің “Кедендік жүк” (“Груз таможенный”) мөртабаны қойылады және кедендік жүк декларациясы (КЖД) - 5 данада кедендік бақылау құжаты жазылады, оған алушы тұратын қызмет аймағында кеден органдарымен хаттың берілуін бақылау үшін кеденнің “Тауар кедендік бақылауда” (“Товар под таможенным контролем”) мөртабаны қойылады, КЖД ХПАО кеден брокерлерімен ресімделеді, КЖД 2 данасы CN23н. (кеденнің “Кедендік жүк” мөртабанымен) кедендік декларациямен бірге постпакет байламының астына салынады, ал қалғаны кедендік бақылау үшін ХПАО кеденінде қалады. 16н. жүкқұжатына тіркелген кезде баждың болуы “почта жөнелтімдеріндегі белгілер” бағанында “Кедендік жүк” белгісімен көрсетіледі, құжаттардың жалпы саны жөнелтілетін почтаға 16н. жүкқұжатының “Б” бөлімінде көрсетіледі.
Тексерістен кейін хаттар облыс орталықтары бойынша сұрыпталады ал сонан соң ҚАЖ жүйесінде ШПИ нөмері жарияланған құндылығы жіберілген елі қайда және қайдан келе жатқан хат екендігі көрсетіліп 16н жүкқұжатына келе жатқан хат екендігі көрсетіліп 16н жүкқұжат екі данада жасалады оның бірі постпакетке салынады ал екеның құжаттарына тігіледі.
Санына қарамастан құндылығы жарияланған хаттар облыс орталықтарына жіберілеін “Сақтандыру” қаптарына бітеледі және ішкі сақтандыру қаптары ушін белгіленген тәртәппен жіберіледі. 17н. мекен-жай жапсырмаларында “Сақтандыру”, “Халықаралық” белгісі жасалады және жіберілген орнының атауы және қаптың міндеті, қаптың нөмірі көрсетіледі немесе ШПИ, салмағы жапсырылады, ПМ бедері қойылады. 17н. жапсырмасы автоматты режімде ДК шығарылады, оған екі жұмыскер қол қояды. Қаптар КАЖ жүйесінде 16н. жүкқұжаттарына (2 данада) жөнелту орнының атауы және қаптың міндетіғ нөмірі, жіберілген пункті көрсетіліп тіркеледі.
Қаптар 16н. жүкқұжаттарымен облыстық орталықтарға жөнелту үшін алмасу учаскесіне (қозғалыс бөліміне) тапсырылады, ол жақтан олар әуепочтасын өңдеу учаскесіне немесе 16н. жүкқұжаттың екеіші данасы почтаны қабылдаған қозғалыс бөлім операторының қолымен күндік балансты шығару үшін учаскесінің құжаттарына тігіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет