«Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңт


Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын



бет2/7
Дата28.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#163849
1   2   3   4   5   6   7

3. Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын,

оның ішінде шет мемлекеттерінің әскери (арнайы) оқу орындарына, оқу орындарының әскери факультеттеріне, жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды және әскери қызметшілерді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін медициналық куәландыру
45. Азаматтарды алдын ала медициналық тексеруді әскерге шақыру комиссиялары жанындағы медициналық комиссиялардың дәрігер-мамандары, ал әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіріп шыққан әскери қызметшілер мен азаматтарды – штаттық емес тұрақты әрекет ететін (гарнизондық немесе госпитальдық) ӘДК жүргізеді.

Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттерінің арнайы (әскери) оқу орындарының күндізгі оқу нысанына түсетін арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, әскери қызметшілері алдын ала медициналық куәландырылуды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің штаттық емес тұрақты әрекет ететін (гарнизондық немесе госпитальдық) әскери-дәрігерлік комиссияларында (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ӘДК) өтеді.

46. Кандидаттарды оқыту үшін түпкілікті медициналық куәландыруды әскери (арнайы) оқу орындарына келуі бойынша штаттық емес тұрақты әрекет ететін (уақытша әрекет ететін) ӘДК әскери арнайы оқу орындарына түсуге жарамдылығын айқындау үшін жүргізеді. Медициналық комиссия құрамы осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес айқындалады.

47. Әскери арнайы оқу орнына оқуға түскенге дейін қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) сұрау салулары бойынша медициналық денсаулық сақтау ұйымдары жеті жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 37-тармағына сәйкес медициналық құжаттарды ұсынады.

48. Әскери арнайы оқу орындарына оқуға түсушілерді медициналық куәландыруға дейін отыз жұмыс күні ішінде:

1) қанды жалпы талдау;

2) мерезге микропреципитация (микрореакция) реакциясы;

3) зәрді жалпы талдау;

4) мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы;

5) тыныштықта электрокардиографиялық зерттеу (жүктемеден кейін – көрсеткіштер бойынша);

6) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне дейін үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі;

7) ішек құрты жұмыртқаларына үлкен дәретті зерттеу жүргізіледі.

Медициналық куәландыру процесінде денсаулық жағдайын анықтау үшін көрсеткіштер бойынша қажетті қосымша зертханалық, құралдық зерттеу әдістері жүргізіледі. Қажетті жағдайларда психофизиологиялық куәландыру жүзеге асырылады.

49. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері, сондай-ақ бұрын алынған барлық алдын алу егулері мен дәрі-дәрмек құралдарын және басқа да заттарды көтере алмаушылығы (артылған сезгіштігі) туралы мәліметтер әскери арнайы оқу орындарына түсетін кандидаттардың медициналық куәландыру картасына жазылады және қоса беріледі.

50. Диагнозды нақтылау мақсатында кандидат медициналық денсаулық сақтау ұйымдарына тексерілуге жіберіледі. Жолдамада медициналық денсаулық сақтау ұйымының (әскери-медициналық мекеменің) атауы, диагнозы, тексеру мақсаты көрсетіледі.

Тексеруге арналған жолдамаға денсаулық жағдайын зерттеу актісі (бұдан әрі – акт), науқастың амбулаторлық медициналық картасы және денсаулық жағдайын сипаттайтын медициналық құжаттар қоса беріледі.

51. Түпкілікті медициналық куәландыру кезінде әскери арнайы оқу орындарына түсуге жарамсыз деп танылған әскери (арнайы) оқу орындарына түсетін азаматтардың медициналық куәландыру карталары медициналық куәландыру аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей алдын ала медициналық куәландырудың сапасын талдау және жақсарту үшін медициналық куәландыру жүргізген қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге және штаттық емес тұрақты әрекет ететін (гарнизондық немесе госпитальдық) ӘДК-ға жолданады.

52. Авиациялық персоналды даярлау бойынша әскери оқу орындарына түскен кезде алдын ала медициналық куәландыруға:

1) түсті қалыпты сезінетін және әрбір көзге түзетулерсіз көру өткірлігі 1,0-ден төмен емес;

2) сыбырлап сөйлеуді естуі 6/6-дан кем емес;

3) артериалдық қан қысымы сынап бағанасымен 130/80-нен жоғары емес және 105/60 мм-нан төмен емес;

4) дене салмағының индексі 18,5-тен төмен емес және дене салмағы 90 кг-нан артық емес;

5) бойы 165 см-ден төмен емес және 186 см-ден артық емес;

6) аяқтың ұзындығы 80 см-ден қысқа емес;

7) қолдың ұзындығы 76 см-ден қысқа емес;

8) отыру қалпында бойы 80 см-ден төмен емес және 93 см-ден артық емес азаматтар жіберіледі.

53. Алдын ала медициналық куәландыруға жіберер алдында қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерде (басқармаларда) немесе әскери бөлімдерде осы талаптарға жауап беретін кандидаттарды оқыту үшін ұшқыштар құрамын даярлау бойынша әскери оқу орнына түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасы ресімделеді, міндетті зерттеулерге қосымша мыналар жүргізіледі:

1) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу;

2) мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы;

3) он екі жалғамалық әдіспен (тыныштықта және дене жүктемесінен кейін) электрокардиография;

4) тыныштық және циклоплегия жағдайларында скиаскопия немесе рефрактометрия көмегімен түсті сезінуін, көру өткірлігін, рефракцияны зерттеу;

5) мұрынмен тыныс алуды, иіс сезуді, құлақтардың бароқызметін, 6/6 м-ден кем емес алшақтықта сыбыр сөзді естуді, вестибулярлық және отолиттік аппараттарды зерттеу.

54. Ұшқыштар құрамын даярлау бойынша әскери оқу орындарына түсетін әскери қызметшілердің медициналық кітапшасы, қызметтік және медициналық мінездемелері зерделенеді.

55. Азаматтар келгеннен кейін екі күнтізбелік күннен ерте емес мерзімде әскери оқу орнының дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясының түпкілікті медициналық куәландыруына жатады.

56. Дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясының дәрігер-мамандарының біреуі ұшуға үйретуге кедергі келтіретін науқасты анықтаған азаматтар қалған дәрігер-мамандардың медициналық тексеруінен өтеді, бірақ арнайы жүктеме сынамаларын орындаудан босатылады.

Ұшуға үйретуге кедергі келтіретін науқасты анықталмаған азаматтарға арнайы зерттеулер: барокамерада биіктік гипоксиясына және барометрлік қысымның төмендеуіне шыдауға сынаулар, вестибулометрия, тоналдық аудиометрия және электроэнцефалография жүргізіледі.

Барокамерада сынауларды және вестибулометрияны бір жұмыс күнінде жүргізуге тыйым салынады.

57. Медициналық куәландыру нәтижелері дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясы отырыстарының хаттамалары кітабында, ұшқыштар құрамын даярлау бойынша әскери оқу орнына түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасына, ал әскери қызметшіге – медициналық кітапшада жазылады.

Ұшуға үйретуге жарамсыз деп танылған адамдарға дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясы отырыстарының хаттамалары кітабында жарамсыздық себебінің толық негіздемесі жазылады.

58. Науқастанудың диагнозын нақтылау үшін азамат медициналық денсаулық сақтау ұйымына (әскери-медициналық мекемеге) амбулаторлық немесе стационарлық тексеруге жіберіледі.

59. Түпкілікті медициналық куәландыру кезінде ұшуға үйретуге жарамсыз деп танылған және әскери оқу орны дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясының қорытындысымен келіспеген азаматтардың бұл шешімді штаттық әскери-дәрігерлік комиссияда қайта қарауға құқығы бар.

60. Егер медициналық ұйымдардың мәліметтері бойынша адамдарда әскери (арнайы) оқу орындарына түсуге кедергі келтіретін созылмалы науқастанулар немесе дене кемістіктері бар болса, олар алдын ала медициналық тексеруге жіберілмейді.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК оқуға түсуге жарамсыздығы туралы қорытындысын шығарады (бұл ретте ӘДК қорытындысын шығаруға негіз болған талаптардың тармақтарын көрсету қажет).

61. Жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери (арнайы) оқу орындарына және әскери факультеттерге түсетін әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін алдын ала медициналық куәландыруға жіберген кезде жыл сайынғы тереңдетілген және бақылау медициналық тексерулердің (офицерлерге кемінде соңғы үш жылдағы) нәтижелері, медициналық көмекке жүгінуі көрсетілген медициналық кітапша беріледі.

62. Офицерлер құрамының медициналық кітапшаларында жыл сайынғы тереңдетілген медициналық тексерулердің соңғы үш жылдағы нәтижелері болмаған кезде, алдын ала медициналық куәландыру кезінде оларды стационарлық тексеруге жіберу, кейіннен госпитальдық ӘДК-да медициналық куәландыру туралы ӘДК қорытындысы шығарылады.

63. Әскери (арнайы) оқу орнына түсуге кедергі келтіретін науқасы анықталған кезде бұдан әрі тексеру тоқтатылады және штаттық емес (тұрақты, уақытша әрекет ететін) ӘДК әскери (арнайы) оқу орнына түсуге жарамсыздығы туралы қорытынды шығарады.

64. Түпкілікті медициналық куәландырудан кейін әскери (арнайы) оқу орындарына түсуге жарамсыз деп танылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің медициналық куәландыру карталары медициналық куәландыру аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей алдын ала медициналық куәландырудың сапасын талдау және жақсарту үшін медициналық құжаттарды жолдаған штаттық емес тұрақты әрекет ететін (гарнизондық немесе госпитальдық) ӘДК-ға жіберіледі.
4. Келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіретін азаматтарды

медициналық куәландыру
65. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтың медициналық куәландыру картасын ресімдейді және медициналық денсаулық сақтау ұйымдарынан 37-тармаққа сәйкес медициналық құжаттарды сұратады.

66. Келісімшарт бойынша Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіретін азаматтарды медициналық куәландыруға дейін:

1). қанды жалпы талдау;

2) мерезге микропреципитация (микрореакция) реакциясы;

3) зәрді жалпы талдау;

4) тыныштықта электрокардиографиялық зерттеу (жүктемеден кейін – көрсеткіштер бойынша);

5) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне дейін үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі;

6) мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенограммасы;

7) В және С гепатиттерінің маркерлеріне қанды зерттеу;

8) АИТВ-инфекциясына қанды зерттеу;

9) қырық жастан асқан адамдарға көздің ішкі қысымын өлшеу, қандағы қантты талдау жүргізіледі.

Зерттеулер медициналық куәландыру басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.

Медициналық көрсеткіштер бойынша алдын алу егулері және қажетті медициналық зерттеулер жүргізіледі.

67. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына (арнаулы мемлекеттік органдардың әскери құралымдарынан басқа) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарды алдын ала медициналық тексеруді тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдардың дәрігер-мамандары: хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, окулист, оториноларинголог, дерматовенеролог, стоматолог, әйелдер үшін қосымша – гинеколог жүргізеді.

Қажет болған кезде психолог тартылады.

68. Түпкілікті медициналық куәландыруды штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық ӘДК немесе қорғаныс істері жөніндегі департаменттер жанындағы ӘДК, жасы 40-тан жоғары адамдарға штаттық емес тұрақты әрекет ететін госпитальдық ӘДК жүргізеді.

Арнаулы мемлекеттік органдарға әскери қызметке, қызметке кіретіндерді медициналық куәландыруды тұрғылықты жері бойынша ҚР ҰҚК-ның штаттық емес тұрақты әрекет ететін гарнизондық ӘДК-сы жүргізеді.

69. Науқастың диагнозын нақтылау үшін азамат медициналық денсаулық сақтау ұйымына (әскери-медициналық мекемеге) амбулаторлық немесе стационарлық тексеруге жіберіледі.

Бұл ретте штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК «Тексерілуге жатады» деген қорытынды шығарады.

Тексеруге арналған жолдамаға денсаулық жағдайын зерттеу актісі, амбулаторлық науқастың медициналық картасы және азаматтың денсаулық жағдайын сипаттайтын басқа да медициналық құжаттар қоса беріледі.

Куәландырылушыны бір ай ішінде медициналық тексеруді аяқтау мүмкін емес кезінде, сондай-ақ тағайындалған медициналық зерттеулер нәтижелерін мерзімінде ұсынбау жағдайында штаттық емес тұрақты және уақытша әрекет етін ӘДК «Қорытынды медициналық куәландыруға келмеуіне (қосымша тексерілмеуіне) байланысты шығарылған жоқ» деген қорытынды шығарады.

Азамат тексерілуден бас тартқан кезде штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК «Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз», «Келісімшарт бойынша арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіруге жарамсыз» деген қорытынды шығарады.

70. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке жарамды немесе талаптарға сәйкес әскер (қызмет) түрлері мен тектеріне байланысты әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды азаматтар келісімшарт бойынша әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіруге жарамды деп танылады.

Мұндай жағдайларда штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-ның әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке жарамдылық санаты туралы қорытындысы «Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамды», «Келісімшарт бойынша арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіруге жарамды» деген сөздермен толықтырылады.

71. Егер Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскер түрлері мен тектерінде әскери қызмет өткеру үшін, әскери-есептік мамандық бойынша оқуға (қызметке), келісімшарт бойынша әскери қызметке түсуге жарамды деп танылған азаматтарға қатысты медициналық куәландыруға жолдамада климаттық жағдайлары қолайсыз аумақтарда әскери қызмет өткеруге жарамдылығын айқындау көрсетілсе, штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК тиісті қорытынды шығарады.

72. Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санаты дербес бағалауды көздейтін науқастар кезінде штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК «Әскери қызметке шектеулі жарамды. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз», «Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке шектеулі жарамды. Келісімшарт бойынша арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіруге жарамсыз» деген әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке жарамдылығы туралы қорытынды шығарады.

73. Медициналық куәландыруда келісімшарт бойынша әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке кіруге кедергі келтіретін жүктілік немесе науқасы анықталған кезде бұдан әрі медициналық куәландыру тоқтатылады және штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК «Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз», «Келісімшарт бойынша арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіруге жарамсыз» деген қорытынды шығарады, бұл ретте әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды шығарылмайды.

Әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке уақытша жарамсыз деп танылған адамдарға қатысты да осындай қорытынды шығарылады.


5. Әскерге шақыру бойынша немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, әскери (арнайы) оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарын, кадеттерді медициналық куәландыру
74. Медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді:

1) мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты – әскери бөлімдердің командирлері (мекемелердің бастықтары), гарнизондардың бастықтары, штаттық ӘДК бастықтары (төрағалары), қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттер бастықтарымен келісу бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) бастықтары, әскери сот немесе прокуратура, тергеу органы;

2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамының адамдарына қатысты – әскери бөлімдер командирлері (мемлекеттік мекемелердің бастықтары), қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары, әскери сот немесе прокуратура, тергеу органы;

3) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың келісімшарт бойынша қызметкерлеріне қатысты – әскери бөлімдер командирлерінің лауазымдарынан бастап, оларға тең және жоғарғы тікелей бастықтар (арнаулы мемлекеттік органдар бөлімшелерінің бірінші бастықтары), әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы;

4) әскери (арнайы) оқу орындарының тыңдаушыларына, курсанттарына және кадеттерге қатысты – әскери (арнайы) оқу орындарының бастықтары, әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы шығарады.

75. Медициналық куәландыруға жолдаманы тікелей командирдің (бастықтың) шешіміне сілтеме жасай отырып, әскери бөлім командирі (мекеме бастығы) немесе Қарулы Күштердің әскер түрі мен тектері кадр органының бастығы, ал арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – бірінші бастықтың шешімі бойынша кадр бөлімшелерінің бастығы береді.

76. Тексеру немесе емдеу барысында мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерде әскери қызметке жарамдылық санатын өзгертетін науқастану анықталған жағдайда медициналық куәландыру әскери-медициналық мекеме бастығының жазбаша өкімі бойынша жүргізіледі.

77. Медициналық куәландыруға жіберілетін адамдарға штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-ға мыналар ұсынылады:

1) медициналық куәландыруға жолдама;

2) медициналық кітапша;

3) әскери бөлімнің (мекеменің) мөрімен бекітілген қызметтік және медициналық мінездемелер.

Қызметтік мінездемеде куәландырылушы денсаулық жағдайының атқарып отырған лауазымы бойынша оның әскери қызмет міндеттерін атқаруға әсері туралы мәліметтер және бұдан әрі әскери қызметшіні әскери қызметте, қызметкерді арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте пайдаланудың мақсатқа сәйкестігі туралы қолбасшылықтың пікірі сипатталады;

Медициналық мінездемеде денсаулық жағдайын динамикалық қадағалау нәтижелері туралы, оның медициналық көмекке жүгінуі туралы мәліметтер, соңғы үш жылда жұмыс істемеген күндерінің саны міндетті түрде көрсетіледі. Медициналық мінездемеде көрсетілген мәліметтер медициналық кітапшаның деректерімен және басқа да медициналық құжаттармен расталуы тиіс;

4) адамдардың әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет міндеттерін орындаумен байланысын көрсете отырып, әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде алған науқастануы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) туралы анықтама.

Адамдар жоғарыда көрсетілген құжаттарсыз медициналық куәландыруға жіберілмейді.

78. Науқастануы бойынша демалыс беру немесе әскери қызмет міндеттерін атқарудан босату туралы мәселені шешу үшін әскери қызметшілерді медициналық куәландыру әскери-медициналық мекеме бастығының (бастықтың медициналық бөлім жөніндегі орынбасарының) жазбаша өкімі бойынша жүргізіледі.

Науқастануы бойынша демалыс беру немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет (әскери қызмет) міндеттерін атқарудан босату туралы мәселені шешу үшін арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, әскери қызметшілері үшін медициналық куәландыру әскери-медициналық мекеме және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органдары әскери-медициналық бөлімшелері бастығының (бастықтың медициналық бөлім жөніндегі орынбасарының) жазбаша өкімі бойынша жүргізіледі.

79. Келісімшарт бойынша әскери қызмет (қызмет) өткеретін әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін медициналық куәландыруды штаттық емес тұрақты әрекет ететін (гарнизондық немесе госпитальдық) ӘДК амбулаторлық немесе стационарлық тексеру басталған күннен бастап үштен он төрт жұмыс күні мерзімінде жүргізеді.

Талаптарға сәйкес әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеруге кедергі келтіретін науқастанулар болған немесе әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте болудың шекті жасына толған кезде медициналық куәландыру госпитальдық ӘДК-да жүргізіледі.

Тексерілу мерзімдерін қысқарту мақсатында амбулаторлық тексерілу мен куәландырылу уақытында әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері лауазымдық міндеттерін орындаудан 3 тәуліктен артық емес мерзімге босатылады.

80. Әскери қызметшіні, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерін стационарлық медициналық куәландыруды науқастану, мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) диагнозы және олардың салдарлары айқын болмауына байланысты көрсетілген мерзімде жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, оны тексеру әскери-медициналық мекеме бастығының жазбаша өкімімен жеті тәуліктен артық емес мерзімге ұзартылады, ол туралы әскери қызметшіні, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерін медициналық куәландыруға жіберген әскери бөлімнің командирі (мекеме бастығы) немесе кадр органы хабардар етіледі.

81. Егер арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшісін, қызметкерін медициналық куәландыру кезінде штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-да ол куәландырылатын мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) немесе науқастану салдары арнаулы мемлекеттік органдарда әскери қызмет, қызмет өткерумен байланысты емес деп тануға негіз болса, онда ӘДК медициналық құжаттаманы және жеке істі сұратады (сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның қызметкері үшін жеке істен үзінді ұсынылады).

82. Талаптарда көзделген науқастанулар кезінде оқуды жалғастыруға жарамдылығын айқындау мақсатында тыңдаушылар, курсанттар мен кадеттер медициналық куәландырылу үшін штаттық емес тұрақты әрекет ететін (гарнизондық немесе госпитальдық) ӘДК-ға жіберіледі.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК оқуды жалғастыруға жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы қорытындысын шығарады (бұл ретте ӘДК қорытындысын шығаруға негіз болған талаптардың тармақтары көрсетіледі).

83. Жасы он сегізге толмаған әскери оқу орындарының, арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарының кадеттері мен курсанттарына қатысты штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК тек оқуға жарамдылығы (жарамсыздылығы) туралы қорытынды шығарады.

84. Оқуға жарамсыз деп танылған жасы он сегізден жоғары әскери (арнайы) оқу орындарының бірінші курс кадеттеріне, курсанттарына (офицер атақтары жоқ тыңдаушыларға) қатысты бір уақытта талаптарға сәйкес олардың әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселе шешіледі.

85. «Әскери қызметке уақытша жарамсыз», «Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке уақытша жарамсыз» деген қорытынды шығарылған кезде бұдан әрі оқуды жалғастыруға және әскери қызметке жарамдылығы туралы ӘДК-ның түпкілікті қорытындысы босату мерзімі, науқастануы бойынша демалысы аяқталғаннан кейін шығарылады.

86. Әскери кафедраларда запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарында оқитын азаматтарды медициналық куәландыруды тіркеу жөніндегі комиссияларының медициналық комиссиялары; қорғаныс істері жөніндегі департаменттер жанындағы ӘДК және гарнизондық ӘДК жүргізеді.

87. Әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет міндеттерін атқару кезінде, арнайы (әскери) оқу орындарында, арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарында мертіккен әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін медициналық куәландыру әскери-медициналық мекемелерде (медициналық ұйымда) емделу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану кезінде емдеу ұзақтығы (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес) белгіленген мерзімдерден асқан қалған жағдайларда әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері медициналық куәландыруға ұсынылады.

88. Әскери қызметшіні, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерін бір әскери-медициналық мекемеден (медициналық ұйымнан) басқасына ауыстыру, науқастануы бойынша босатылған әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің тұрғылықты жеріне ілесіп жүру қажет болған, оның медициналық көмекке және бөгде адамның қамқорлығына мұқтаж болуына байланысты, оқшаулауды және ілесіп жүретін адамдарды талап ететін науқасты көшірген кезде штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК ауыстыру қажеттігі, ілесіп жүретін адамдардың саны және көлік түрі туралы қорытынды шығарады.

89. Әскери қызметшіге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне науқастануы бойынша демалыс беру немесе әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет міндеттерін атқарудан босату туралы ӘДК қорытындысы талаптарға сәйкес әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке уақытша жарамсыздығы көзделгенде шығарылады.

90. Бейбіт уақытта штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК, егер стационарлық емделу және медициналық оңалту жүргізу аяқталғаннан кейін кемінде бір айды құрайтын мерзімде әскери қызметші, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет міндеттерін атқаруға кірісе алса, науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығарады.

Қалған жағдайларда әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерін емдеу әскери-медициналық мекемеде аяқталады, ал штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет міндеттерін атқарудан толық немесе ішінара босату туралы қорытынды шығарады.

91. Бейбіт уақытта әскери қызметшіге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне науқастануы бойынша демалыс (қалпына келтіру емделудің соңғы кезеңі) мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану сипатына және ауырлығына байланысты отыздан алпыс тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

92. Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің стационарлық емдеуде үздіксіз болуының, медициналық оңалту жүргізудің және науқастануы бойынша демалыста болуының жалпы ұзақтығы төрт айдан аспауға тиіс, ол аяқталғаннан кейін штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК әскери қызметке жарамдылық санатын айқындайды.

93. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне, арнайы (әскери) оқу орындарының тәрбиеленушісіне, кадетіне, курсантына, тыңдаушысына науқастануы бойынша демалыс медициналық көрсеткіштері бойынша ұзартылады, бірақ әрбір ретте отыз тәуліктен аспайды. Стационарлық емделуде болу, медициналық оңалту жүргізу және науқасы бойынша демалыста болу уақытын жалпы алғанда төрт айдан, ал туберкулезбен ауыратындар үшін он айдан аспауға тиіс.

Егер көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші, арнаулы мемлекеттік органдарда келісімшарт бойынша қызмет өткеретін қызметкер денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет міндеттерін атқаруға кірісе алмайтын болса, оның емделуде болу мерзімі әскери-медициналық мекеменің қорытындысы негізінде әскер түрлері қолбасшысынан, өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысынан бастап және одан жоғары (арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – кадр бөлімшесіне жетекшілік ететін арнаулы мемлекеттік орган бастығының орынбасары) тікелей бастықтың шешімімен ұзартылады.

Егер әскери қызметшіні одан әрі емдегеннен кейін әскери қызмет міндеттерін орындауға кірісе алатын жағдайларда емдеу мерзімдерін ұзарту жүзеге асырылады. Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет міндеттерін орындауға кірісе алатын болса, сондай шешім қабылданады.

94. Әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерінің емделуде үздіксіз болу мерзімін ұзарту үшін әскери-медициналық мекеменің бастығы әскери қызметші, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері қызмет өткеретін (оқитын) әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына), арнаулы мемлекеттік органдар бөлімшесінің бастығына емделуде болу мерзімін ұзарту туралы қатынас қағазын жолдайды, онда диагнозы, емделуді жалғастыру қажеттігі және алпыс тәуліктен аспайтын оның болжамды мерзімі көрсетіледі.

Әскери бөлімнің командирі, арнаулы мемлекеттік органдар бөлімшесінің бастығы ол туралы өз пікірі мен көрсетілген қатынас қағазын әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері емделуде үздіксіз болу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайтын тікелей бастығына, кадр бөлімшесіне жетекшілік ететін арнаулы мемлекеттік орган бастығының орынбасарына ұсынады.

95. Емделуде және науқастануы бойынша демалыста үздіксіз болудың шекті мерзімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке жарамдылық санатын айқындау үшін медициналық куәландыруға жатады.

96. Әскери қызметші-әйелдерге жүктілігі және бала тууы бойынша демалысты әскери бөлімнің командирі (мекеме бастығы) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімге медициналық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысына сәйкес береді.

97. Штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-ның науқастануы бойынша демалыс беру (демалысты ұзарту) туралы қорытындысы әскери-дәрігерлік комиссия отырыстарының хаттамалары кітабына жазылады және анықтамамен ресімделеді.

98. Осы Қағиданың 89-тармағымен көзделмеген жағдайларда штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет міндеттерін атқарудан жетіден он бес тәулікке дейін босату (бұдан әрі – босату) туралы қорытынды шығарады, бірақ жалпы босату мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс.

99. Мерзімді әскери қызмет өткеретін және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет міндеттерін атқарудан босатылған әскери қызметшілер әскери бөлімнің (лазареттің) медициналық пунктіне (медициналық ротаға), емделуге (сауықтыруға) жіберіледі.

Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты ішінара босату туралы қорытынды шығарған кезде штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК қорытындысында олар босатылған сабақтардың, жұмыстардың, нарядтардың нақты түрлері көрсетіледі.

100. Мерзімді әскери қызмет өткеретін және гаупвахтада ұстаумен қамауға алынған әскери қызметшілерге қатысты ӘДК науқастануы бойынша демалыс беру, әскери қызмет міндеттерін орындаудан босату туралы қорытынды шығармайды. Оларды емдеу әскери-медициналық мекемеде немесе әскери бөлімнің медициналық пунктінде аяқталуы тиіс.

101. Дене салмағының индексі кемінде 18,5 болған кезде тамақтануы төмен мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскери (арнайы) оқу орындарының кадеттері мен курсанттарына қатысты штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК үш айдан аспайтын мерзімге оларға арналып көзделген азық-түлік үлесі нормасының жартысы шегінде оларды қосымша тамақтандыру туралы қорытынды шығарады.

102. Мерзімді әскери қызмет өткеретін бойы 190 см және одан жоғары болатын әскери қызметшілерге, әскери (арнайы) оқу орындарының кадеттері мен курсанттарына қатысты штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК көрсеткіштер бойынша үш айдан аспайтын мерзімге оларға арналып көзделген азық-түлік үлесі нормасының жартысы шегінде оларды қосымша тамақтандыру туралы қорытынды шығарады.

103. Көңіл-күйінің нашарлауына, ашығуды сезінуге, тамақтанғаннан кейін тойғанын сезбеуге шағымдану, сондай-ақ дене салмағының теріс қарқыны болған жағдайларда штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК тәуліктік азық-түлік үлесі нормасының жартысы шегінде оларды қосымша тамақтандыруды ұзарту туралы қорытынды шығарады.

104. Науқастануы бойынша босату (босатуды ұзарту) туралы штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК қорытындысы әскери-дәрігерлік комиссия отырыстарының хаттамалары кітабына жазылады және анықтамамен ресімделеді.

105. Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді науқастануы бойынша демалысы аяқталғаннан кейін, қажет болған кезде, әскери қызметке жарамдылық санатын немесе демалыс ұзақтығын айқындау үшін қайта медициналық куәландыруға штаттық емес ӘДК-ға (әскери қызмет өткерген немесе демалысты өткізген орны бойынша) жіберіледі.

106. Келісімшарт бойынша әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда келісімшарт бойынша қызмет өткеретін қызметі бойынша ауысқан кезде (қызмет түрі мен тегі өзгерген кезде) және келісімшарттың жаңа түрін жасасуға немесе ұзартуға ниет білдірген әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін медициналық куәландыруды штаттық емес тұрақты әрекет ететін (гарнизондық немесе госпитальдық) ӘДК амбулаторлық немесе стационарлық жүргізеді.

Талаптарға сәйкес әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке жарамдылығы дербес бағалауды көздейтін науқастанулар кезінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін солдаттарға, матростарға, сержанттарға, старшиналарға, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қатысты ӘДК: «Әскери қызметке шектеулі жарамды. Келісімшарт бойынша әскери қызметке түсуге жарамсыз» немесе «Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке шектеулі жарамды. Келісімшарт бойынша арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке түсуге жарамсыз» деген қорытынды шығарады.

Талаптарға сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардағы әскери қызметке, қызметке жарамдылығы дербес бағалауды көздейтін науқастанулар кезінде медициналық куәландырудан өтетін офицерлер құрамына қатысты, олардың одан әрі әскери қызмет өткеруінің мақсатқа сәйкестігі туралы қолбасшылықтың қолдауы және науқасы оң болжанған, оң қызметтік мінездеме және әскери қызметті жалғастыруға ниеттенген кезде «Әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды», «Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке шамалы шектеулермен жарамды»деген қорытынды шығарылады.

107. Егер келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші, арнаулы мемлекеттік органдарда келісімшарт бойынша қызмет өткеретін қызметкер, арнайы (әскери) оқу орындарында оқитын курсант әскери есептен шығара отырып әскери қызметке (арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке) жарамсыз деп танылса және босатуды ресімдеу кезеңінде денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) міндеттерін атқара алмайтын болса, штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК оның әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке жарамсыздығы туралы қорытындымен бір уақытта «Қызметтен босатуды ресімдеу үшін қажетті 30 (отыз) тәуліктен аспайтын мерзімге әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) міндеттерін атқарудан босатылуға жатады» деген ӘДК қорытындысын шығарады.

Егер әскери есептен шығара отырып әскери қызметке жарамсыз (арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке жарамсыз) деп танылған келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші, арнаулы мемлекеттік органдарда келісімшарт бойынша қызмет өткеретін қызметкер денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтен көрсетілген мерзімде босатылмаса штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК қайта: «Қызметтен босатуды ресімдеу үшін қажетті 30 (отыз) тәуліктен аспайтын мерзімге әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) міндеттерін атқарудан босатылуға жатады» деген ӘДК қорытындысын шығарады.

108. Климаттық жағдайлары қолайсыз аумақта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеруге (отбасы мүшелері үшін тұруға) жарамдылығын айқындау үшін әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамының адамдарын және Қарулы Күштерде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік органдарда келісімшарт бойынша қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін медициналық куәландыру бірінші бастықтың келісуі бойынша әскери бөлім командирінің, арнаулы мемлекеттік орган кадр бөлімшесі бастығының жолдамасы бойынша жүргізіледі.

Жолдамада әскери қызметші, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері қызмет өткеру үшін жіберілетін немесе қызмет өткеретін нақты жері (аудан, қала, облыс), медициналық куәландырудың мақсаты көрсетіледі.

109. Климаттық жағдайлары қолайсыз аумақта қызмет өткеретін немесе осы аумақтарға қызмет өткеру үшін жіберілетін әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің әскери қызметке жарамдылығы және қызметке жарамдылығы санатын айқындау үшін медициналық куәландыру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік органдары орталық атқарушы органдары бірінші басшыларының бұйрықтарымен бекітілетін Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарында әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеруге (отбасы мүшелері үшін тұруға) медициналық қарсы көрсеткіштер тізбесіне және тиісті ведомствоның нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

110. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарында осы Қағиданы қолдануды нақтылау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және мүдделі ведомстволармен келісу бойынша қорғаныс саласындағы атқарушы органның, ұлттық қауіпсіздік органдары бірінші басшыларының бұйрықтарымен бекітілетін тиісті ведомствоның нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет