«Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңт


Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілерін



бет3/7
Дата28.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#163849
1   2   3   4   5   6   7

6. Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілерін

медициналық куәландыру
111. Әскери қызметшілерді қызметке жарамдылығын айқындау үшін медициналық куәландыру мынадай әскери-есептік мамандықтар бойынша он екі айда бір рет жүргізіледі: суүсті кемелерінің жеке құрамы;

тереңге сүңгитін сүңгуір, акванавт, сүңгуір маман;

басқарушы, белгі беруші, штурмандық электрик, торпедалық электрик, торпедашы, гидроакустик, суүсті кемелерінің радиотелеграфисі.

112. Егер әскери қызметшілер Әскери-теңіз күштеріндегі қызметке жарамсыз болған жағдайларда штаттық емес (тұрақты, уақытша әрекет ететін) ӘДК олардың әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды шығарады.

113. Егер кезекті медициналық куәландырудан кейін алты айдан астам уақыт өтсе, суүсті кемелеріндегі гидроакустиктер және радиотелеграфистер болып қызмет өткеретін әскери қызметшілер ұзақ (екі айдан артық) жүзу алдында медициналық куәландырылуға жатады.

114. Жүзуге кететін суүсті кемелеріне іссапарға жіберілген адамдар суүсті кемелеріндегі қызметке жарамдылығын айқындау үшін штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-да медициналық куәландырылуға жатады.

Жекелеген жағдайларда кемедегі қызметке кедергі келтіретін тұрақты теңгерілген науқастанулары бар іссапарға жіберілетін адамдарға штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК мынадай редакцияда қорытындысын шығарады: «Суүсті кемесінде 3 (үш) айдан аспайтын мерзімге теңізге шығуға қарсы көрсеткіштері жоқ».
7. Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілерін

медициналық куәландыру
115. Аэроұтқыр әскерлеріндегі әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді медициналық куәландыру қызмет кезеңінде бір рет, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретіндерге – он екі айда бір рет жүргізіледі.

116. Аэроұтқыр әскерлеріне әскери қызметке (әскери жиындарға) шақырылған азаматтарға және басқа да әскер тектерінен, әскери (арнайы) оқу орындарынан, жетілдіру курстарынан әскери қызмет өткеру үшін келген әскери қызметшілерге медициналық куәландыру жүргізіледі.

117. Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілерін кезектен тыс медициналық куәландыру, егер оларды госпитальдық ӘДК куәландырмаған болса, әскери-медициналық (медициналық) мекемелерден (ұйымдардан) стационарлық емделуден келгеннен кейін, сондай-ақ әскери-медициналық мекеменің дәрігер-маманының қорытындысы негізінде әскери бөлім командирінің шешімі бойынша жүргізіледі.

118. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және дене салмағы 90 кг-дан асатын әскери қызметшілердің Аэроұтқыр әскерлеріне қызметке жарамдылығы дербес айқындалады.



8. Радиоактивтік заттармен, иондандырушы сәулелену көздерімен, зымыран отыны компоненттерімен, электр-магниттік өрістер көздерімен қызметке (жұмысқа) іріктеп алынатын және қызмет өткеріп (жұмыс iстеп) жүрген әскери қызметшілерді (Қарулы Күштер қызметшілерін) медициналық куәландыру
119. Радиоактивтік заттармен (бұдан әрі – РЗ), иондандырушы сәулелену көздерімен (бұдан әрі – ИСК), зымыран отыны компоненттерімен (бұдан әрі – ЗОК), электр-магниттік өрістер көздерімен (бұдан әрі – ЭӨК) қызметке (жұмысқа) іріктеп алынатын және қызмет өткеріп (жұмыс істеп) жүрген әскери қызметшілерді (Қарулы Күштер қызметшілерін) медициналық куәландыру медициналық қызмет бастығының (дәрігерінің) және әскери бөлім қолбасшылығы өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

120. Медициналық куәландыру РЗ, ИСК, ЗОК, ЭМӨ көздерімен қызметке (жұмысқа) іріктелетін әскери қызметшілерді (Қарулы Күштер қызметшілерін) лауазымға тағайындау алдында, ал РЗ, ИСК, ЗОК және ЭМӨ көздерімен қызмет өткеретіндерді (жұмыс істейтіндерді) 3 (үш) жылда бір рет немесе медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

121. РЗ, ИСК, ЗОК және ЭМӨ көздерімен қызметке (жұмысқа) іріктеп алынатын және қызмет өткеріп (жұмыс істеп) жүрген адамдарды медициналық куәландыру басталғанға дейін:

1) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу;

2) қанды жалпы талдау (лейкоцитарлық формуланы және тромбоциттер санын есептей отырып);

3) зәрді жалпы талдау;

4) тыныштықта электрокардиографиялық зерттеу (жүктемеден кейін – көрсеткіштер бойынша);

5) мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенограммасы;

6) В және С гепатиттерінің маркерлеріне қанды зерттеу;

7) АИТВ инфекциясына қанды зерттеу;

Қырық жастан асқан адамдарға көздің ішкі қысымын өлшеу, қандағы қанттың деңгейін анықтау жүргізіледі. Медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша медициналық зерттеулер жүргізіледі.

122. Медициналық куәландыру басталғанға дейін әскери бөлім медицина қызметінің бастығы (дәрігері) штаттық емес (тұрақты, уақытша) әрекет ететін ӘДК-ға әскери бөлім қолбасшылығы бекіткен медициналық куәландырылуға жататын әскери қызметшілер мен Қарулы Күштер қызметшілерінің тізімін береді.

Тізімде: медициналық куәландырудың мақсаты; әскери атағы (әскери қызметшілер үшін); куәландырылушының тегі, аты, әкесінің аты; РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОК-мен, ЭМӨ көздерімен қызмет өткеретін (жұмыс істейтін) адамдарға қатысты оның РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОК-мен, ЭМӨ көздерімен жұмыс өтілі, сондай-ақ комиссияаралық кезеңде жеке дозиметрлік бақылау деректері көрсетіледі.

123. Медициналық куәландыру алдында әскери бөлім қолбасшылығының өкілі штаттық емес (тұрақты, уақытша) әрекет ететін ӘДК мүшелерін куәландырылушылардың қызмет (жұмыс) жағдайларымен таныстырады, ал әскери бөлім медицина қызметінің бастығы (дәрігері) ӘДК-ға комиссияаралық кезеңде куәландырылушылардың денсаулық жағдайын медициналық бақылаудың нәтижелері туралы хабарлайды.

124. РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОК-мен және ЭМӨ көздерімен қызмет өткеретін (жұмыс істейтін) әскери қызметшіні (Қарулы Күштер қызметшісін) әскери-медициналық мекемеге стационарлық тексеруге және медициналық куәландыруға жіберген кезде маманның еңбек және жұмыс орны жағдайының санитарлық-гигиеналық картасы ұсынылады.

125. Стационарлық тексеру нәтижесінде әскери қызметшіде (Қарулы Күштер қызметшісінде) РЗ-ның, ИСК-ның, ЗОК-тың, ЭМӨ көздерінің организмге әсер етуі салдарынан болуы мүмкін науқастануы анықталғанда және осы науқастану бойынша талаптарда РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОК-мен, ЭМӨ көздерімен қызметке (жұмысқа) әскери қызметке уақытша жарамсыздықты, жарамсыздықты немесе жарамдылықты дербес бағалау көзделген жағдайда штаттық емес (тұрақты, уақытша әрекет ететін) ӘДК радиолог және/немесе токсиколог дәрігердің қатысуымен ғана қорытынды шығарады.

ӘДК қорытындысы патологиялық үдерістің өтелу дәрежесі, әскери-есептік мамандық, жалпы еңбек өтілі және мамандығы бойынша еңбек өтілі, әскери қызмет міндеттерін орындау қабілеті ескеріле отырып шығарылады.

126. Әскери қызметке уақытша жарамсыздықты көздейтін Талаптарға сәйкес РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОК-мен, ЭМӨ көздерімен қызмет ету (жұмыс істеу) үшін іріктелетін адамдарға қатысты РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОК-мен, ЭМӨ көздерімен қызмет етуге (жұмыс істеуге) жарамсыздығы туралы ӘДК қорытындысы шығарылады.

127. Кезектен тыс медициналық куәландыруға денсаулық жағдайына шағымданған, бұрын РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОК-мен, ЭМӨ көздерімен қызметке (жұмысқа) уақытша жарамсыз деп танылған, олар РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОК-мен, ЭМӨ көздерімен қызметке (жұмысқа) жарамсыз деп танылуы мүмкін мертігуден, науқастанудан кейін науқастануы бойынша берілген демалыстан келген әскери қызметшілер (Қарулы Күштер қызметшілері) жатады.

128. Стационарлық тексеру және медициналық куәландыру нәтижелері бойынша бұрын РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОК-мен, ЭМӨ көздерімен қызметке (жұмысқа) жарамсыз деп танылған адамдар үш айдан кейін қайтадан медициналық куәландыруға жіберіледі.

129. РЗ-мен, ИСК-мен, ЗОК-мен, ЭМӨ көздерімен қызметке жарамсыз деп танылған әскери қызметшілерге қатысты олардың әскери қызметке жарамдылық санаты туралы да ӘДК қорытындысы шығарылады.
9. Шет мемлекеттеріне шығатын келісімшарт бойынша

әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік органдарда келісімшарт бойынша қызмет өткеретін қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін медициналық куәландыру
130. Шет мемлекеттеріне ұзақ (алты айдан астам) іссапарларға шығатын келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік органдарда келісімшарт бойынша қызмет өткеретін қызметкерлерді, олардың отбасы мүшелерін хирург, терапевт (он бес жасқа дейінгі балаларды – педиатр), невропатолог, окулист, оториноларинголог, дерматовенеролог, стоматолог, әйелдерге қатысты – гинеколог маман-дәрігерлер куәландырады.

Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелерін медициналық куәландыру оларға туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден олардың есепте тұратындығы туралы анықтамалар болған кезде жүргізіледі.

Медициналық куәландыру басталғанға дейін жалпы қабылданған зертханалық зерттеулерден басқа, қосымша қандағы қанттың деңгейін зерттеу жүргізіледі, ал әскери қызметшілерде бұдан басқа, қан тобы және резус-тиістілігі айқындалады.

Кіру үшін АИТВ-инфекциясының жоқтығына сертификат талап етілетін мемлекеттерге шығатындарға сертификатты ала отырып АИТВ-ға тексеру жүргізіледі.

131. Шет мемлекеттеріне ұзақ (алты айдан астам) іссапарға жіберілетін әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін медициналық куәландыру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілетін шетел мемлекетінде қызмет өткеруге (отбасы мүшелері үшін тұруға) медициналық қарсы көрсеткіштер тізбесі негізінде жүргізіледі.

132. Медициналық куәландырудың нәтижелері бойынша штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК мынадай қорытындылардың біреуін шығарады:

1) шет мемлекетінде қызметке (отбасы мүшелері үшін – тұруға) жарамды;

2) шет мемлекетінде қызметке (отбасы мүшелері үшін – тұруға) жарамсыз.

133. Штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК қорытындысы шет мемлекетіне шығатын азаматтың денсаулық жағдайы туралы анықтамамен ресімделеді.

Шет мемлекетіне қызметке (тұруға) жарамды деп танылған адамдарға анықтама үш данада жасалады, олардың бірінші және екінші даналары медициналық куәландыруға жіберген әскери бөлімнің командиріне жіберіледі, үшінші данасы штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-да қалады.

134. Штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-ның шет мемлекетіне шығатын адамның шетел мемлекетінде қызметке (тұруға) жарамсыздығы туралы қорытындысы штаттық ӘДК-да бекітілуге жатады.

135. Штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-ның шет мемлекетінде қызметке (тұруға) жарамдылығы туралы қорытындысы оны шығарған күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.

136. Карантиндік инфекциялар бойынша қолайсыз елдерге шыққан және куәландырылушыларда осы инфекцияларға қарсы алдын алу егулерін жүргізу үшін қарсы көрсеткіштер болған кезде штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК шет мемлекетінде қызметке (тұруға) жарамсыздығы туралы қорытындысын шығарады.
10. Запастағы (арнаулы мемлекеттік органдарында запастағы) азаматтарды әскери жиындарға немесе әскери қызметке (арнайы мемлекеттік органдарға қызметке) шақыру кезінде немесе есепке алу мақсатында медициналық куәландыру
137. Запастағы азаматтарды әскери (арнайы) жиындарға немесе әскери қызметке шақыру кезінде немесе есепке алу мақсатында медициналық куәландыру басталғанға дейін қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) бастығы запастағы азаматтың медициналық куәландыру картасын ресімдейді және осы Қағиданың 37-тармағына сәйкес медициналық құжаттарды сұратады.

Арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы әскери міндеттілері ӘДК-ға осы Қағиданың 37-тармағына сәйкес мәліметтерді ұсынады.

138. Медициналық куәландыру басталғанға дейін:

1) қанды жалпы талдау;

2) мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

3) зәрді жалпы талдау;

4) тыныштықта электрокардиографиялық зерттеу (жүктемеден кейін көрсеткіштер бойынша);

5) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне дейін үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі;

6) мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенограммасы (әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке шақырылатындар үшін);

7) қырық жастан асқан адамдарға көздің ішкі қысымын өлшеу, қандағы қантты анықтау жүргізіледі.

Медициналық көрсеткіштер бойынша алдын алу егулері мен қажетті медициналық зерттеулер жүргізіледі.

139) Әскери қызметтен денсаулық жағдайы бойынша босатылған азаматтарды медициналық куәландыру кезінде қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) қорғаныс істері жөніндегі департаменттер жанындағы медициналық комиссияларға ӘДК қорытындысының түпнұсқасын (көшірмесін) береді.

Арнаулы мемлекеттік органдардан денсаулық жағдайы бойынша босатылған азаматтарға арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері ӘДК-ға ӘДК қорытындысының түпнұсқасын (көшірмесін) береді.

140. Талаптарға сәйкес әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке жарамдылығы дербес бағалау көзделетін науқастанулар болған кезде келісімшарт бойынша әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген және есепке алу мақсатында немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке түскен кезде куәландырылатын азаматтарға қатысты, сондай-ақ әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке шақыру кезінде запастағы офицерлер құрамының әскери міндеттілеріне қатысты ӘДК: «Әскери қызметке шектеулі жарамды» немесе «Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке шектеулі жарамды», әскери жиындарға шақыру кезінде – «Әскери жиындарға жарамсыз» деген қорытынды шығарады.

141. Талаптарға сәйкес әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке уақытша жарамсыздығы көзделетін науқастанулар болған кезде әскери (арнайы) жиындарға шақырылатын әскери міндеттілерге қатысты әскери жиындарға жарамсыздығы туралы ӘДК қорытындысы шығарылады.

142. Әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке шақырылған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, арнаулы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке шақыру туралы бұйрығы болған кезде, бірақ қызмет орнына әлі жіберілмеген және денсаулық жағдайына шағымданған запастағы офицерлер құрамының әскери міндеттілерін қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) бастықтарының, арнаулы мемлекеттік органдары кадр бөлімшелері бастықтарының жолдауы бойынша штаттық емес тұрақты әрекет ететін (гарнизондық немесе госпитальдық) ӘДК куәландырады.

Талаптарға сәйкес әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке жарамдылық санатын өзгерту көзделетін науқастанулар анықталған кезде штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК қорытындысы науқастану туралы куәлікпен (анықтамамен) ресімделеді және штаттық ӘДК-ның бекітуіне жатады.

143. Егер әскери қызметтен денсаулық жағдайы бойынша босатылған азамат медициналық куәландыру сәтінде ӘДК қорытындысын қайта қарау және әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау туралы мәселе қоятын болса, қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы қайта куәландыру жүргізуге жолдама берудің мақсатқа сәйкестігін қарайды.

Осы мақсатта денсаулық жағдайының жақсарғанын растайтын құжаттар, диспансерлік есептен алынғаны туралы анықтамалар, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінділер, амбулаторлық карта және денсаулық жағдайын сипаттайтын басқа да медициналық құжаттар сұратылады. Денсаулық жағдайында оң серпінділік болған кезде қайта куәландырылуға жататын азамат алдын ала медициналық куәландыруды алдын ала қорытынды шағаратын қорғаныс істері жөніндегі департаменттің медициналық комиссиясында өтеді. Әскери есептен шығара отырып әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар медициналық куәландыруға жатпайды.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы оның өтінішін, әскери билетін, медициналық кітапшасын, ӘДК қорытындысын, медициналық құжаттармен расталған алдын ала медициналық куәландыру нәтижелерін штаттық ӘДК-ға жібереді.

Егер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен денсаулық жағдайы бойынша босатылған азамат медициналық куәландыру сәтінде ӘДК-ның қорытындысын қайта қарау және қызметке (әскери қызметке) жарамдылық санатын айқындау туралы мәселе қоятын болса, кадр бөлімшесінің (бөлімінің) бастығы оның өтінішін, әскери билетін, медициналық кітапшасын, ӘДК қорытындысын және басқа да қолда бар медициналық құжаттарын штаттық ӘДК-ға жібереді.

Әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтен психикалық науқастануы салдарынан денсаулық жағдайы бойынша босатылған азаматқа жоғарыда айтылған құжаттардан басқа медициналық денсаулық сақтау ұйымы дәрігер-мамандарының стационарлық емдеуден кейін бұрын қойылған диагнозды өзгерту немесе алып тастау туралы қорытындысы ұсынылады.

144. Штаттық ӘДК ұсынылған құжаттарды зерделейді және егер өтінішті қанағаттандыру үшін негіздеме бар екені белгіленсе, азамат әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке жарамдылық санатын айқындау мақсатында қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы арқылы, ал арнаулы мемлекеттік органдар үшін – кадр бөлімшесінің бастығы арқылы штаттық емес тұрақты әрекет ететін (гарнизондық немесе госпитальдық) ӘДК-ға медициналық куәландыруға жіберіледі.

145. Медициналық куәландыру жүргізілгеннен кейін штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-ның қорытындысы науқастануы туралы куәлікпен ресімделеді және штаттық ӘДК-ның қарауына жіберіледі. Мертігудің, науқастанудың себепті байланысы науқастануы туралы куәлігінде көрсетілмейді.



3-тарау. Мемлекеттік авиацияда әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізудің тәртібі және оны ұйымдастыру
1. Мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналын медициналық куәландыру
146. Авиациялық персонал (ұшқыштар, штурмандар және ұшу экипаждарының басқа да мүшелері, парашютшілер, әуе кемесінің бортында ұшу тапсырмаларын орындайтын әскери қызметшілер) ұшу жетекшілері тобының адамдары жыл сайын кезекті жоспарлы медициналық куәландыруға жатады.

Әуе қозғалысын басқару орталықтарының жауынгерлік басқарма, авиацияны бақылау пунктерінің офицерлері жыл сайын тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.

Әскери-әуе күштері қолбасшысы және Әуе қорғанысы күштері Басқолбасшылығы басқармасының жоғары тұрған басшысы дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясын (бұдан әрі – ДҰК) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясында (бұдан әрі – ОӘДК) өтеді.

147. Кезекті медициналық куәландыруға дайындық кезінде әскери бөлім медицина қызметінің бастығы комиссияаралық кезеңде медициналық қадағалаудың мынадай нәтижелерін жинақтайды:

1 денсаулық жағдайындағы өзгерістердің қарқынын;

2) ұшу жұмысының бұрын анықталған патологиялық өзгерістерге, егер олар орын алса, әсерін;

3) жеке психологиялық ерекшеліктерін;

4) шалдыққан науқастануларды, олардың өтуінің ерекшеліктерін;

5) әртүрлі ұшу түрлеріне, арнайы жаттықтыруларға, сынаулар мен зерттеулерге төзімділігін.

148. Медициналық куәландыру басталғанға дейін авиациялық персоналдың барлық адамдарына:

1) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу;

2) тыныштықта және дене жүктемесінен кейін он екі жалғамалық әдіспен электрокардиография;

3) қанды және зәрді жалпы талдау;

4) 40 жастан асқан адамдарға қандағы қантты зерттеу;

5) көрсеткіштер бойынша фиброгастродуоденоскопия;

6) 40 жастан асқан адамдарға көздің ішкі қысымын өлшеу;

7) көрсеткіштер бойынша мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы жүргізіледі.

149. Барлық клиникалық-зертханалық және инструменталдық зерттеулер медициналық куәландыру басталғанға дейін бір айдан ерте емес орындалуы тиіс. Қосымша тексерулер медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

150 Авиациялық персонал, атап айтқанда, ұшқыштар мен штурмандар бірінші стационарлық медициналық куәландырудан отыз жаста өтеді.

Талаптардың тармақтарын қолданусыз ұшу жұмысына жарамды деп танылған ұшқыштар мен штурмандар кезекті стационарлық медициналық куәландырудан үш жылдан кейін, ал ұшу жұмысына жарамдылығы жеке бағалауды көздейтін талаптардың тармақтарына сәйкес ұшу жұмысына жарамды деп танылғандар екі жылдан кейін өтеді.

Ұшу жұмыстарына (ұшуға үйретуге, ұшуларға басшылық жасауға, парашютпен секірулерге және ұшуларға) жарамдылығы туралы ДҰК қорытындысының жарамдылық мерзімі, оны шығарған сәттен бастап бір жыл. Егер белгіленген мерзімдерде медициналық куәландыру (амбулаторлық, стационарлық) объективті себептер бойынша жүргізілмесе, аға медицина бастығының рұқсаты бойынша авиация бөлімі медицина қызметінің бастығы тереңдетілген медициналық тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша 60 тәулікке дейін ұшуларға (ұшуларға басшылық жасауға) рұқсат ету туралы шешім қабылдайды.

151. Егер ұшқыштар мен штурмандардың денсаулық жағдайында диагнозды немесе дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясының сараптамалық қорытындысын нақтылауды талап ететін өзгерістер болса, олар кезектен тыс стационарлық медициналық куәландыруға жіберуге жатады.

152. Кезектен тыс медициналық куәландыру мынадай жағдайларда:

1) денсаулық жағдайында өзгерістер болған кезде;

2) ұшу тапсырмаларын жүйелі түрде орындамаған жағдайларда;

3) ұшу жұмысында 6 (алты) айдан астам үзілістер болған кезде;

4) авиациялық оқиғалардан кейін;

5) жұмыс істеу үшін оларға денсаулық жағдайына анағұрлым жоғары медициналық талаптар қойылатын ұшқыштар құрамын ұшақтардың басқа да типтеріне ауыстырған кезде;

6) климаттық жағдайлары қолайсыз жергілікті жерге (шетел мемлекеттеріне) жіберген кезде және одан қайтқаннан кейін (екі айдан астам болу мерзімімен) жүргізіледі.

Авиациялық персоналдың басқа да адамдары медициналық көрсеткіштер бойынша стационарлық медициналық куәландыруға жіберіледі.

153. Кезекті (кезектен тыс) стационарлық медициналық куәландыру әскери-медициналық мекемелердің мамандандырылған бөлімшелерінде жүргізіледі.

154. Кезекті (кезектен тыс) медициналық куәландыруға жіберуді әскери бөлімнің командирі және одан жоғары басшы жүргізеді.

155. Медициналық куәландыруға жіберілетін адамдардың дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясына:

1) медициналық куәландыруға жолдама;

2) медициналық кітапшасы;

3) қызметтік және медициналық мінездемелер ұсынылады.

156) Медициналық мінездемеде мынадай негізгі мәліметтер болуы тиіс:

1) қай уақыттан бастап әскери қызметші әскери бөлімде дәрігерлік қадағалауда тұр;

2) бұрынғы дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясының диагнозы мен қорытындысы;

3) соңғы рет қашан және қайда стационарлық медициналық куәландырудан өтті;

4) комиссияаралық кезеңдегі дене бітімінің жағдайына және жұмысқа қабілеттілігіне жалпы мінездеме;

5) медициналық көмекке жүгінушілік және еңбекке қабілеттілік шығындары күндерінің саны;

6) медициналық көрсеткіштер бойынша ұшу жұмысынан босату немесе шеттету жағдайлары, олардың себептері;

7) ұшу жұмысына дәрігерлік қадағалаудың деректері;

8) жеке-психологиялық ерекшеліктері;

9) ұшу жұмысын жалғастырудың мақсатқа сәйкестігі;

10) медициналық куәландыруға жіберудің себебі;

11) әскери бөлім дәрігерінің ұшу жұмысында одан әрі пайдалану туралы пікірі.

157) Қызметтік мінездемеде мынадай негізгі мәліметтер болуы тиіс:

жалпы ұшу, ұшақтың (тікұшақтың) типі;

1) ұшу жұмысын және қызметтік міндеттерді орындау сапасы;

2) ұшу жұмысын жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытынды.

158) Барокамерада биіктік гипоксиясына төзімділікті зерттеу:

1) ұшқыштар мен штурмандарға отыз жасқа жеткенге дейін – төрт жылда бір рет, одан әрі – стационарлық медициналық куәландыру кезінде және медициналық көрсеткіштер бойынша;

2) ұшқыштар экипаждарының басқа да мүшелеріне – бес жылда бір рет;

3) парашютшілерге, планершілерге және әуеде ұшушыларға, әуе кемесінің бортында ұшу тапсырмаларын орындауға қатысатын әскери қызметшілерге – алғашқы медициналық куәландыру кезінде, ал одан әрі – медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Барокамерада биіктік гипоксиясына төзімділікті жоспарлы сынаулар барокамера болмаған кезде ұшақтағы биіктік сынауларымен ауыстырылады.

159) Авиациялық персонал адамдары кезекті медициналық куәландыруға ауыз қуысын санациялауды жүргізгеннен кейін, ал әйелдер қосымша гинекологтың қарауынан өткеннен кейін ғана жіберіледі.

160) Стационарлық медициналық тексеру аяқталғаннан кейін әскери қызметші сараптамалық қорытынды шығаратын және оны куәландырылушыға жеткізетін штаттық емес госпитальдық дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясына ұсынылады. Зерттеулер, дәрігер-мамандардың тексеру нәтижелері және дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясының қорытындысы медициналық кітапшаның тиісті бөлімдеріне енгізіледі. Куәландырылушы міндетті медициналық зерттеу жүргізуден бас тартқан жағдайда медициналық тексеру тоқтатылады және әскери қызметші әскери бөлімге шығарылады. Медициналық кітапшада «Міндетті медициналық тексеруден бас тартуына байланысты дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясының медициналық куәландыруынсыз шығарылады» деген жазба жүргізіледі.

161) Ұшу жұмысына (ұшуларға басшылық жасауға, парашюттік секірулерге немесе ұшуларға) жарамсыз деп танылған және ұшу жұмысымен (ұшуларға басшылық жасаумен, парашюттік секірулермен және ұшулармен) байланысты емес әскери лауазымдарға тағайындалған авиациялық персонал диспансерлік есепке қойылады.

162) Жазылған немесе науқастанудың тұрақты ремиссиясына жеткен жағдайда осы адамдарды штаттық әскери-дәрігерлік комиссиямен келіскеннен кейін (әскери бөлім қолбасшылығының қолдаухатын, қызметтік және медициналық мінездемелерді, медициналық кітапшаны міндетті түрде ұсына отырып) әскери бөлімнің командирі ұшу жұмысына, ұшуларға басшылық жасауға, парашюттік секірулерге және ұшуларға, бірақ ұшу жұмысына (ұшуларға басшылық жасауға, парашюттік секірулерге және ұшуларға) жарамсыздығы туралы сараптамалық қорытынды шығарылғаннан кейін бір жылдан ерте емес, қалпына келтіру мүмкіндігін айқындау үшін стационарлық медициналық куәландыруға жібереді.

163) Авиациялық персонал, атап айтқанда ұшқыштар мен штурмандар ұшу лауазымдарына қалпына келтіру кезінде әскери-медициналық мекемелердің мамандандырылған бөлімшелерінде медициналық тексеруге және куәландыруға жатады.

164) Әскери-медициналық мекемеде емдеуде жатқан авиациялық персонал тексеру кезінде денсаулық жағдайында анықталған өзгерістер:

1) ұшу жұмысына жарамдылық дәрежесін өзгерту;

2) климаттық жағдайлары қолайсыз жергілікті жерлерде (шетел мемлекеттерінде) қызмет өткеруге қарсы көрсеткіштерді айқындау;

3) науқастануы бойынша демалыс беру;

4) әскери қызметтің басқа да міндеттерін орындай отырып, ұшулардан босату қажеттілігін тудыратын жағдайларда ғана дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясына ұсынылады.

165) Егер шалдыққан науқастану бұрынғы сараптамалық қорытындыны өзгертуді талап етпесе, авиациялық персонал медициналық куәландырусыз әскери-медициналық (медициналық) мекемеден (ұйымнан) шығарылады және шығару эпикризінде және медициналық кітапшада «Шалдыққан науқастану ұшу жұмысын жалғастыруға кедергі келтірмейді» деген жазба жүргізіледі.

166. Ұшқыш авиациялық персоналды даярлау бойынша әскери оқу орындарында оқитын курсанттар жыл сайын ұшуға үйретуге жарамдылығын айқындау үшін, ал үйрету аяқталғаннан кейін ұшу жұмыстарына жарамдылығын айқындау үшін (ұшу практикасы басталғанға дейін) дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясына медициналық куәландыруға жатады.

Бұл ретте оларға мыналар жүргізіледі:

1) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу;

2) тыныштықта және дене жүктемесінен кейін) он екі жалғамалық әдіспен ЭКГ;

3) қанды жалпы талдау;

4) зәрді жалпы талдау;

5) бірінші курс курсанттарының қан тобын және резус-тиістілігін айқындау, олардың нәтижелері медициналық кітапшаға және әскери билетке жазылады.

Медициналық көрсеткіштер бойынша курсанттар әскери-медициналық ұйымдардың (медициналық мекемелердің) мамандандырылған бөлімшелеріне медициналық куәландыруға жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет