«Есілбай жалпы орта білім беру мектебі»кмм «Математикалық сауаттылық негіздері» курсының бағдарламасы



бет11/14
Дата19.09.2023
өлшемі0.52 Mb.
#477999
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Танжанова М.К. авторлық бағдарлама

Жұптық жұмыс: фокус есептерін шығару
1) Жүзді кім бірінші айтады?
Екі оқушы 10 санынан кіші сандарды кезектесіп айтып қосып отырады. Кім бірінші 100ге жетсе, сол оқушы жеңіске жетеді. Мысалы: біріншісі 7 десе, екіншісі 9 дейді. Қосындысы 16ға тең. Қайтадан біріншісі 5 дейді қосынды 21ге тең, екіншісі 8 десе қосынды 29ға тең болады. Ойынды осылай жалғастырып кім бірінші жүзге жетсе, сол оқушы жеңіске жетеді.
2) Ойлаған санды табу
- екі таңбалы сан ойла;
- оны 5ке арттыр;
- қосындыны 3 есе арттыр;
- нәтижеден 15ті шегер;
- жауабын айтыңыз.
Жауабы: Шыққан нәтижені 3ке бөлеміз.
3) Туған күнді табу.
- туған жылыңның соңғы екі цифрын 20000ға көбейт;
- туған айыңды 200ге көбейт;
- туған күніңді 2ге көбейт;
- көбетінділердің нәтижелерін қосып, шыққан нәтижені айт.
Жауабы: шыққан нәтижені 2ге бөл. Алған жауабыңның алдыңғы 2 цифры туған жылдың соңғы 2 цифрын береді, ортасындағы 2 цифр туған айды көрсетеді, соңғы 2 цифр туған күнді береді.

Оқушылар бір-біріне есептің шығару жолын түсіндіреді, өз білімдерін сынайды, рефлексия жасайды.


Бағалау: «Әңгімелесуші серіктестер» әдісі
Серіктесіңізбен талқылаңыз: 3 үйренген жаңа нәрсе туралы;

Не оңай болды?
Не қиын болды?
Не білгіңіз келеді?


Мағынаны тану:
Логикалық есептерді оңай шығарудың алгоритмін слайд арқылы көрсету.
Рефлексия:
Оқушылар ауызша логикалық есептерді үш бөлімге бөліп қарастырады:

  • Жұмбақ есептер;

  • Сөзжұмбақ, ребус тапсырмалар;

  • Математикалық фокус есептер.



Цифрлар және сандар. Санаудың ондық жүйесі.


1-мысал: 200-ден 401-ге дейінгі натурал сандар арасында толық квадрат бола алатын қанша сан бар екенін анықтаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет