Есімдік Зерттелуі



бет5/6
Дата10.03.2024
өлшемі72.91 Kb.
#494858
1   2   3   4   5   6
есімдік

Белгісіздік есімдіктері

  • Белгісіздік есімдіктері деп заттар мен құбылыстарды анық ашып айтпай, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Мысалы, Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді (мақал). Бүгінде ғой кейбіреудің кінәмшіл, кекшіл, «шыбық тимес шыңқ етер» болып, үлкен сөйлесе де, кіші сөйлесе де бастарына қаны тепшіп шыға келетіні (Ш.Жиенқұлова).
  • Белгісіздік есімдіктері көбінесе бір, әр, әлде сөздерінің басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Белгісіздік есімдіктеріне біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, әркім, әрқайсы, әрқалай, әлдекім, әлдеқайдан, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдене т.б.

Болымсыздық есімдіктері

  • Бұл топқа жататын есімдіктер болымсыздық мағынада қолданылады. Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің тіркесуі негізінде жасалады. Яғни, еш сөзі басқа болымсыздық есімдігін жасауға негіз болады. Ал еш сөзінің өзі жеке қолданылмайды, тек өте сирек жағдайда ғана қолданылады. Мәселен, Ештен кеш жақсы (мақал).
  • Болымсыздық есімдіктеріне еш, ешкім, ештеңе (ештеме), ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайсы т.б. бұлардан басқа бір де бір, дәнеңе, түк, дым деген сөздер жатады.

Жалпылау есімдіктері

  • Жалпылау есімдіктері деп көп заттар мен құбылыстарды жинақтап айту мағынасында қолданылатын сөздерді айтамыз. Бұл топтағы есімдіктерге бәрі, барлық, барша, күллі, түгел, бүкіл деген есімдіктер жатады. Жалпылау есімдіктері екі не одан да көп заттардың жиынтығын жалпылай көрсететін сөздер болып келеді. Мәселен, «Правдада» барша артистер ойнына талдау жасалынып, қатты мақталынып, ал актер Жандарбеков күлкісі «Бекежандай дала тағысының психологиясын аша түсуге кілт болды» - деп жазыпты (Ш.Жиенқұлова). Бір қызық нәрсе, үкімет наградаларын алған біздердің қуанышымызға бүкіл Қазақстан қуанып, Москваға жер-жерден телеграммалар жаудырыпты (Бұл да). Құдай-ау, саяжай дейсіз бе, самолет, машина дейсіз бе, тіпті үстіңізден шыбын ұшырмауға бар күзет дейсіз бе -бәрі бар (Д.Қонаев).

Жалпылау есімдіктерінің тарихы туралы А.Ибатов: «Жалпылау есімдіктері - түгел дерлік бертін пайда болған сөздер. Дәлірек айтқанда, жалпылау есімдіктері - түгелдей өзге сөз таптарына тән сөздерден, яғни жеке сөздердің өзіне тән лексикалық мағыналарынан алшақтай келе, белгілі бір заттар мен құбылыстарды топтай, жинақтай көрсету дәрежесіне түсу нәтижесінде келіп пайда болған сөздер»-дейді .
Есімдіктер түрленетін сөздердің тобына жатады. Субстантивтік есімдіктер зат есімдер сияқты көптеліп те, септеліп те, тәуелденіп те, жіктеліп те жұмсала береді. Ал атрибутивтік есімдіктер өз мағынасында жұмсалғанда грамматикалық жағынан түрленбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет