Жұптық жұмыс: фокус есептерін шығару
1) Жүзді кім бірінші айтады?
Екі оқушы 10 санынан кіші сандарды кезектесіп айтып қосып отырады. Кім бірінші 100ге жетсе, сол оқушы жеңіске жетеді. Мысалы: біріншісі 7 десе, екіншісі 9 дейді. Қосындысы 16ға тең. Қайтадан біріншісі 5 дейді қосынды 21ге тең, екіншісі 8 десе қосынды 29ға тең болады. Ойынды осылай жалғастырып кім бірінші жүзге жетсе, сол оқушы жеңіске жетеді.
2) Ойлаған санды табу
-
екі таңбалы сан ойла;
- оны 5ке арттыр;
- қосындыны 3 есе арттыр;
- нәтижеден 15ті шегер;
- жауабын айтыңыз.
Жауабы: Шыққан нәтижені 3ке бөлеміз.
3) Туған күнді табу.
- туған жылыңның соңғы екі цифрын 20000ға көбейт;
- туған айыңды 200ге көбейт;
- туған күніңді 2ге көбейт;
- көбетінділердің
нәтижелерін қосып, шыққан нәтижені айт.
Жауабы: шыққан нәтижені 2ге бөл. Алған жауабыңның алдыңғы 2 цифры туған жылдың соңғы 2 цифрын береді, ортасындағы 2
цифр туған айды көрсетеді, соңғы 2 цифр туған күнді береді.
Оқушылар бір-біріне есептің шығару жолын түсіндіреді, өз білімдерін сынайды, рефлексия жасайды.
Бағалау: «Әңгімелесуші серіктестер» әдісі
Серіктесіңізбен талқылаңыз: 3 үйренген
жаңа нәрсе туралы;