Есімдік Зерттелуі



бет4/6
Дата10.03.2024
өлшемі72.91 Kb.
#494858
1   2   3   4   5   6
есімдік

Сілтеу есімдіктері

  • Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, анау, мынау, сол, сонау, осынау, ана, мына, әне, міне деген сөздер жатады.
  • Сілтеу есімдіктерінің негізгі мағынасы - аралық қатынасты білдіру. Демек, сілтеу есімдіктері тілде сөйлеушіге алыс я жақын маңдағы заттарды, құбылыстарды сілтеу, нұсқау, көрсету үшін қолданылады.
  • Сілтеу есімдіктерінің барлығының мағыналары бірдей бола бермейді. Олардың мағына жағынан бір-бірінен ерекшелігі бар. Бұл, міне, мына, осы сияқты сілтеу есімдіктері жақындағы затты нұсқап көрсетсе, сона, сонау, сол, ол деген қашығырақтағы, алысырақтағы затты сілтегендікті білдіреді.

Өзім бұл кісіні сыйлаймын, ап ән салғанда тіптен жақсы көріп кетем. (Ш.Жиенқұлова). Сонда ол үйде үй иелері осы кісілерді оңашалап әлденені менен құпиялап айтқандарын сезіп қалдым (Сонда). Ол кісінің ең жақыны да менмін (Б.Мұқаев).

Сұрау есімдіктері

  • Сұрау есімдіктеріне кім? не? қай? қайсы? қандай? қалай? қайда? қайдан? неше? нешінші? қашан? қанша? қаншасы? сөздері жатады. Мысалы, Қасың қандай, қарақат көзің қандай, күлкің қандай, шарапат сезім қандай! Қуанатын балаша кезің қандай, өзің қандай, жаныма сөзің балдай (Ш.Сариев). Өмірдің сәні не сен болмасаң, Әнім боп шырқайсың сен қашан? (Е.Ибраһим). Ай нұрын бізге шашқандай, Жанарың қайда қадалған (Қ.Қазыбеков). Бұл сұрау есімдіктерінің ішіндегі заттың, нәрсенің атына қатысты қойылатын кім? не? сұрау есімдіктері субстантивтік есімдіктер болып, ал заттың, нәрсенің әр түрлі белгісіне, сипатына қатысты қай? қандай? қанша? неше? нешінші? қайсы? қалай? қайда? қайдан? қашан? сұрау есімдіктері атрибутивтік есімдіктер деп бөлінеді.

Өздік есімдіктері

  • Қазақ тілінде өздік есімдіктеріне тәуелдік жалғауларынсыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған сөздер жатады. Олар мына сөздер: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері. Мысалы, Өзімнің өмір жолыма өкінбесем де, халық сенген, партия аманат еткен қызмет мінсіз болды дей алмаймын (Д.Қонаев). Өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма (мақал). Шариғатта: жақсылық жасағанда да өзіне жасайды, жамандық жасағанда да өзіне жасайды дейтін қағида бар (Д.Қонаев). Берілген мысалдардағы өзімнің есімдігі сөйлеушіні, өзіңе есімдігі тыңдаушыны, өзіне есімдігі бөгде кісіні сөйлемдегі басқа құбылыстардан бөліп тұр.
  • 2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында» өздік есімдіктерге былайша анықтама берілген: «Өздік есімдіктері сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер» .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет