Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЧТА ЖӨНЕЛТІМДЕРІН ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПОЧТА ЫДЫСЫ



бет92/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114
ОМПО дайын кітап

9.2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЧТА ЖӨНЕЛТІМДЕРІН ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПОЧТА ЫДЫСЫ


§ 1 ХПЖ тасымалдауға арналған почта ыдысы, айырбастау тәртібі

Әуе депешасын бекіту және жөнелту үшін көк түсті немесе көк кең жолақпен қаптар пайдаланылады.


Әуе жолы арқылы (SAL) тасымалданатын жерүсті почта жөнелтімдерімен немесе жерүсті жөнелтімдерімен депешаларды бекіту және тасымалдау үшін басқа түсті қаптарда қабылданылады (қоңыр, қара, сарғыш немесе ақ түстілер).
Қаптарда латын әрпімен елдің атауы (берілген мекеме), “Postes” (Почта) белгісі көрсетілуі тиіс.
Почта Әкімшіліктері арасында депешаларды пайдалану әдісі туралы арнайы келісім жасалған жағдайда олар контейнерлерде тасымалдау мүмкін.
Почта жөнелтімдерін бүлінген немесе белгіленген жазулары жоқ, қаптардың көлемдері бойынша жиектелмеген және стандартты емес почта ыдысында жіберуге тыйым салынады.
Бос қаптарды тасымалдау кезінде оларды пломбамен (БПҚ-мен, сүргіш мөрімен) пломбылау қажет. Мөр мен пломбалардың бедерлерінде латын әріпімен айырбастау мекеменің немесе берген елдің атауы анық көрсетілуі керек.
Бос ыдыстармен қаптар салымның сақталуын қамтамасыз етіліп, оған қол салу ізін қалдырмай ашуға жол бермей бекітілуі тиіс.
Қаптар ХПАО-нан халықаралық шығыс почтасы шыққан өндірістік объектісіне Почта ережелерінің талаптарына сәйкес қайтарылуы тиіс.


§ 2 ХПАО-нан шетелдік бос ыдыстарды есепке алу және қайтару

Шетелден түскен қаптарды ашқаннан кейін учаскеге немесе қап ыдыс бойынша есеп жүргізетін жұмыс орнына КАЖ БҚ-да тіркеу үшін депешалар және түскен күндері бойынша береді.


Бос қаптар почтамен шетелдік айырбастау мекемесінен түскен мекеме бойынша сұрыпталады. Әр қаптың тобы тасымалдауға оңай болатын бумаға жинақталады және бір бос қаптың ішіне салынады. Айырбастау мекемесіне қайтару қысқа мерзімде тікелей депешада мүмкіндік болғанша олар түскен жол арқылы жасалады. Депешаны алған кезде қайтаруға жататын сыйымдылықтардың саны CN31 нысан жазба картасында және СР87 нысан сәлемдемелік картасында арнайы белгіленген бағанада жөнелтілетін айырбастау мекемесімен көрсетілуі тиіс. Әр депешамен қайталанатын бос қаптардың (сыйымдылықтардың) жалпы саны CP31 нысан жазба картасының 4 кестесінде немесе CP87 нысан сәлемдемелік картасында көрсетіледі.
Қаптардың саны көп болған жағдайда бос ыдыстармен депешалар құрастырылады. Бос ыдыстарымен депешаларды тасымалдау үшін CN31 нысан жазба картасы және CP47 нысан жүкқұжаты толтырылады. Бос ыдыстармен қаптарға тіркелген CN34 нысан жасыл түсті адрес жапсырмасында адреестік деректемелерден басқа (депешаның нөмірі, депеша құрастыру күні, салмағы тиісті елі және қайдан) “Seas ” (“Бос қаптар”) белгісі көрсетіледі.
Жерүсті арқылы қайтарылатын қаптардың саны көп болмаған жағдайда, оларды жазбаша хат-хабарлары бар қаптарға салуға болады, жалпы саны мен бос ыдыстың салмағы CN37 нысан жүкқұжатының тиісті бағанында көрсетіледі.
Әуе арқылы қайтарылатын қаптар үшін арнайлы депешалардың қалыптастыруы міндетті, бұл кезде тиісті CN47 нысан жүкқұжаты немесе CN31 нысан жазба картасы толтырылады. Шетелдік почта қызметінің қаптары елдің ішінде почта немесе басқа почта қызметіне, немесе басқа мақсаттар үшін тасымалдауға жатпайды.
Баспасөз баслымадырмен, бір тиісті орынға бір алушыға адрестелген қаптар (М қаптары) адресатқа табыс етілгеннен кейін қайтып алынуы және берген мекемеге кәдімгі бос қап сияқты қайтарылуы тиіс.
Шетелдік айырбастау мекемесіне бос ыдыстар жөнінде сымдар мен қуынымдар белгіленген тәртіп бойынша ұсынылады және Дүниежүзілік почта Конвенциясы мен оның ламенттерінің ережелерімен реттеледі.
ХПАО қиыр шығыстан түскен, оларға жатанын бос қаптардың қайтарылуына бақылау жүргізуге тиіс. Егер қаптардың екі жаққа тасымалдау мерзімі уақытында қайтарылмай қалса, онда ХПАО сұрау салынады. Егер шетелдік почта Әкімшілігінің айырбастау мекемесі құжат бойынша қаптың қайтаруын дәлелдей алмаса, онда ХПАО қаптың құнын өтеуін талап етуге құқылы.
Әр Әкімшілік кезеңдікпен айырбастау орындарымен пайдаланылатын қаптар үшін АҚА ретінде орта құны белгіленеді және сол сома Дүниежүзілік почта одағының халықаралық бюросы арқылы тиісті шетелдік қызметтереге халықаралық қаптардың төлем құнын өтеу үшін хабарланады. Өтеу төленген жағдайда қаптардың алмасу құны тексеріледі.
Қайтару сол мақсат үшін белгіленген айырбастау мекемесімен жасалады. Асыл қашықтыққа тасымалданған жағдайда бір айырбастау мекемеден аспайтыны белгіленеді, оларға шетелдік айырбастау мекемесінен қайтарылатын бос қаптарды алуға және бақылауға міндеттеме жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет