Есімдік Зерттелуі


Есімдіктің синтаксистік қызметі



бет6/6
Дата10.03.2024
өлшемі72.91 Kb.
#494858
1   2   3   4   5   6
есімдік

Есімдіктің синтаксистік қызметі

  • Есімдіктер басқа да сөз таптарының орнына жүретіндіктен, ол сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қызмет атқарады.
  • Есімдіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің барлығына жуығы бастауыш қызметін атқара алады.
  • Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған (И.Сапарбаев). Өзге емес, өзім айтам өз жайымды... (Қ. Аманжолов). Қарағым-ай, еліктер осылай жосады екен, Жолыңнан сені кім тосады екен (Ш.Сариев). Сен сияқты мені ешкім еркелетіп, сен сияқты мені ешкім түсінбеген (М.Шаханов).
  • Есімдіктің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Көбінесе жіктеу есімдіктер сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімдіктердің кейбір түрлері дара, күрделі баяндауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ бұл қызметте сілтеу, сұрау есімдіктері де кездеседі. Мысалы, Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі - осы (М.Әуезов). Сіз халықтың кімі едіңіз? (Бұл да).

Есімдіктің толықтауыш кызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің бәрі сөйлемде толықтауыш мүше қызметін атқара береді. Есімдіктер қимыл-әрекеттің тура және жанама объектісін білдіріп, тура және жанама толықтауыш болады. Мысалы: Өзін сыйлай білмеу - бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу - ақымақтық (Г.Мопоссан). Соның қайсысын хикмет көресің (Абай).
Есімдіктің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Анықтауыш болатын есімдіктерге сілтеу, сұрау, жіктеу, жалпылау есімдіктері жатады. Мәселен, Мына қыз мені сүріндірді, енді айтпасыңа болмас-деді (Ә.Сәрсенбаев). Сіңілім, мына қағазды ал да, біздің үйге бар (Ә.Әбішев).
Есімдіктің пысықтауыш қызметінде жумсалуы. Пысықтауыш қызметін осы, сол деген сілтеу есімдіктері, қашан? қалай? неліктен? сұрау есімдіктері атқара алады. Мысалы, Сендермен қашаннан аға-інілі болғанмын (Жамбыл). Бұл жақта жерден астық алу алтын алудан қиын (Ғ.Мұстафин).

Әдебиеттер:

  • Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961.
  • Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. Алматы, 1966.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет