Жіктеу есімдіктері - Жіктеу есімдіктерінің саны аз, бірақ олардың қызметі мен қолданылу аясы өте жоғары. Жіктеу есімдіктеріне белгілі бір жақты білдіру үшін қолданылатын сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері не бары 8 сөз. Олар: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері жақтық мәнде қолданылатындықтан, үнемі адаммен, яғни сөйлеуші (мен), тыңдаушы (сен) және бөгде адам (ол) деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Мысалы, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). ... сен кітап оқуға арналған уақытыңды ешнәрсеге айырбастама! (Д.Әлімжанов). Ол мені алғашында таныған жоқ (Ғ.Мұстафин).
Жіктеу есімдіктерінің адам атауларының орнына қолданылуы оның зат есімнің сөз түрлендіруші қосымшаларымен түрленуіне мүмкіндік жасайды.
Атау
|
мен
|
сен
|
сіз
|
ол
|
Ілік
|
менің
|
сенің
|
сіздің
|
оның
|
Барыс
|
маған
|
саған
|
сізге
|
оған
|
Табыс
|
мені
|
сені
|
сізді
|
оны
|
Жатыс
|
менде
|
сенде
|
сізде
|
онда
|
Шығыс
|
менен
|
сенен
|
сізден
|
онан(одан)
|
Көмектес
|
менімен
|
сенімен
|
сізбен
|
онымен
|
Мен, сен, ол сөздерінің септелуінде біраз өзгешеліктер бар. Мұнда н дыбысы ілік, барыс, табыс, шығыс септік жалғауларында түсіп қалады.
Жіктеу есімдігінің септеу үлгісіндегі тағы бір ерекшелік - барыс септігінен көрінеді. Барыс септігінде н дыбысы пайда болады. Мұны көпшілік ғалымдар барыс септік жалғауы ең алғаш -ғару болған, кейіннен -ғар формасына көшкен, ең соңында -ған түріне ауысқан дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |