Есімдік Зерттелуі



бет2/6
Дата10.03.2024
өлшемі72.91 Kb.
#494858
1   2   3   4   5   6
есімдік

Есімдік туралы

  • Есімдік - өзінің аты айтып тұрғандай, басқа есім сөздердің зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер. Мысалы, Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген (Ж.Молдағалиев). Қайткен күнде де бұл сый өте-мөте орайласа кетті: «Сарыарқа» әні «Жалбырдың» мінездемесіне өте дөп келді. (Е.Брусиловский). Кейбіреулерге таяғым, Тиіп те кетті сартылдап (Абай). Қаншама рет қуанып бардың - дағы, қанша адамның алдынан жылап кеттің (М.Мақатаев) деген мысалдардағы мен, бұл, кейбіреулерге, қаншама, қанша сөздері-есімдіктер. Бұлардың ішінде мен, кейбіреулерге - зат есімнің; бұл - сын есімнің; қаншама, қанша?-сан есімнің орнына жұмсалып тұр. Қазақ тілінде есімдіктердің саны онша көп емес, бар болғаны 60-70 ғана сөз, бірақ олардың тілде қолданылу жиілігі мен атқаратын қызметі күшті.

Есімдіктер қай сөз табының орнына жұмсалса сол сөз табы сияқты түрленеді, сол сөз табы сияқты сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Есімдіктердің өздеріне тән түрленетін морфологиялық көрсеткіштері жоқ, дегенмен олар бәрібір түрленетін сөздер тобына жатады. Қай сөз табының орнында қолданылса, сол сөз табы сияқты түрленіп, сол сөз табының синтаксистік қызметін атқарады. Мысалы: Абай шешесіне риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты (М.Әуезов) - деудің орнына Ол шешесіне риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты, -деп айта беруге болады. Ол жіктеу есімдігі «Абай» деген зат есімнің орнына жұмсалып сөйлемде бастауыш болып тұр.
Есімдіктердің - мағынасы тым жалпы. Есімдіктердің дәл, нақты мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлем ыңғайына қарай білінеді. Мысалы, Біреудің қатесі - біреуге сабақ (Дж. Рей). Тамырымды соқ, қаным –ойларымның толғағы, Жүректегі отты әнім сен өлмесең болғаны (Н.Оразалин). Берілген сөйлемдердегі есімдіктердің қайсысын алсақта мағынасы нақты емес. Алғашқы сөйлемдегі біреу деген сөзден тек бір адамның қатесінің екінші бір адамға сабақ болатынын аңғаратынымыз болмаса, ол адам кім? -Асан ба, әлде Асқар ма? ол жағы белгісіз. Ал соңғы сөйлемдегі сен дегеннің де мағынасы нақты емес, бірақ оның мағынасын сөйлемнің ыңғайынан байқауға болады. Мұндағы сен деген сөздің дәл не екенін сөйлемдегі әнім деген сөзден білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет