Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Шет елдерден жерүсті көлігімен кететін жазбаша хат-хабарларды өңдеу



бет95/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   114
ОМПО дайын кітап

1.3 Шет елдерден жерүсті көлігімен кететін жазбаша хат-хабарларды өңдеу

Шет елден келетін жерүсті жазбаша хат-хабарлармен депешалар ХПАО-на шекаралас ХПАП арқылы түседі. ХПАО-ға депешалар шетел алмасу мекелемелерімен немесе Қазақстан Республикасының ХПАП-мен жасалған CN37н. жүкқұжатпен түсуі мүмкін.


Почта вагондарынан немесе почта автокөлігінен халықаралық почтамен түскен депешалар ХПАО почта алмасу учаскесінен почта қауіпсіздігі қызметінің жұмыскерінің қатысуымен тексеріледі. Кедендік қамсыздандыру (вагонының немесе автомашинаның қойма есіктерінде пломба, тиек) болған жағдайда ХПАО кеден инспекторы оларды түсіреді, жіберу ХПАП-де сүйемелдеу құжаттарға қойылған, шекаралас кеденінің “Босатуға рұқсат” (“Впуск разрешен”) мөртабанының болуын тексереді және почтаны түсіруге рұқсат береді. Әрі қарай кеден инспекторы сүйемелдеу жүкқұжаттарға жеке нөмерлік мөрімен және қолымен расталған мөртабанын қояды. Кеденнің мөрімен жүкқұжаттың бір данасы түскен депешаларды бақылаудан алу үшін ХПАО жұмыскерлерімен шығарушы ХПАП-не жіберіледі.
Почта алмасу учаскесінің операторымен ХПАО жасалған, 16н. жүкқұжаты және алмасу мекемесінің СN37н. тапсыру жүкқұжаты бойынша салыстырылып тексеріледі, бір мезгілде депешалардың сыртқы жағдайы тексерілді, қаптар өлшенеді, жүкқұжаттағы жазбалармен нөмірлері бойынша салыстырылып тексеріледі.
ХПАО почта алмасу учаскесінен депешалар халықаралық хат-хабарлармен өңдеуге қаптардың жалпы санының және СN37н. жукқұжатының есебі көрсетілген,16н. жүкқұжатына қол қою арқылы халықаралық жазбаша хат-хабарларды өңдейтін цехқа (учаскеге) өңдеуге беріледі.
Халықаралық почтаны өңдеу цехының (учаскенің) жұмыскерлері қапты және СN37н. жүкқұжатын қабылдар кезде оларды 16н. жұкқұжатындағы жазбалармен салыстырады, атап-атап салмағын пломбалар мен байламдардың тұтастығын, қаптардың қабықтарының дұрыстығын, ал қап жапсырмалары бойынша - почтаның дұрыс жіберілуін тексереді.
Тексерілгеннен кейін қаптар депешаны жасаған алмасу мекемесі, сондай-ақ депешалардың нөмірлері, ал жеке депешалардың қаптары соған салынған хат-хабарлардың түрлері бойынша сұрыпталады (қап жапсырмаларың түрлері бойынша сканерлейді және КАЖ жүйесінде оларды тіркейді, оның ішін депешалардың бас қаптарын “F” әріпімен белгілейді.
Қаптардың саны, нөмерлері бойынша сұрыпталған депешалар СN37н. жүкқұжатындағы жазбалармен салыстырылып тексеріледі. Сұрыпталған әр депешаның қаптарынан алдымен СN31н. жазбаша картасы бар конверт салынған, “F” әріпімен бас қап ашылыды және оны сканерден өткізеді. Жазбаша картада көрсетілген депешалардың жіберілген орны, осы депшаның почтамен дұрыс жіберілуін тексеру үшін қап жапсырмасындағы деректермен салыстырылып тексеріледі.
Депшаны құрайтын қаптардың жағдайы мен ресімделуінде жөнсіздіктер анықталған кезде, қаптар жетіспеген жағдайда нұсқаушымен СN43н. байқау хабарламасы жасалады және жауап алуға соңынан бақылауға алу және жіберген мекемеге жөнелту, тіркеу иүшін БАУ (БАТ) жіберіледі.
Жазбаша хат-хабарлармен, оның ішінде тапсырысты қаптарды ашқаннан кейін жерүсті көлікпен түскен хат-хабарлары өңдеу және сұрыптау әуе хат-хабарлары үшін қарастырылған тәртіпте жүргізіледі.
Бандерольдерді өңдеу кезінде учаскенің жұмыскерлері кеденге көрсету үшін тізбеге тіркелген, СN22н. кедендік жапсырмасы бар тауар салымымен бандерольдерді бөліп көрсетуге тиіс. Тізбеде көрсетіледі: жөнелтімнің түрлері, жөнелтімнің берілген нөмері (ШПИ), жіберілген елі, жөнелтімнің салмағы, кімге, қайда (қаласын және аты-жөнін көрсетіп).
Тыйым салынған тауарлардың, ақаулы постаның (сыртқы қабығының бұзылуы, салмағының сәйкес келмеуі және т.б.) барлығына негізді күдік және қабын тексеру үстелінде ашу қажеттілігі болған жағдайдан басқа, почта жөнелтімдері кеден инспекторымен фирмалық қабығын бұзбай рентгеноаппаратура көмегімен тексеріледі.
Зақымданған түрде, салмақ айырмашылығымен, салымы бұзылған немесе тиісті сүйемелдеу құжаттарынсыз түскен почта жөнелтімдеріне 51н. актісі жасалады және кедендік тексеріске СN24н. актісін жасаумен беріледі, бұл кезде актінің бір данасы тексеріс жүргізген кеден учаскесінде қалады, ал үшінші данасы депешаны жіберген мекемеге жібеіледі. СN24н. актісіне учаскенің жауапты жұмыскері және ақауды анықтаған почта қауіпсіздігі қызметінің жұмыскері, сондай-ақ, тексерісті жүргізген кеден инспекторы қолдарын қояды. Актінің негізінде СN43н. байқау хабарламасы жасалады, тіркеу және берген мекемеге жіберуге берген мекемеден жауап түсуді бақылау үшін БАУ-не (БАТ-на) жіберіледі.
Қаптарға салар алдында тапсырысты жөнелтімдер сұрыптаушы 11н. тізілімін басуға шығарады және соңынан 11н. жиынтық тізіліміне тіркелетін постпакеттер жасайды, екі данада сұрыптаушының аты-жөнін көрсетіп баспадан шығарады, ПМ бедерін қояды, тізілімнің бірінші данасы қапқа салынады, екіншісі цехтың құжаттарында қалады. Қаптар мен постпакеттер жерүсті көлігімен жіберілетін ішкі тапсырысты жөнелтімдер үшін белгіленген әдіспен жабылады. Адрестік жапсырмаларда “Халықаралық” белгісі көрсетіледі. БПҚ қолдануымен пломбаланады.
Жасақталған қаптар филиалдарға жөнелту үшін 16н. жүкқұжатына тіркеліп алмасу учаскесіне тапсырылады. Жүкқұжаттың бір данасы почтамен бірге, екіншісі почтаны қабылдаған АҚБ операторының қолымен күндік балансты шығару үшін құжатқа тігіледі.
Ашық транзитпен жіберілетін (хат-хабарларды тасымалдау жөнінде шығындары бірдей бір немесе бірнеше елге) жазбаша хат-хабарларды есепке алу үшін статистика кезеңінде әуе почтасын тексеру кезінде жазбаша картасында “Bordereau СN65” белгісінің болуына назар аударады.Ондай белгі бар болған жағдайда тауып алып және жазбаша картада көрсетілген санмен салыстырып тексеріп, нақты түскен СN65н. ведомастардың санын есептейді.
Егер депеша қандай да бір шетел алмасу мекемесінен алғаш рет түскен кезде СN44н. байқау бюллетені болмаған жағдайда ХПАО-да төлқұжаты жасалуға және тиісті ресімдеуден кейін ең тез жолмен жіберген мекемеге қайтарылуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет